• Преподавателю
  • Другое
  • Арнаулы пәндерді оқыту барысында интерактивтік технологияларды қолданудың тиімділігі баяндама

Арнаулы пәндерді оқыту барысында интерактивтік технологияларды қолданудың тиімділігі баяндама

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық

колледжі




БАЯНДАМА





Тақырыбы:

Арнаулы пәндерді оқыту барысында интерактивтік технологияларды қолданудың тиімділігі









Дайындаған: Барысов Ж.Ж.

ҚЫЗЫЛОРДА, 2015ж

КІРІСПЕ

ХХІ ғасырдың ең басты міндеті - әлемдік қауымдастыққа еніп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, экономикасын, білімін арттыру. Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан реформанын басты максаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқыған дәрісінде «Біздің ендігі міндет-қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті - ол сындарды ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау» - деп атап өтуі мақсатқа жетудің жолдарын шешуге берген бағытындай.

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызды.

Ал, XXI ғасырдағы білім мен ғылымды инновациялық технологиялар бағытымен дамыту үлкен үміттің басты нысаны.

Кәсіптік білім саласындағы инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, технологияны енгізуге, пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бағытталған. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы басқа да оқытушылардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайымдалудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқудың жаңа инновациялық әдістері жалпы оқытушылар қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді.

«Инновация» сөзі латын тілінен аударғанда «жаңалықты ендіру» деген мағынаны білдіреді. Ал, инновациялық оқыту дегеніміз - жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.

«Технология» деген сөз - грек тілінен алғанда «техне» - өнер, кәсіп, ғылым, «логос» - ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы.

Инновация деп - көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге ондағы идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.





«Қандай оқу орнының болсын, басты нысаны оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды еңбекшіл етіп тәрбиелеу»

А.Байтұрсынов

Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану - өмір талабы. Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған жөн. Оқытудың жаңа ұтымды технологияларын пайдалану оқушыны тұлга болып қалыптастырудың, дамытудың құралы. Оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуге, ой сананың дамуына мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды оқытушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Оның тиімділігі - әдіс-тәсіл, амалдарын ұтымды таңдау арқылы оқушының сезіміне, ынта-ықыласына әсер ету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына онай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Оқушы білімін тексеруде олардың өз пікірін жеткізе білу мен есте сақтау қабілетінің біркелкі болмайтынын ескеру керек. Тіпті бір оқушыға бір сұрақты әртүрлі әдістермен беріп, білімін тексергенде, түрліше баға алу мүмкін. Ол белгілі бір мәселенің мазмұнын дұрыс ашып, салыстырмалы түрде жинақтай білсе де, өз білімін жазбаша түрде айқын түсіндіре алмауы мүмкін. Міне, осы жағдайларға байланысты үй тапсырмасын сұрауда және жаңа білімді бекітуде түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданамыз.

Үй тапсырмасын сұрауда көбіне ойын, тірек-сызба (техникалық сызба), деңгейлік, тест, сөйлесу және т.б. әдістерді пайдаланамын.

Ойын әдістері арқылы сұралған тапсырмаларға оқушылар бар ынтасын салып тыңдап қана қоймай, сол сұрақтардың шешімін тез арада табуға тырысады. Яғни, ойын әдістері арқылы сұралған тапсырмалар оқушылардың зейіндік, танымдық және ойлау қабілеттерін арттырады.

В.Ф.Шаталовтың «Оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері арқылы табысты оқыту» әдісін қолдану да үй тапсырмасын сұрауда үлкен нәтижелер көрсетеді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру, жеке қабілетіне қарамастан барлық баланы оқыту.

Ерекшеліктері: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану. Бұл технологияда блоктау, топтау, тірек-сызба, тірек-конспект, өз бетімен жұмыс істеу, көрнекілікпен жұмыс әдістерін тақырыптық ерекшелігіне сәйкес қолданамын.

Оқытудың инновациялық технологияларын арнаулы пәндерде пайдаланудың тағы бір ерекшелігі - Microsoft Power Point бағдарламасында презентациялық сабақтар жасау мен Интернет ресурстарын пайдалану. Олар оқушыға аз уақытта көп мағлұмат беруге, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз бетінше ізденуге деген зерттеу қабілеттерін арттырады.

