Сабақ Үйлену салтына байланысты туған жырлар

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСабақ Үйлену салтына байланысты туған жырларСынып: 9: пәні: қазақ әдебиеті: күні: _________

Сабақтың тақырыбы:

Үйлену салтына байланысты туған жырлар, көңіл- күйін білдіретін өлең -жырлар.

Сабақтың мақсаты: а) тұрмыс- салт жырларының халық өмірімен тікелей байланыстығын көрсету, жаңа материалды меңгерту.

ә) оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау мен жазуын дамыту, сыни көзқарастарын қалыптастыру, өз ойын сыни тұрғыда шерте білуге дағдыландыру.

б) оқушыларды сабақ барысы бойынша жан-жақты тәрбиелеу. Зерделі ұл, зейінді қызды сынай білетін халықтың тұрмыс- салт жырларының тәрбиелік мәнін ашу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: RWCT стратегиялары

Пәнаралық байланыс: тарих, фольклор, ән, театр

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, сабаққа қатысты сөздер жазылған плакаттар,

Кезеңдері

Сабақ барысы

I фаза.

Қызығушылықты ояту сатысы

1. Амандасу, кезекшілік

2. Сабақтың мақсатын айту. Топпен жұмыс. Екі және іштей микро топтарға бөлінеміз.

Үйге берілген тапсырма.

Инсценировка «Тұсаукесер». 1- топ.

Инсценирвка «Бесік жыры». 2- топ.

Тұрмыс салт жырларының тағы да қандай түрлерін білесіздер?

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақжолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сынар

(Халық өлеңі)

«Мұң-шер өлеңдерінің» аса көп таралу сыры сол арқылы жекебастың, отбасының, ауыл-аймақтың, рулы елдің қайғысы жырланады... жалпы мағынасы, тұрақты образдар жүйесі, ортақ қайғылы сарыны, ой-түйіні орайлас боланымен, «мұң-шер жырларының» әр саласының, әр өлеңінің өзііндік ерекшелігі болады. Өйткені олар белгілі жағдайда, белгілі оқиғаға байланысты шығарылады.

(М. Әлуезов. «Қазақ халқының эпосы»)

Осы екі үзінді тұрмыс - салт жырларының қандай түрлеріне жатады деп ойлайсыздар?

II

Мағынаны тани білу сатысы

Макро және Микро топтармен жұмыс. Сыныпта неше оқушы бар, соны екі үлкен топқа бөліп отырғызу.

I топ II топ

Көңіл- күйін білдіретін өлең -жырлар

Үйлену салтына байланысты туған жырлар

қоштасу

тойбастар

беташар естірту, көңіл жоқтау

жар-жар айту

сыңсу

Содан кейін I макро топтағы оқушылар 4 микро топқа бөлініп, (неше оқушы болады, соны төртке бөліп, қағазшалардағы мәтін тақырыбын таңдайды, қай мәтін тақырыбы келсе, тойбастар, жар жар, беташар, сыңсу соны оқиды) оқулықтағы өз мәтінін тауып іштей оқиды.

I I макро топтағы оқушылар 3 микро топқа бөлініп, (неше оқушы болады, соны төртке бөліп, қағазшалардағы мәтін тақырыбын таңдайды, қай мәтін тақырыбы келсе, қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау соны оқиды) оқулықтағы өз мәтінін тауып іштей оқиды.

(бұл жұмысқа 5 минут беріледі)

Топпен жұмыс. (оқығандарын ортаға салу, бір бірлері өзара білім алмасады. )

Енді екі топтан бір бірлеп спикерлер шығып, өз оқығандарын ортаға салады, қалғандары жаңа материалды дәптерлеріне түртіп алып отырады.

Енді білімдеріңді бекіту мақсатында мына партада жатқан қағаздарда бүгінгі өткен тақырыпшаларың туралы жазылған. Сіздер не туралы жазылғанын табуларыңыз керек.

Қағазшалардағы тапсырмалар:

Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің түрі? Тойбастар

Тойбастардан кейін ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші түрі, және де бұл өлеңді қыздар жағы бір бөлек және ұлдар жағы бір бөлек бөліп айтысады? Жар жар

Жаңа түскен келінге арналып айтылатын жыр қалай аталады? Беташар

Бұл өлең ұзатылатын қыздың ағайын -туыс, ел-жұрт, әке-шешемен қоштасып, жылай түрде айтылаты жыр? Сыңсу

Белгілі бір қайғылы жағдай басқа туғанда халық еліне, жеріне, ағайын-туысқанына осы өлең жолдарын арнаған. Бұл жыр қалай айтылады? Қоштасу

Қазақтың ертедегі салт-дәстүрі бойынша, жеке адамның, кейде бүкіл елдің басына түскен ауыр қайғыны, үлкен қазаны жанашыр жақындарына өлеңмен, тұспал сөзбен немесе күймен жеткізіп отырған. Осы жыр қалай айтылады? Естірту

Біреудің баласы, жанашыр жақыны, сүйген жары, ел қамқоры болған батыры, биі, ханы қайтыс болғанда қайғырып, еске түсіре отырып зарлап айтылатын жыр қалай айтылады? Жоқтау

III фаза.

Ой толғаныс сатысы.


  • Эссе «Қазақтың салт-дәстүрлері-ай» ;

  • Бес жол өлең «Қазақтың салт-дәстүрлері-ай»

Үйге тапсырма: Қосымша материал, әдебиет пәні өнер пәні болғандықтан бір жырды жатқа және нақышына келтіріп, қойылым түрінде дайындап келу.

О.Б.Б.


© 2010-2022