Конспект урока по казахскому языку

Ұлттық тағамдар Буын түрлері Білімділік: ұлттық тағамдардың түрлерін ажырату. Сөздік қорын молайту.Фонетика  саласы бойынша буын түрлерін бекіту Дамытушылық:оқу,сөйлеу, жазу,тыңдау дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту Тәрбиелік: қазақтың салтын,әдет –ғұрпын насихаттау, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу Көрнекілік: қазақ халқының ұлттық тағамдары салынған плакат, слайд,электронды оқулық,постер,тақырыптық заттар мен суреттер ТҚЖ: компьютер, интербелсенді тақта,неутбук Жұмыс түрлері: а) то...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:








































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Шығыс Қазақстан облысы,Ұлан ауданы, Огневка кенті

КММ « Сейфуллин атындағы орта мектеп»

ММ «Ұлан ауданының білім бөлімі»








«Ұлттық тағам түрлері»

4-ші сынып












Шакенова Бибатима Наримановна

2014 жыл



Сабақтың мақсаты: 7 модуль идеясын жұмыс тәжірибесіне енгізу

Сабақ жоспары

Қазақ тілі

Көрнекілік

Оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған жұмыс түрлері

Бағалай оқыту

Электрон

дық оқулық, слайд,

флипчарт,

бағалау критерий-

лері,

постер,

тақырыптық суреттер,

заттар

Кроссворд

Мақал -мәтел сайысы.

Постер қорғау.

Тағам түріне байланысты мақал -мәтел теріп жазуы.

Үйде тағамның технологиялық картасын жасауы

Ребус, қроссворд құрастыру

Әр кезеңді бақылау,бағалау арқылы

оқушының күшті,әлсіз жағының себебіне,төркініне талдау,түзету жұмыстарын өткізу үшін назар аудару. Оқушының алға дамуы үшін өзінің шаралар қалыптастыруына ықпал ету
















Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдар

Асты жамандама

Тамақты сол қолмен жеме

Дастарқан үстінде әдепсіз сөйлеме, жаман сөз айтпа

Дастарқан қайрылмай, ешкім орнынан тұрмайды

Аузыңда тамақ тұрғанда сөйлеме

Түнде тамақтың бетін жауып қояды

Үйге келген адамға дәм татырмай шығарма

Әкесі бар адам бас ұстамайды

Қыз балаға кәрі жілік бермейді

Асық етін мүжімейді

Тобық етін тастамайды

Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді

Шашалған адамға «май қап» дейді

Тамақты сораптап ішпейді

Ақты далаға төкпейді

Дастарқаннан аттауға болмайды

Нан ауыз тимей, үйден шығуға болмайды

Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды

Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды,

қонақты құрметтемеу болып саналады.

Көршінің ыдысын бос қайтармайды

Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғауға болмайды

Тамақты жерге төкпейді

Суды қарызға сұрамайды

Жеңілтек болады деп, қызға құйыршық жегізбейді

Нанды бір қолмен үзбейді

Шөлдегенге су бермеген жаман ырым

Итке ожаумен ас құймайды






Мақал -мәтел

Өле жегенше бөле же.

Ішің ауырса, аузыңды тый.

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді

Аштан ақыл сұрама.

Шай ішсең көңілің жай.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем

Аш ауыл айранды бұрын ішеді

Аяғын көріп асын іш

Ауру астан, дау қарындастан

Ет дегенде бет бар ма?

Байдың асын байғұс қызғанады

Қымызды кім ішпейді, қызға кім қызықпайды

Тойған үйге тоғыз бар

Жиен ел болмас, желке ас болмас

Жұтқан жұтамас

Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды

Піскен асқа тік қасық

Піскен астың күйігі жаман

Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің

Асты аттама, досты тастама

Ас атасы -нан

Арпа, бидай -ас екен, алтын, күміс - тас екен

Құрғақ қасық ауыз жыртады

Астан үлкен емесссің

Абысын тату болса, ас көп

Қазаны басқаның қайғысы басқа

Бос табаққа бата жүрмейді

Аузы күйген үрлеп ішер

Ас- аттынікі, той тондынікі

Жарлының бір тойғаны шала байығаны

Үйінде асы жоқтың көңілінде қошы жоқ

Жемей жатып тұздық деме

Адам айдаса барма, дәм айдаса қалма

Айран ішкен құтылады, шелек жала

Ұлттық тағамдар

Буын түрлері

  1. Білімділік: ұлттық тағамдардың түрлерін ажырату. Сөздік қорын молайту.Фонетика саласы бойынша буын түрлерін бекіту

