• Преподавателю
  • Другое
  • Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден-бір құралы (БАЯНДАМА)

Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден-бір құралы (БАЯНДАМА)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





ОЗЕРНЫЙ ОРТА МЕКТЕБІ



















Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды

жан-жақты дамытудың бірден-бір құралы

(БАЯНДАМА)





















2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ



Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден - бір құралы

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Сонымен қатар отбасы сүйіспеншіліктің мектебі болғандықтан, онда әрбір адам: әйелі мен ері, әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола жүріп, сүйіспеншіліктің әр түрлі өлшемдерін танып біледі, адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де, берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік - шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-анамен бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады. Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі - оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне жанұяға, мектепке де көптеген реніш әкеледі. Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек.

Бірінші сынып балаларына оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызыушылығын жойып жібереді. Ата-анабаласыныңкейбірмәселенібілмей, шешеалмайжатқанкезінде оны кекетпеуікерек, себебіолбаланыңалғашқықадамдары. Егер бала ата-анасыныңсабақдайындаубарысындақиынмәселелердішешугекөмектесетінінбілсе, олардысыйлаушылығыартады. Төменбағаалса, оларданұялыпқысылады. Сөйтіп, келесіжолыжақсыбағаалып, ата-анасынқуантуғатырысады. Ата-ананыңкөпқателесетінмәселесі, олмұғалімніңбіріншісыныпоқушыларынақоятынбағажөнінде. Кейбірата-анабаласын тек ғана «4» пен «5» алуытиісдеп те айтады. Мұныестіген бала ата-анасыныңжазалауынанқорқып «2» немесе «3» бағасытұрғанкүнделіктіңбетінжыртуға, бағанытүзетугенемесебасқашажолдарарқылыолардыалдауғабарады. Солсебептіата-анабағабаланыңоқуындағымаңызды, бірақбастымәселеемесекендігінбілулерікерек. Тек жақсыбағаүшіноқығанбаладатанымдыққызмет пен қызығушылықтыңжақсыдамуыекіталай. Соныменқатар бала өтірікайтуға, тек өзінепайдалыжаққағанаәдістенуге, жағымсызқылықтарғаүйренеді. Ата-анабаласыныңсабақдайындаубарысындақиынмәселелердішешеалмайжалғызқалуынажолбермеуікерек. Егербаласы «2» алса, оныңсебебінбіліп, оны тез арадажоюшараларынқолдануыкерек. Үштікбағамен де қанағаттанғаныдұрысемес. Бұлбаға да баланыңбіліміндегіолқылықтыкөрсетеді. Солсебепті «2» мен «3» дегенбағаоқушығакөмеккерекекендігіжөніндегіхабарламаболыптабылады. Ата-анабаланыңүйдежасайтынөзіндікжұмысынақажеттіжағдайжасауыкерек. Бала өзоқуыныңтуған-туыстарыүшін аса маңыздыекенінтүсінуітиіс. Ата-анабаланыңбойыналайықтыүстел, кітапсөре, оқуқұралы, қалам, қаражәне түстіқарындаш, өшіргіштағыбасқа да құрал-жабдықтары бар оқушыбұрышынжасауыкерек.Оқуғабарғанкүнненбастап бала үйгебелгілібіруақыттасабақдайындауыүшінкүнтәртібіболуытиіс. Бала сабақдайындағандабөлмедетыныштықболғаныжөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесініңоныңоқуынаүлкенмәнберетінінбайқайды. Үйдесабағынтамақішетінүстелдедайындайтынбалалар бар. Мұндайжағдайдаата-анасабағыңдыүстелдіңүстіненбасқажаққаалып кет, не қоятұрдепұрсады. Тамақішіпболғансоңата-анателедидаркөреді, сабақдайындауғақолайлыжағдайыболмаған бала да соларментеледидаркөріп, ұйықтайды. Ертеңгікүніәринесабақдайындамаған бала «2» дегенбағаалыпкеледі. Сөйтіп, сабақоқуынажағдайжасалмаған, мәнберілмегенбаланыңсабақоқуғақызығуыбірте-біртеазаяды.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін біртіндеп өзгере бастайтындығын түсіндірді. Ересектік кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

Л.Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыны қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы - отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату.

