Ата - анаға арнау

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата - анаға арнау

Сіздерді 50 жас мерей тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір қажымас қайрат, талмас талап тілейміз. Әрқашанда аңсаған армандарыңыз бен көздеген мақсаттарыңызға жетіңіздер дей отыра, мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз.

Құттықтаймыз сіздерді жарты ғасыр тойменен.

Осы тойда би билеп, біз жүрейік әнменен.

Әрқашанда беттеріңіз жайнап жүрсін күлкіге,

Өмірлерің өте берсін ойын - сауық әнменен.

Жұмыс істеп, жемісті боп жетіңіздер биікке.

Еңбек еткен жемістің көріңіздер зейнетте.

Шаңыраққа толсын әркез бақ - береке, ырысқа,

Суымасын өмірлерің жалыны мол шақтың да.

Ақ көңілді, мерейі кең жандарсыздар сіздер ғой.

Жұптарыңыз ешқашан жазылмасын аққудай.

Қатарласып келесіздер бір-біріңнен қалыспай

Асып талай бел - белес биіктерден осылай...

Осы жылдың ішінде көрдіңіздер талайын.

Қуаныш пен қайғыны, ащы менен тұщыны.

Жан - шуақты, жылуды жинап беріп балдарға,

Қызығына еш тоймай, жүріңіздер қартаймай.

Балдай тәтті қылығын көрсетсін талай сіздерге.

Немерелер ер жетіп, шөбереге жеткізсін.

Тойдан - тойға ұласып, біз жүрейік қуанып,

Сіздер болса, ауырмай жүріңіздер қартаймай,

Жора - жолдас, ағайын асқақтасын бұл күні,

Елу жасқа жетті деп, қуанышпен өтсін күн.

Қуанышқа бөленейік біздер қарап сіздерге

Үлкендердің ұлы жолы берсін Алла біздерге.

Ізгі тілек білдірушілер: Қызыңыз Гүлназ, Куйеу балаңыз Амангелды

және жиен немерелеріңіз Аружан мен Алижан

19.11. 2014 жыл


© 2010-2022