План открытого урока по казахскому языку в 5 классе

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеКүні: 30.01.2015 Пән: қазақ тілі

Сынып: 5 a
Сабақтың тақырыбы: МАМАНДЫҚТАР. ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
1. Білімділік: Жаңа лексикалық тақырып бойынша

оқушылардың сөздік қорларын толықтыру. Етістіктің

шақтары, жасалу жолдары туралы толық мәлімет беру.

2. Дамытушылық: Өз беттерінше салыстыру, ой

қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын

арттыру, ауызекі сөйлеуге, тілдесімге тарту,

шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын

әдісін қолдану арқылы тақырып бойынша тапқырлық,

пәнге деген қызығушылық қабілеттерін арттыру,

топтық жұмысты жандандыру.
3. Тәрбиелік: Кез келген мамандық иесінің қоғамға

тигізетін пайдасының зор екендігі туралы әңгіме

қозғау. Болашақта мамандықты дұрыс таңдап,

еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақыру.

Оқушылардың бойына адамгершілік, қамқорлық,

қайырымдылық сезімдерін ұялату.

Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, шығармашылық әдіс, ойын
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, кесте, кеспе қағаздар, дыбысты техникалық құрылғы, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: ағылшын, орыс тілі

Жаңа сөздер: жан, болғым келеді, аулау, болғанды ұнату, емдеу, жалқау, қалағаныңды таңдай біл, түсу, жырту, керек, тасу, егінші-диқан.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйлерің қандай? Сабаққа дайынсыңдар ма? Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтардан ерекшелеу. Өйткені бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Үйге кірген қонақтарды қалай қарсы аламыз?. Олай болса қонақтарымызбен сәлемдесіп қоялық. (Балалар келген қонақтармен «Сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер!» деп сәлемдеседі).

1. Мұғалім Оқушылар. Кезекшімен әңгіме.

- Балалар бүгінгі сабағымыз төрт бөлімнен тұрады:

1. Білемін бөлімі: үй тапсырмасын тексеру.

2. Білгім келеді бөлімі: жаңа сабақпен танысу.

3. Біліміңді байқап көр: жаңа сабақты бекіту.

4. Білдім бөлімі: жаңа сабақты қорытындылау.

- Алдымен екі топқа бөлініп алайық. Бір-бір суреттен таңдап алыңдар. Суреттерге қарап, қарама-қарсы мағынаны тапқандар біріне-бірі қарсы топ болады. (Бір топқа құрылысшының эмблемасы беріледі. Екінші топқа суретшінің эмблемасы беріледі. Топтың атын, топ басшыларын анықтайды.)

План открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классе

ІІ. БІЛЕМІН БӨЛІМІ

Үй тапсырмасын тексеру: (Грамматикалық тақырыптарды қайталау: жалғаулар, зат есім, сын есім, етістік, есімдік).

Екі топқа сұрақтар қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ бірінші болып жауап береді. Дұрыс жауапқа алманың жарты бөлігі беріледі. Екінші бөлігін алу үшін, тапқырлық танытып, жылдам жауап беру керек.

План открытого урока по казахскому языку в 5 классе

Сұрақтар:

  1. Зат есім дегеніміз не? /Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз./

  2. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? /кім? не? кімдер? нелер? /

  3. Қазақ тілінде жалғаудық неше түрі бар? /4 түрі бар/

  4. Қандай? Атап шық. /көптік, тәуелдік, жіктік, септік/

  5. Сын есім дегеніміз не? /Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз/

  6. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? /қандай? қай?/

  7. Есімдік дегеніміз не? /Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздерді есімдік дейміз/

  8. Есімдіктің неше түрі бар? /4 түрі бар/

  9. Қандай? Атап шық. /сілтеу, өздік сұрау, жіктеу/

  10. Қазақ тілінде неше септік бар? /7 септік/

  11. Етістік дегеніміз не? /Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз/

  12. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? /не істеді? не қылды? қайтті?/

  13. Етістік сөйлемде не болады? /Етістік сөйлемде баяндауыш болады/

  14. Иелік форманың жұрнақтарын ата. /-нікі, -дікі, -тікі/

ІІІ. БІЛГІМ КЕЛЕДІ БӨЛІМІ

  1. Жаңа сабақты түсіндіру. (Мамандықтар туралы презентация. Слайдпен жұмыс). Тірек сұрақтар қоя отырып, балаларды тілдесімге тарту.

1-слайд. Мынау кім? Дәрігер. Дәрігер не істейді?

2-слайд. Мынау кім? Аспаз. Аспаз не істейді?

