Ашық сабақ: Қолмен кілем тоқу өнерін дамыту

Ашық сабақ: «Қолмен кілем тоқу өнерін дамыту» Жоспар I Теориялық бөлім:1. Кілем тоқу өнері2.Қолдан тоқылған кілем 3.Машинамен тоқылатын кілемдерII Практикалық бөлім:1.Кілем тоқуIII ҚорытындыЖобаның мақсаты мен міндеттері:-Қазақстанда жасалған өнімдердіәлемдік брендке айналдыру.-2020 жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жұмыссыз отырған адамдарды жұмыспен қамту. -Қолөнер саласын соның ішінде кілемді қолмен тоқу тәсілдерін меңгерту үшін арнайы курстарда оқыту. Кілем (Ковер) — әсемдік үшін, сондай-...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: «Қолмен кілем тоқу өнерін дамыту»

Жоспар

I Теориялық бөлім:

1. Кілем тоқу өнері

2.Қолдан тоқылған кілем

3.Машинамен тоқылатын кілемдер

II Практикалық бөлім:

1.Кілем тоқу

III Қорытынды

Жобаның мақсаты мен міндеттері:

  • Қазақстанда жасалған өнімдерді

әлемдік брендке айналдыру.

  • 2020 жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жұмыссыз отырған адамдарды жұмыспен қамту.

  • Қолөнер саласын соның ішінде кілемді қолмен тоқу тәсілдерін меңгерту үшін арнайы курстарда оқыту.

Кілем (Ковер) - әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме алаша және т.б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады.

Қорытынды:

Біле білгенге, кілем өнер саласы - табысты еселей түсетін сала. Осыны ескергендіктен көптеген елдер қазірде бұл салаға айрықша мән беріп отыр. Әсіресе өзіндік кілем тоқу өнеріне Германия, Норвегия, Израил сынды елдер бүгінде қазақтың төл туындыларына қызығушылық танытуда. Сондықтан біздің қолөнер шеберлері шетелдік нарыққа шығуға барынша күш салуы керек. Мемлекет бұл жағынан оларды қолдауы тиіс. Бұл ретте бізде қолөнермен айналысатын фабрикалар қайта құрылуы керек. - Біздегі қолөнер түрін сөз еткенде, шикізатқа зәрулікті қозғауды да ұмытпаған жөн. Шикізатты дайын өнімге дейін өндіру жайы жетілмей, бұл өндірісте өзіндік биіктікті бағындыру қиын. Сондықтан шикізат зәрулігін жою үшін болашақта мемлекеттің қолдауымен ауыл-аудан көлемінде шағын курстар жасақтау қажет. Бұдан соң сол шағын курстар арқылы көлемді фабрикалар құруымыз керек. Ал қазір санаулы ғана шеберлердің басын қосып, олардың арнайы шеберлер одағын құру арқылы мәселе шешілмейді. Егер біз бұл салада шеберлерге анық қолдау білдіргіміз келсе олар үкіметтік қолдауды сезінгені жөн. Сонда ғана қазақтың төл туындылары әлемдік деңгейде брендке ие болады. Біздің туындыларымыз қазірдің өзінде жоғары брендке ие. Ал оны әрі қарай өрбітіп, жетілдіріп, шеберлердің жұмыс істеуіне жағдай жасалуы керек…

Пайдасы

Жүн

  1. Тегін

  2. Жуамыз (жуғанға су тегін)

  3. Арзан жуғыш зат (белизна 100тг)

  4. Түту

Жіп иіру

Ұршықпен немесе кергіш ағаш станогымен

Жіп

Мақта жібі сатып алынады 1рулоның *1000тг

Бояу

-табиғи бояулар

Сірке суы 1шт *70 тг

Тоқу процесі

Қолмен тоқылады

Жұмысшы көзі

Бос отырған адамдарды жұмыспен қамтылады

Тоқылу уақыты-қолмен

5 ай

Әсемдігі

Әдемілігі жағынан ұтамыз, себебі қазақ халқының дәстүрін насихаттаймыз, рухани тәрбие жағынан пайдасы зор.



Шығыны

Дайын жүн

Егер өңделген (жуылған, тазартылған, түтілген) жүнді атып алсақ 1кг жүн *200 тг құрайды.

Жіп иіру

Дайын жіпті сатып алсаныз 1жібін *400тг құрайды

Жіп

Мақта жібі 1рулон * 1000тг

-

Станокпен тоқылады

  • Ток көзі кетеді

Жұмысшы көзі

Аз адамды жұмыспен қамтиды

Тоқылу уақыты-электрлік станокпен

1 ай

Әсемдігі

Бір бағытта тоқылады, әсемдігі сақталмайды.

Тегін өнімдер

1тонна жүн кетеді

Белизна 100шт *100тг =10000тг

Мақта жібі 100рулон * 800тг= 80000тг

Тоқылу уақыты 2 ай

Сірке суы 100шт * 70тг= 7000тг

Кеткен шығын: 97000тг құрайды

Сататын болсам: 160000тг

Пайдасы: 63 000тг

Сатып алынған өнімдер

1тонна жіп* 400тг=400000

Мақта жібі 100рулон *800тг =80000тг

Станокпен тоқылса: ток көзі кетеді

Кеткен шығын 480000+ ток көзі

Сатылу бағасы: 60 000

Пайдасы: пайда аз



© 2010-2022