М.Жұмабаев «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде «Жас бала - жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде «Тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын ізгілігі мен XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айқын көрсетілген.

Бала тәрбиесі - өмірдің ең өзекті мәселелерінің бірі. Қай кезде болсын отбасы бала тәрбиесінің мәселелері назардан тыс қалған емес. Бұл туралы аса көрнекті педагог В.Сухомлинскийдің мына ойын айтуға болады: «Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы».

Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі. А.С.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-аналардың өздеріне талап қойып, өз отбасын қадірлей білу, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекер емес. Сондай-ақ О.Кунц «Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады» деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың мына жағдайды ескеру керектігін айтады: білім, отбасы ахуалы, педагогикалық такт және талап қоюшылық, ата-аналар мен балалардың идеялық тұлғасы, ата-аналар әрекет бірлігі.

В.И.Дальдің «Тәрбиеші тәрбиеленушісін қандай жасағысы келсе, өзі сондай болуы шарт» - дегеніндей, осы зор мұраларымызды ата-аналар балаларға үйрете жүріп, үйренгені дамыған елдің ұрпағын баулитын отбасының даналығының арта беретіні сөзсіз.Ал Пинттің пікірінше, ата-аналар балаға жақсы тәрбие беруі үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез-келген ата-анаға педагогикалық такт қажет. Олар балаларды суықтап қалудан, әртүрлі аурулардан қорғап, алдын алып жүреді де дөрекі сөздер мен әрекеттер арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді дей келе, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, елестету, педагогикалық такт және ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуын ұсынады.

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиені ірге тасы ата-ана арқылы отбасында қаланады.

Е.Ильиннің «...оқушылардың рухани дүниесін дамытпай, білім беру қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу нысаны - оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып рухани адамгершілікке тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалады» дегені мәлім. Ал Макаренко: «Тәрбие - баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде»,- деген ғой. Сондай-ақ оның бала саны және бала тәрбиесі туралы ақыл ойларының әлеуметтік және педагогикалық мәні өте зор. Ол өзінің «Ата-аналар үшін кітап» атты еңбегінде қоғамдағы көкейкесті мәселелер қарастырылған.

Г.Песталоцци бала дамуындағы тәрбие жұмыстарының рөлін жоғары бағалап, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастыру қажеттілігін атап көрсеткен. Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтасын көздеді. Ежелгі грек ғалымы Платон «ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған.

В.Г.Белинский «Тәрбие - ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім - есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Ал, Коменский «Тәрбиені мойындамау - адамдардың, жанұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы»,- деген пікір білдірген. Біздің мақсатымыз - оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек «Оқушы - жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да артық душар».

Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазақ халқында баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөлді атқарған, оның негізі - ұлттық салт-дәстүрлер болған екен. Бұған ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген астарлы ойы дәлел.

Отбасы-некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысының ортақтылығы мен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы әлеуметтану үрдісі жүзеге асады, балалар азаматтық кәмелетке толғанша тәрбиеленеді, қоғамның еңбекке жарамсыз қарт мүшелеріне қамқорлық жасау міндеттемесі іске асырылады. Отбасы сондай-ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ошағы және маңызды тұтынушылық бірлік әрі негізгі элементтік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Отбасы өмірінің материалдық жағы табиғи биологиялық және шаруашылық - тұтыну қатынастарынан тұрады, рухани жағы - қоғамдық-экономикалық жүйенің, қоғамдық қатынастардың сипатымен, мәдени-даму дәрежесінің ерекшеліктерімен, ұлттық әдет-ғұрып үрдісімен сипатталады.

Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» бола алады. Онда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делінген. Конвенцияда әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту; адам құқығын құрметтеу; баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу; баланы еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлт аралық қарым-қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау; қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеу жүзеге асырылуы керектігін ұсынады.

Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Л.Лысенко, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Ж.Әбиев және т.б. тарапынан зерттеліп келді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық ділді ескере отырып қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге тырысады. Философ Р.Нұрғалиев өзінің сөздігінде «отбасы - ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға негізделген әлеуметтік қауымдастықтың түрі» деп көрсетсе, ғалым Қоянбаевтар өздерінің педагогикалық еңбектерінде «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы» деп анықтама береді. Отбасының типтері, оның қызметтері, психологиялық ауан мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы ондағы бала тәрбиесіне өзіндік әсерін тигізеді.

