Әдебиет пәнінен М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиеті   5-сынып Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев  «Сағындым»  өлеңі Жалпы мақсаты: Ақынның өмір жолы мен шығармаларын таныстыра отырып, “Сағындым” өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер:  А. - Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталып, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашады.   В.-Өлеңді шығармашылық  тұрғыдан талдауға машықтанады, өз беттерімен білім алады.  С.- Жұптаса, топтаса жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға, үйренеді, тыңдауға үйренеді. Сабақ түрі: Аралас  сабақ Сабақтың  формасы: Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық. Керекті жабдықтар Интерактивті тақта, плакаттар, маркер, суреттер,  жұмыс дәптері, Мағжан портреті, оқулық. Сабақтың барысы                     Ұйымдастыру кезеңі:                                                            1. Оқушылармен сәлемдесу; Амандасу тренингі                                                     2. Оқушыларды  топқа бөлу: (1 мин)                                                    3.Топқа бөліну  (хабар  алуға   байланысты)(1 мин)
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің қысқа мерзімді жоспарыӘдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің қысқа мерзімді жоспарыӘдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің қысқа мерзімді жоспарыӘдебиет пәнінен М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің қысқа мерзімді жоспарыАқтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жем қаласы

Жем қалалық №5 орта мектебі Коуч-Итемгенова А.Ж.

Қазақ әдебиеті

5-сынып

Сабақтың тақырыбы:

М.Жұмабаев «Сағындым» өлеңі

Жалпы мақсаты:

Ақынның өмір жолы мен шығармаларын таныстыра отырып, "Сағындым" өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

А. - Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталып, Мағжан өмірі мен "Сағындым" өлеңінің байланысын ашады.

В.-Өлеңді шығармашылық тұрғыдан талдауға машықтанады, өз беттерімен білім алады.

С.- Жұптаса, топтаса жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға, үйренеді, тыңдауға үйренеді.

Сабақ түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың формасы:

Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық.

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, плакаттар, маркер, суреттер, жұмыс дәптері, Мағжан портреті, оқулық.

Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу; Амандасу тренингі

2. Оқушыларды топқа бөлу: (1 мин)

3.Топқа бөліну (хабар алуға байланысты) (1 мин)

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Кіріспе

І. Үй тапсырмасын пысықтау 7 мин

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

-Үйге С.Торайғыров «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын қарасөз түрінде айту.

1. Сұлтанмахмұттың қандай шығармаларын білесіңдер?

2. Ол шығармаларында нені сынады ?

3. Білімді қалай алды?

4. Дүниеден өтуіне себеп болған не?

5. «Шілде» өлеңінің мазмұнын талдау. Тірек конспектісін оқу.

Зейін қою жауапкершілікті сезінуі

Жеке жұмыс

Тұсаукесер

«Ассоциация» 2 мин

Сағыныш

Білу, түсіну аясында сұраққа жауап берді.

Мадақтаулар:

өте жақсы, жарайсыздар,үш шапалақ

Негізгі бөлім

Мәтінмен жұмыс /МИҒА ШАБУЫЛ/

Зерттеу (постер арқылы қорғау) 7мин

І топ Мағжанның өмірі мен шығармашылығы.

ІІ топ Мәтін бойынша көрініс қою (Мағжан өмірінен сахналық қойылым)

ІІІ топ «Сағындым» өлеңін талдап, өз ойларын постерге жазып қорғайды.

«Сағындым» өлеңін аялдамамен оқу 7мин

І топ «Мағжан -елін сүйген патриот ақын» (шағын шығарма)

ІІ топ «Сағыныш» тақырыбында ойтолғау (автор орындығы)

ІІІ топ Өлең құрылысына талдау

Өлеңнің бір шумағына талдау жаса 3мин

Абақтыда// айдан, күннен //жаңылдым, -а

Сарғайдым ғой,// сар даламды// сағындым. -а

"Қарашығым,// құлыным!" деп //зарлаған -б

Алыстағы// сорлы анамды// сағындым -а

Сергіту сәті. 1мин

Дәптерлерін ашып, күннің жадынын,

тақырыбын жазады.

Оқушылар ресурстағы мәтінді талдау жасайды.



Қол шапалақтау

(3 рет қол соғу).

Қорытынды

Шығармашылық жұмыс. 10мин

І топ «Мағжан -елін сүйген патриот ақын» (шағын шығарма)

ІІ топ Ақынның бергенінен берері көп еді. Мәуе төккен жеміс ағашын жайқалып тұрған шағында үсік шалды. Ақын дер шағының шабытты кезеңін айдауда, қуғын-сүргінде, абақтыда өткізді. Ақыры қаза тапты. Олай болса, қазір танысып отырған абақтыда жазған «Сағындым» өлеңінің өн бойынан қандай қасиеттерін байқадыңдар?

- мейірімділік

- бауырмалдық

- қайраттылық

- қайсарлық

- имандылық

ІІІ топ

Рефлексия 3 мин

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім


Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойларын жазады.

Смайликтермен немесе фишкалармен бағалау

Тақырыпты ашуы, Өзектілігі

Рефлексия

Бағалау

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Қандай әсер алдыңдар. 1 мин

Бағалау 2 мин

Жиналған смайликтер арқылы топтарды бағалау.

Екі жұлдыз тір тілек. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Мұғалім қорытынды бағасын қояды.

Қысқаша сипаттама жазады.

Неліктен мұндай баға қойғаны туралы өз ойларын айтып шығады.Кері байланыс.

Үй тапсырмасы

1.М.Жұмабаевтың"Сағындым" өлеңіндегі өзіңді толқытып, тебіренткен жыр жолдарын жаттау.

2.Сағындым» өлеңін басшылыққа ала отырып, өзіңнің анаңа деген сағынышыңды әңгімелеп жазыңыз. 1 мин



© 2010-2022