  2. Дамытушылық:оқу,сөйлеу, жазу,тыңдау дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту

  3. Тәрбиелік: қазақтың салтын,әдет -ғұрпын насихаттау, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу

  4. Көрнекілік: қазақ халқының ұлттық тағамдары салынған плакат, слайд,электронды оқулық,постер,тақырыптық заттар мен суреттер

ТҚЖ: компьютер, интербелсенді тақта,неутбук

Жұмыс түрлері: а) топтық, б) жеке в)фронтальды

ПАБ: информатика, қазақ тілі,қазақ әдебиеті,математика

Тірек ұғымдар: бесбармақ, қазы, қарта,қуырдақ, азық - түлік,сүт,ірімшік,құрт,бауырсақ

Стратегиялар: «Елші», жаңа сөздер жаттауға арналған «қара-жап,айт,жаз,тексер» техникасы, ЗХУ техникасы,»Сұрақ қою» техникасы

Әдіс-тәсілдер: ізденіс, практикалық, шығармашылық, жартылай - ізденіс,репродуктивті

Сабақ жоспары

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатын белгілеу

Тыңдалым,электронды оқулық,6 сабақ

Жаңа лексикамен жұмыс

Сергіту кезеңі

Мәтін бойынша топтық жұмыс түрлері

Өздік жұмысы. «Дұрыс жаз»электронды оқулық, тапсырма №2.

Рольдік ойын

Бекіту. Тест

Үй жұмысы

1.1 тағамның технологиялық картасын жаса

2.Асқа байланысты 1 мақал -мәтелдің мағынасын өз сөзіңмен түсіндіріп жаз

12.Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Сәлеметсіңдерме, балалар

Ұйымдастыру кезеңі «Тілек айту»

Фонетикадан буын түрлерін қайталау

Дәптер ашамыз. Бүгін нешесі, аптаның қай күні?

Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Ұлттық тағамдар


Не білеміз?

Не үйренеміз?

Не білдік?

Тағам түрлерін

Тағам атауын

Фонетика

Буын түрлерін

Ұлттық тағам атауларын

Жаңа сөздер

Мақал -мәтел

Постер қорғау

Ребустың жауабын шешу

Бүгінгі сабақта біз ұлттық тағамдардың түрлерін ажыратып үйренеміз.

Қазақтың ұлттық дастарханында ет және сүт,нан тағамдары ерекше орын алған.Ет тағамдары: бесбармақ,қазы,қуырдақ

Сүт тағамдары:қымыз, айран, құрт, ірімшік

Нан тағамдары:бауырсақ,таба нан, шелпек,қатырма.

Үй жұмысын тамаққа байланысты мақал -мәтелі бойынша сайыс өткізу және ребус шешу арқылы тексереміз

Жаңа сөздермен өткізілетін жұмыс түрлері

Тыңдалым : мәтін тыңдаймыз.

Оқылым:мәтін оқимыз,

Жазылым:жаңа сөздерді жазу

Топтық жұмыс

Топқа бөліну. Ребус шешу, топ атауын анықтау

Сүт, ет,нан тағамдары

Топтық жұмыс түрі.

Жазылым:Мәтіннен топ атына байланысты тамақ атауларын теріп жазу, постер қорғау, мақал -мәтел жазу0

1-топ- сүт тағамдары

2-топ ет тағамдары

3-ші топ нан тағамдары

"Елші" стратегиясы

Бағалау

Жеке жұмыс.№ 2 жаттығуды орындаймыз.

Электронды оқулықпен жұмыс

Бірін-бірі тексеру, бағалау

Интербелсенді тақта

№3 тапсырма

3 бала тақтаға шығады.

Бекіту. Тест

Үй жұмысы

Рольдік ойын

Сабақ қорытындысы

Рефлексия


© 2010-2022