М. Жұмабаев «Мен кім», «Қазақ тілі»

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Жұмабаев «Мен кім», «Қазақ тілі»М.Жұмабаев «Мен кім», «Қазақ тілі»М.Жұмабаев «Мен кім», «Қазақ тілі»М.Жұмабаев «Мен кім», «Қазақ тілі»М.Жұмабаев «Мен кім», «Қазақ тілі»М.Жұмабаев «Мен кім», «Қазақ тілі»Сабақтың тақырыбы

М.Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ тілі»

Жалпы мақсаты

Мағжан өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, өлең құрылысына талдау жасады үйрену

Оқыту нәтижесі

Мағжан өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашады, өз бетінше өлең құрылысына талдау жасады үйренеді

Түйінді идеясы

Батыр туса -ел ырысы

Әдіс-тәсілдер

Диалог, жұптық, топтық жұмыс, СТО технологиясы: «Мозайка», «Сұрақтар шеңбері», «Стикерлермен диалог», «Айналмалы бекеттер», «Қалың және жұқа сұрақтар», «Қосжазба күнделік»

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2минут

Үлестірме

лі қағаз

«Мозайка»

Үлестірмелі қағаздарды таратады (ақын, батыр, ұшқыш, суретші сөздері таратылады)

Ұқсас сөздерге қарап, бірін-бірі тауып топ құрайды

1 минут

Жаттығу әрекеті

Мынау менің жүрегім бәрі осыдан басталған,

Мынау басым ақылды бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым. Барлық істі басқарған.

Оқушылар қимылдай отырып, хормен өлең шумақтарын айтады

3 минут

«Стикерлермен диалог»

Үй тапсырмасын стикерлерге жазылған сұрақтар арқылы сұрау:

  1. «Мен қазақ» өлеңі неше буыннан тұрады?

  2. Бунақ саны қандай?

  3. Неше тармақтан құралған?

  4. Шумақ саны нешеу?.

  5. Ұйқасты қалай анықтаймыз?

Әр топтан сұрақтарға жауап береді

5 минут

«Сұрақтар шеңбері»

Әр топтан екі оқушыдан ортаға шеңберге шығады. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Сұраққа жауап бере алмаса, «Мен өткізіп жіберемін» деуі керек. Бірақ тек екі рет солай істеуге болады. Егер екінші рет те жауабын айта алмаса, шеңберден шығарылып, бағасы төмендетіледі.

Диалогті қарым-қатынасқа түседі

1 минут

Ой шақыру

Ақын деп кімді айтамыз?

Шығарманың идеясы деп нені айтамыз?


Бастапқы білімдерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді, ақпарат алмасады.

5 минут

Мәтінмен жұмыс

І топ «Мағжан-ақын»

ІІ топ «Ақын өскен орта» туралы ақпарат толықтырады.

ІІІ топ «Мен кім?»

ІV топ «Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұнымен танысып, өзге топтарға түсіндіреді

Өз ойларымен жырдағы ойдың дөп келген тұстарын, алшақтықтарын салыстырады. Батыр туралы мақал-мәтелдер айтады

5минут

«Айнал

малы бекеттер»

Постерге Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны туралы хронологиялық кесте түсіреді. Өлең мәтінінде айтылған ойды ашатындай мәліметтер жазады.

Сағат тілімен айнала жүріп ұлттық Алпамыс батыр туралы ойларын постерге түсіреді, бір-бірімен ақылдасады, пікірлеседі, ақпарат алмасады, топтық мүддені қорғайды

8 минут

«Қосжазба күнделік»

Маған ерекше әсер еткен өлеңі

Ол туралы менің ойым...



Кестенің сол жағына жырдан ерекше әсер еткен ой бөлігін таңдап алады. Сол жағына өз әсерін жазады

5 минут

«Жүрек кардиограм

масы»



Дәптерлеріне түзу сызық сызады. Жоғарғы бөлігіне қазақ тілі туралы жақсы қасиеттерді жазады. Сызықтың төменгі жағына өздері байқаған жағымсыз қасиеттерін жазады.

3 минут

«Қалың және жұқа сұрақтар»

Ана тілі дегенді қалай түсінеміз?

Тілі жоқ ұлт жоғалар деген ойда не айтылған?

«Мен кім?» өлеңінде ақын не айтқысы келген?

Сен ақын болсаң тіл туралы өлең жазар ма едің?

Қойылған сұрақтарға топта ақылдасып жауап береді

2 минут

Кері байланыс

«Саусақ ізі»

«Саусақ ізі» стратегиясымен сабақтың ұнаған, ұнамаған тұстарына талдау жасау тапсырылады

Әр топ саусақтарын ақ қағазға бастырып, сабақтан не түсінгенін, не үйренгенін, қандай сұрағы бар екенін жазады, талқылайды, ортада оқып береді.

4 минут

Оқыту үшін бағалау

Мұғалім формативті бағалау алдында топ көшбасшыларының бағалауын сұрайды.

Топ көшбасшылары бағалау парағына қойған бағаларын оқиды.

1 минут

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

«Мен кім?» немесе «Қазақ тілі» өлеңін жаттап келеді



© 2010-2022