Үй тапсырмасын сұрауда деңгейлік тапсырмалар үлестірудің де тиімділігі зор. Яғни, бұл әдісті қолдану арқылы топтың барлық мүшелерін үй тапсырмаасын сұрауда және жаңа білімді бекітуде қатыстыруға болады. Осы әдісті қолдану арқылы тек алғыр оқушылардың ғана білімін сараламай, сонымен қатар төмен баға алып жүрген оқушылардың да білімін саралаймыз, яғни, олардың жоғары қарай ұмтылары анық. Көптеген тәжірибесі мол оқытушылар оқушылармен жеке дара және жұптық жұмыс жүргізуде деңгейлік тапсырмалар беру және саралап оқыту әдісін оңтайлы санайды.

Сөйлесу әдістерін сабақтың қай бөлімінде болса да қолдануға ыңғайлы.

Проблемалық жағдайларды қолдану арқылы сабақ сұрау оқушылардың бойындағы кәсіби шеберлікті, шығармашылық, еске түсіру, танымдық, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытады. Сонымен, оқушы өздеріндегі кәсіби шеберлікті дамытумен қатар, болашақ кәсіби маман қабілеттерін бойларында қалыптастырады.

Тест әдістері үй тапсырмасын сұрауда және жаңа сабақты бекітуде бекітуде қолданылады. Тест қабалдау арқылы оқушылардың еске түсіру, тез шешім табу сияқты қабілеттері дамиды. Үй тапсырмасын сұрауда ассоциация, Венн диаграммасы, түрлі ойын элементтерін «Кім білгір?», «Кім жылдам?» және т.б. әдістер жақсы үйлеседі.

Жаңа сабақты түсіндіру оқытушының түрлі әдістерді қолдануы арқылы жүзеге асырылады. Түсіндірудің оңтайлылығы оқушылардың жан-жақты дамуының негізгі шарттары. Сабақ барысында жаңа материалды түсіндірген кездегі оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін қарастырайық.

  • Дәріс оқу арқылы материал түсіндірілуде, керек кезінде топқа мынадай сұрақтарды қоямын: «Ал неліктен осылай болады?», «Ал берілген жағдай керісінше болса ше?» және т.с.с. Оқушылар еске түсіріп, ойланып, шешімін табуы тиіс. Мұндай әдіс сабақтың сөйлесу (әңгімелесу) бөлімінде қолданылады.

  • Материалды түсіндіремін, содан кейін сұрақтар қоямын, сұрақ қою кезінде, мысалы, көрнекілікті пайдаланамын. Оқушылар мақсатты түрде қарап, сұрақтарға жауап іздейді, танымдық іс-әрекетке араласады.

  • Түсіндіруді тоқтата тұрып, қолданылып отырған көрнекілікті көрсетемін де, онда не бейнеленгенін, іс-әрекеттің ретін, бейнеленген нәрсенің мәнін, т.с.с. анықтап айтып беруін сұраймын. Оқушылар жаңа ғана алған білімдерін бекітіп қана қоймай, талқыға салады, ешкімге ұқсамайтын жауап іздейді, белгілі бір жаңа білімге, дағдыға ие болады.

  • Тақырыпқа қатысты матриалдың барлығын өткен соң оқушыларға түсіндірілген материалдың сабақта пайдаланылғанынан басқаша тірек-сызбасын құрастыруды ұсынуға болады. Нақты бір оқушының алған ақпаратты қалай қабылдап, қорытқанын соның нәтижесінде біле аламыз.

Қазіргі уақыттағы ақпараттық-сандық технологиялардың дамуына байланысты оқу үрдісінде электронды оқулықтарды, бейнебаяндарды, презентацияларды, интернетті, интерактивті қондырғыларды және т.с.с. көрнекіліктер мен оқу құралдарын пайдалану оқушылардың қажетті ақпараттық-логикалық дағдыларын шыңдайды.

Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде, сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен оқытушының , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактив сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы.

Жаңа сабақты бекітуде ассоциация, Венн диаграммасы, техникалық сызба, ойын, әңгімелесу проблемалық жағдай туындату және т.с.с. сияқты әдістер қолданылады. Оқытушының сабақ жоспарын құрастыру сапасына байланысты оқушы білім мен білік дағдыларын өзіне сіңіреді. Сабақ жоспарын құрастыруда топтың ерекшелігі, топ мүшелерінің логикалық-психологиялық жағдайы ескеріледі.




ҚОРЫТЫНДЫ

Инновациялық және интерактивті технологияларды, жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырып келеміз. Интерактивтік технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуге, ой сананың дамуына мүмкіндік береді. Оның тиімділігі - әдіс-тәсіл, амалдарын ұтымды таңдау арқылы оқушының сезіміне, ынта-ықыласына әсер ету, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қорыта келгенде инновациялық және интерактивті технологияларды арнайы пәндерде қолдану бұл оқушылардың білім сапасының кепілі.











© 2010-2022