Тақырып: «Ар-намыс керек адамға»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Өзін-өзі тану" сабағының жоспары

Мектеп«Жаңаталап орта мектебі»

Күні:16.11.2015 жыл

№11

Тақырып: «Ар-намыс керек адамға»

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер:, сөзбен, не болмаса іспен зиян келтірмеу, әлеуметтік, әділеттік, адам құқығы, жақсы азамат болу т.б

Мұғалім:Құлжанбекова.А.Н.

Сынып: 9 сынып

Оқушылар саны: 13

Мақсаты:Оқушыларға ар, намыс, абы рой туралы түсініктерді насихаттап, қиянат жасамау құндылығын дамыту.

Міндеттері:

Білімділік: ар, намыс, абырой ұғымдарының мәнін ашу;

Дамытушылық:оқушы бойында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жақсы азамат болуына ықпал ету;

Тәрбиелік:оймен, сөзбен, не болмаса іспен зиян келтірмеу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

слайдтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын «Нұрға бөлену» тыныштық сәтімізді бастайық.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға , тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады,

туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға жақсы тілек тілеңіз, олардың да жүрегі де нұрға толсын.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын», ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Көздеріңізді жайлап ашыңыз.

Сұрақ:

1.Осы тыныштық сәтінде қандай күйде болдыңыздар?

2.Айналаңа, жақындарыңа, туыстарыңа, достарыңызға, өзіңізге жақсы тілек тілеудің әсері қандай болды?

Түйін.

-Ендеше әрқашан бір бірімізге жақсы тілектерімізді жалғастыра отырып, бір бірімізге сүйіспеншілікпен қарап, әрқашан қарым -қатынасымызды дұрыс әрекеттер арқылы қиянат жасамай, ішкі тыныштығымызды сақтайық. Ол бізді бақытқа жеткізеді.

Ескерту

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар өткен аптада берілген үй тапсырмасын пысықтап өтейік. Баубек Бұлқышевтің әңгімесінен үзінді оқып келу болатын.
...Жау оғының астында қасқайып күлісіп тұрғаншығыс адамдарын жаным сондай сүйеді. Асылы, біздің халық намысқой, «өлімнен ұят күшті» дейтін халық қой. Ел намысы үшін өлген ер өлімі бізде қадірлі,сондықтан біз өлімнен намыс жоғары дегенді жау оғының астында да қайталап айтамыз.
Мықты бол, Шығыс ұлы!

Сұрақ:
1.Әңгімеде не туралы айтылған?

2.Ар, намыс, ұят ұғымы туралыне айтуға болады?

3.Кезінде бастарынан өткен бір оқиғалардан өз ісіне қатты ұялған кездерін болды ма?
4.Адамның өз арын адал сақтауына қандай құндылықтар көмектеседі ?

Түйін:

Адам бойындағы бұл қасиеттеротбасындағы тәрбие мен білім арқылы қалыптасады. Сонымен қатар ата-баба дәстүрі арқылы да келеді.

Ар,намыс, абырой адамның жан дүниесі,бұл қасиеттер әр адамзаттың Отан, отбасы, ұлты алдындағы борышы кезінде көрінеді.Сондықтанбір-бірімізге қиянат жасамай әрқашанда ар-намысымызды жоғары қояйық.

3.Жағымды ой пікір.

Дәйексөз. «Ұят- ар сақтайды, арлыны ел мақтайды»

Халық мақалы.

Осы сөздің мағынасын ашып көрейік. Ар, ұят адам баласының дүниедегі ең асыл, ең киелі ұғымы, ендеше осы бір ұлағатты ұғымды бойымызға сіңіру біздің борышымыз.Бұл қасиеттерді бойымызға сіңіру , біздерді адамгершілікке жат әдеттерден сақтап, әділ, адал болуға жеткізеді.

Есімізде сақтап қалу үшін бәріміз бірге үш рет қайталайық та ,дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық.

Сұрақ.

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер?

2. Адам өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау керек дегенді қалай түсінесіңдер?

Түйін.

-Міне, балалар Бақытты өмір сүргісі келген әр адам ойын, сөзін және ісін ар-ұят арқылы көрсете білсе, өзіне де, өзгеге де қиянат жасамайды.

4. Оқиға айту .(Мұғалімнің сыйы.)