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, құштар болып өсуі, сонымен қатар туған халқы мен Отанына адал болып өсуі ең жоғары тілек, биік мақсат болып келген. Оның қуат алар қайнар бастауы - отбасы. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді. 1. Отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді. 2. Әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған тәрбиелік шаралар арқылы әсер етеді. Бұл, көбінесе, отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады. Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет. Осы тұста Ресей ғалымы А.Пинт «Ата - аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек өзгерістерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтер секілді кез-келген ата-анаға да педагогикалық такт өте қажет. Олар балаларын суықтап қалудан немесе әр түрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де, өздерінің дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді» дей келіп, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, педагогикалық елестету, педагогикалық такт және ұйымдастырушылық қабілеттердің болуын ұсынады.

Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудің бүгінгі күнгі бірден-бір ошағы - мектеп. Бұл, ең алдымен, ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыру бүгінгі сынып жетекшісінен терең білімділікті қажет етеді. Дегенмен, бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың «тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара бірлігін нығайту өте маңызды. Ал тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық, бірлік және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады. Біріншісі, отбасының мектеппен бірлесе әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата- аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектептерге оқуға береді. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының өзара бірлігінің нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын кіріктіру және т.б. жүзеге асырылады. Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлылықпен қарауы орын алуда. Бұл күнкөріс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысқа келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне қатысты аз оқитындығы және т.б. арқылы айқындалады. Өкінішке орай, зерттеу барысында көптеген сынып жетекшілерінің, әсіресе, жас мамандар арасында ата-аналармен жұмыс жүргізуге дайындықтың төмен екендігі айқындалды. Жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындауға аса көңіл бөлінгенмен, олардың сынып жетекшісі ретіндегі қызметіне, соның ішінде отбасы тәрбиесін жетілдіру мәселелеріне дайындығы назардан тыс қалып отырады. Бізге жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен сауалдама жүргізу арқылы отбасы тәрбиесінің жағдайы қаншалықты назарда алынғандығын білу қиынға соқпады. Онда көптеген сынып жетекшілерінің отбасы тәрбиесін жетілдіру арқылы мектептегі тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз етуге назар аудармайтындығы байқалды. Тақырыптық ата-аналар жиналысы жүйелі өткізіліп тұрмайтындығы, ата-аналар жиналысынан тыс олармен байланыстың болмайтындығы, тіпті тәрбие жұмысында басқа да тәрбие мекемелерімен ынтымақтастықтың орнатылмайтындығы анықталды. «Сіз мектеп тарапынан отбасы тәрбиесін жетілдіруде қандай көмек болғанын қалайсыз?» деген сұраққа ата-аналар тарапынан әр түрлі жауаптар алдық. Онда олардың кейбірі «мектептерде ата-аналарға арналған отбасы тәрбиесін жетілдіруге байланысты мамандар кеңесі немесе дәрістер ұйымдастырылып тұрса» десе, кейбір ата-аналар «Баламызға сапалы білім беріп, жақсы тәрбиелесе болғаны» деп жауап берген. Шындап келгенде, сапалы білім мен жақсы тәрбие беру ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын тәрбие беру ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі үрдіс. Ол тек мектеп мұғалімінің жұмысының нәтижесі ғана емес, ата-ананың да отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты. Өкінішке орай, мұны ата-аналар арасында мектеп мұғалімдерінің міндеті деп санайтындары да жоқ емес. Сұрақ-жауап нәтижелері ата-аналардың отбасында бала тәрбиесінде бірқатар қиыншылықтарға кездесе отырып, мектеппен ынтымақтастықта бірлесіп әрекет жасауға талпынбағанын көрсетеді. Сұраққа жауап берген ата-аналардың арасында бірқатары жазалау әдісін қолданатынын (ұрып-соғу) жасырмаған, тіпті, олар осы әдісті қолдану тәрбиеде нәтиже береді деп есептеген. Жоғарыдағы мәліметтерден ата-аналардың отбасы өмірін ұйымдастыруда, баланы тәрбиелеудегі әдістерді тиімді қолдану мен ізгілік қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсінуде және т.б. мәселелер төңірегінде көмекке мұқтаж екендігін байқау қиын емес.

Мұндай жағдайлардың тәжірибеде көрініс беруінің бірден-бір себебі, отбасы тәрбиесінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі көзқарастары мен білім деңгейлерінің әр түрлілігі болып табылады. Оның үстіне кейбір мектептердегі ата-аналар жиналысының өзі талапқа сай өткізілмейді. Ұзақ жылдар бойы көптеген мектептердегі ата-аналар жиналысындағы күн тәртібінде қаралатын мәселелер өзгеріссіз: балалар бағаларын ата-аналарға хабарлау мен мектеп мәселелерін шешудегі қаржы мәселесіне арналып келетіні жасырын емес. Осы жерден ата-аналардың жиналысқа қатысуының міндетті емес екендігі келіп шығады. Егер ата-аналардың ол жиналыстан алары мол, әсері елеулі болса, мұндай мүмкіндікті жібермесі анық болар еді. Осы тұста отбасы тәрбиесін жетілдірудің бірден бір жолы- ата-аналардың бала тәрбиелеудегі педагогикалық сауатын жетілдіру. Отбасы тәрбиесін жетілдіру мен ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеруде атқарылатын негізгі қызмет бүгінгі сынып жетекшісінің еншісіне тиеді. Ол үшін сынып жетекшілері отбасы тәрбиесі бойынша терең білімі бар ата-аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыра алатын білікті маман болуы тиіс. Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың жоғары деңгейінен көрінетін, оның барлық талаптарына жауап беретін және өзінің кәсіби қызметінде шығармашылықпен еңбек ететін маман болуын талап етеді. Отбасы тәрбиесін жетілдіруде мектеп пен жанұя бірлігін тиімді ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс: тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы тәрбие институттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін ықпалдастыру; мектеп отбасындағы педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасау; мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін, бастамашылдығы мен шығармашылдығын арттыруды демократияландыру. Бұл қағидаларға сүйене отырып жұмыс жүргізу анағұрлым тиімді. Ресей ғалымы Ш.Амонашвили педагогикалық үрдісті ізгілік тұрғыда ұйымдастыра отырып, тәрбие отбасында өз жалғасын табуы үшін ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру мен тәрбие тәжірибелерін алмасуда ата-аналарды отбасындағы бала санына қарай топтап жинаудың тиімді екендігін айтады. Мұндағы ерекшелік- отбасында көп бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен жалғыз бала тәрбиелеп отырған ата-аналар арасында болатын әңгіменің бірдей болуы мүмкін еместігін және ондай отбасыларындағы мәселелер де әр түрлі болып келетіндігі дәлелденген.

Мектеп тарапынан отбасы тәрбиесін жетілдірудің бірден-бір жолы - ата-аналар жиналысында дәрістер оқу. Ондағы тақырыптар сынып оқушыларының жас ерекшеліктерінен туындайтын мәселелер мен оның алдын алудың жолдарымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, 5-9 сыныптар арасындағы оқушылардың ата-аналары өз балаларының өтпелі кезеңде екендіктерін жақсы білуі және ол кезеңдегі тәрбие жұмысының қиындығын да білуі керек. Ол кезеңге келгендігін, ол кезең балалар қалыптасуындағы маңызды да ең қиын кезең екендігі туралы дәріс оқылуы керек. Егер ата-аналар жиналысындағы әрбір тақырыптар бала дамуымен байланысты таңдалып отырса, бала тәрбиесінде ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеруге мүмкіндік алу тиімді болады. Мұндай жұмыстар ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығын арттыра түседі.