Бүгінгі сабағымызға байланысты мен бүгін сіздерге мынадай бір әңгімені айтып берейін. «Батыр Бауыржан туралы бір үзік сыр»

«Соғыс өртi арасында жүргенде аты шығып, абыройы арта түскен Бауыржан Момышұлы соғыстың алдыңғы шебiнде жүрiп те қазақтың намысын қолдан бермеген азаматтығы, әсiресе, сол кезгi бiр оқиғада ерекше көрiнедi. Бiрде басшылық даңқы жер жарып тұрған әскери құраманың қазақ офицерлерiн жаңа әскери бөлiмдер дайындау керек деген сылтаумен елге жiберiп, олардың орнына басқа ұлттың офицерлерiн әкелiп, Панфилов дивизиясының жақсы атын өздерi иемденбек болады. Сол жиналыста басқалар не дерiн бiлмей отырып қалғанда Бауыржан Момышұлы «Бiз ешқайда бармаймыз, осы жерде майдан алаңында, Отан алдындағы борышымызды өтеудi жалғастыра беремiз» деп басшылықтың шешiмiн iске асырмай тастайды»

Тағы да бірде

« Осы бiр сұрапыл жылдары Бауыржан Момышұлы туған халқының болашағын ойлап қоғамдық қайраткерлiк көрсете бiлдi. 1943 жылы наурыз айында Қазақстанның Халық комиссарлары кеңесiнiң төрағасы Нұртас Оңдасыновқа: «Жiгiттi жауынгерлiк қасиеттерге тәрбиелейтiн қазақтың игi дәстүрлерi. Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер бүгiнгi таңда қайта салтанат құруға тиiс»,- деп өз ұсыныстарын жазып хат жолдайды.»

Сұрақ.

1.Үзіндіде адам бойындағы қандай қасиеттер әңгімеленген?

2.Не себепті ар-намысқа жүгінеміз?

3.Бауыржан атамыздың осы ойларынан адамның ар-ұжданына қиянат жасамау туралы қандай ой түюге болады.

3.Қиянат жасамау құндылығының адам өмірінде маңыздылығы қандай?

Түйін.

олай болса балалар, Абай атамыздың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады» дегендей әрқашанда ар мен намысымызды жоғары қояйық, ар намысы жоғары болған адам ешқашан қиянатқа бармайды.

5.Шығармашылық жұмыс.

Орындалысы: оқушылар үш ауылға бөлінеді «Абай «ауылы,

«Шәкәрім» ауылы, «Батыр Бауыржан» ауылы.

Тапсырма үш ұлы тұлғалардыңшығармаларынан ар, намыс, абырой туралы айтқан өсиеттері мен дәйексөздерін немесе өлең жолдарынан мысалдар кетіріп, дәптерге жазу.

Абай:

«Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат-жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын.
Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.»
Шәкәрім:

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,

Арға ие адамның соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,

Өтірік өсекті бір жола қойыңдар.

Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.

Бауыржан:

«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен»

«Намысынды нанға сатпа»

Сұрақ.

1.Нақыл сөздер мен өлең жолдарында не айтылған?

2.Адам бойындағы қандай құндылықтарды меңзеп тұр?

Түйін.

Ендеше балалар, әр адамның бойында ар,намыс,абырой болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрімізді, ана тілімізді құрмет тұтайық,қиянат жасамайық. Бұл да - ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі екенін есімізде сақтайық.

6.Топпен ән айту.

Ән "Жақсы адамдар. Сөзі С.Қалықовтікі

1) Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі,
Пенделіктен өресі аспағандар.
Қайырмасы
Жақсы көрем сондықтан мен сендерді,
Менде бір сәт көтеріп еңсемді енді.
Сендер салған адамдық ардың жолы,
Болашаққа көрсетіп берсем болды.

2) Жақсы көрем сендерді мен неліктен?
Мінезіңмен мызғымас ерге біткен.
Адамдықтың алдында аласарып,
Биік тұрған қашанда пенделіктен.

Сұрақ.

  1. Ән не жайында?

Түйін.

Ендеше, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойымызға сіңірген, рухы биік адамдар қатарынан табыла білейік.

Үй тапсырмасы.

1.33- бет, №12 сабақ

2.Дәптермен жұмысты аяқтау

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.(баяу музыка ойнайды)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Мен музыканы қосқанда бәріміз жүрегіміздегі таза, пәк сезіммен, қиял әлеміне аттанамыз.

Қорытынды.

- Балалар бүгінгі сабағымызда қандай қасиеттер мен құндылықтарды үйрендік?(сүйіспеншілік, дұыс әрекет жасау,қиянат жасамау)Бүгінгі сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізді сақтайды деген ниеттемін. Ол бізді сүйіспеншілікке, дұрыс әрекеттер жасауға, біреуге қиянат жасамауға көмектеседі.

Бүгінгі сабағымызды А. Калетаевтің мына өлең жолдарымен аяқтасақ деймін
«Намыс нардың көтереді жүгін де,
Намыс ерлік еңіреген бүгінде.
Намыспенен жүріп өтсем тағдырды,
Өшпестей боп қалар менің ізім де».

Ал, балалар келесі сабаққа дейін демалайық.



© 2010-2022