Сынып жетекшісінің ата-аналар жиналысында оқитын тақырыптық дәрістері мынадай болуы мүмкін: - отбасы және оның бала тәрбиесіндегі рөлі; - отбасының негізгі функциялары және оның бала тәрбиесімен байланысы; - бүгінгі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері; - балалардың өтпелі кезеңдегі психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері; - отбасындағы өзара түсінбеушіліктің тұрмыстық-адамгершіліктік негізі; - отбасындағы ата-аналардың абыройы және оның тәрбиедегі мүмкіндігі; - отбасында бос уақытты ұйымдастыру және демалыс; - бала тәрбиесіндегі ата-әженің, ана мен әкенің алатын орны; - отбасындағы қарым-қатынас және психологиялық ауан; - отбасындағы салт-дәстүрлер мен сенімдердің тәрбиелік мүмкіндіктері; - отбасында балаларды еңбекке дайындау; - балаларды отбасында салауаттылыққа тәрбиелеу және т.б.

Мектептегі білім беру мен тәрбие үрдісінің отбасындағы жалғасының бір көрінісі - үй тапсырмаларының орындалуы және тәрбие талаптарының сабақтастығының қамтамасыз етілуі. Осы тұста кездесетін негізгі қиыншылық әрбір ата-ананың отбасында бала сабағының дұрыс орындалуына бағыт беруге қабілетті еместігінде. Бұл қиыншылықты жеңу де сынып жетекшісі қызметінің шығармашылық сипатымен байланысты шешіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ата-аналар жиналысында пән мұғалімдерінің талаптарын тыңдау мен ата-аналарға үй тапсырмаларын орындауға бағыт беру бойынша кеңестер береді. Бұл, әсіресе, төменгі сынып ата-аналары үшін өте тиімді, оның үстіне бұл пән мұғалімдері мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, екі жақты жауапкершілікті арттыра түседі.

Отбасы тәрбиесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын жұмысты сынып жетекшісі отбасын зерттеуден бастайды. Өйткені, тәрбие мүмкіндігі әр түрлі отбасыларында жүргізілетін жұмыста әр түрлі ұйымдастырылуы тиіс. Мәселен, отбасының әр түрлі ерекшеліктері, атап айтқанда, ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасы, ондағы психологиялық жағдай, қоғамдық пікірлер мен көзқарастар бағыты балалардың жеке басының қалыптасуына өзіндік әсер етеді. Ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізу үшін ата-аналардың мінез-құлқы мен бала тәрбиесіндегі көзқарастарын білу де аса маңызды. Бала тәрбиесіндегі отбасы мүмкіндігін зерттеп білген соң біртіндеп олардың көзқарастарын зерттеуге жағдай жасау қажет. Бүгінгі күні мектеп пен отбасының немесе мектептің отбасына ықпал етуінің негізгі формалары: ата-аналар жиналысы, мектептегі ата-аналар күндері, әкелер мен аналар конференциялары және т.б. Отбасындағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым-қатынас жүйесін зерттеуде әрбір ата-анамен жеке дара жұмыс жүргізілуі шарт. Ата-аналар жиналысында баланың жеке басының дамуына қатысты барлық ғылымдар саласы (психология, физиология, гигиена, педагогика және т.б.) интеграциялық бірлікте қарастырылып отыруы керек. Ата-аналар жиналысы мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Көптеген ғалым-педагогтер (Т.Сангинова, И.Тилябова және т.б.) ата-аналар жиналысында тақырыптық баяндамалардың оқылуын, бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің бірге талқылануын ұсынады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір орын алып отырған кедергілерді бірге жоспарлауға болады. Қорыта айтқанда, мұғалім мен ата-аналардың арасында өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы жақсы нәтиже береді.

Осылайша біртіндеп педагогикалық оқулар ұйымдастыру арқылы олардың көзқарастарына әсер ете отырып, тәрбиеде ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Оларды мектепішілік жұмыстарға біртіндеп араластыра отырып, олардың көп жылдық бала тәрбиесіндегі педагогикалық тәжірибелерін жас отбасылары білімін жетілдіруде тиімді пайдалануға болады. Мұғалім кадрлардың отбасы тәрбиесі мәселері бойынша білімін жетілдіру мұғалім кадрлар біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында оқытылып, ата-аналармен жұмыс жүргізудің әдістемесі насихатталуы тиімді болмақ. Өйткені мектеп пен отбасы және қоғамдық тәрбие мекемелері тәжірибелерін ықпалдастыру негізінде бірлескен шығармашылыққа жетуге әбден болады.


Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Озерный орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Каримова Орунтай Хабибулиновна











© 2010-2022