3-слайд. Мынау кім? Кондитер. Кондитер не істейді?

4-слайд. Мынау кім? Суретші.

5-слайд. Мынау кім? Сатушы.

6-слайд. Мынау кім? Ғарышкер.

7-слайд. Мынау кім? Сәулетші.

8-слайд. Мынау кім? Балерина.

9-слайд. Мынау кім? Футболшы.

10-слайд. Мынау кім? Механик.

11-слайд. Мынау кім? Ұшқыш.

12-слайд. Мынау кім? Даяшы.

13-слайд. Мынау кім? Құрылысшы.

14-слайд. Мынау кім? Сырлаушы.

15-слайд. Мынау кім? Бастық.

16-слайд. Мынау кім? Хатшы.

17-слайд. Мынау кім? Есепші.

18-слайд. Мынау кім? Режисер.

19-слайд. Мынау кім? Шаштараз.

20-слайд. Мынау кім? Археолог.

21-слайд. Мынау кім? Тілші.

22-слайд. Мынау кім? Фотограф.

  1. Сөздікпен жұмыс. Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

жан - душа

болғым келеді - хочу стать, хочу быть

аулау - ловить

болғанды ұнату - нравится быть

емдеу - лечить

жалқау - лентяй

қалағаныңды таңдай біл - выбирай, что тебе нравится

түсу - поступить

жырту - пахать

керек - нужно

тасу - возить

егінші, диқан- полевод


  1. Тірек сызба бойынша грамматикалық тақырыпты меңгерту.

Етістіктің шағы

Келер шақ - сөйлеп тұрған кезде

әлі болмаған, бірақ кейін болуға

тиісті қимыл, іс-әрекет. Мысалы:

Асан ертең нағашы атасына барады.

Өткен шақ - сөйлеп тұрған

сәттен бұрын болып кеткен

қимыл, іс-әрекет. Мысалы:

Мен жазда Астана

қаласына бардым.

Осы шақ -сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет. Мысалы: Аслан хат жазып отыр


ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ

Өткен шақ: түбір

етістік+ -ды, -ді, -ты,-ті

+ж.ж.

БАР+ДЫ+М

Осы шақ: отыр, тұр, жүр,

жатыр+ж.ж.

ОТЫР+МЫН

Нақ осы шақ: түбір етістік +

-п, -ып, -іп, -а, -е, -й+отыр, жүр,

жатыр, тұр+ж.ж.

ОҚЫ+П ОТЫР+МЫН

Келер шақ: түбір етістік+

-а,-е,-й+ж.ж

КЕЛ+Е+МІН


  1. Кітаппен жұмыс.

  • Суретпен жұмыс. 1-тапсырма. Сурет бойынша мамандықтарды атап шығыңдар. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құраңдар.

Мұғалім балаларды оқытады. Дәрігер адамдарды емдейді. Аспаз тамақ пісіреді. Сатушы азық-түлік сатады.

  • Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сен кімсің?

  • Мен 5-сынып оқушысымын.

  • Сенің әкеңнің мамандығы қандай?

  • Менің әкем - дәрігер.

  • Сенің шешеңнің мамандығы қандай?

  • Менің шешем - мұғалім.

  • Сенің ағаңның мамандығы қандай?

  • Менің ағам - әртіс.

  • Мәтінмен жұмыс. 3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңдар. Мәтіннен етістігі бар сөйлемдерді дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

Мамандықтар

Әр түрлі мамандық бар. Олар: дәрігер, мұғалім, наубайшы, жүргізуші, егінші, шаштараз, кітапханашы, сатушы, аспаз және тағы басқалар.

Мамандықтардың барлығы адамға керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Мұғалім балаларды оқытады.

Наубайшы нан пісіреді.

Жүргізуші машина жүргізеді.

Шаштараз шаш қияды.

Кітапханашы кітап береді.

Аспаз тамақ даярлайды.

IV. СЕРГІТУ СӘТІ

Барлығы мына өлең жолдарын айтып, видеороликке сүйене отырып жаттығу жасайды.

Бір, екі, үш.

Би береді күш.

Денемізді қозғайық,

Аздап сергіп алайық.

V. БІЛІМІҢДІ БАЙҚАП КӨР БӨЛІМІ

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Полиглот. Мына сөздердің орыс, ағылшын тіліндегі баламасын беріңдер.

дәрігер- доктор- doctor

мұғалім- учитель- teacher

наубайшы- пекарь- baker

жүргізуші-водитель-driver

аспаз-повар- cook

  1. Семантикалық картаны толтыру. Етістіктің шақтарын анықтау.

Мысалдар

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Жыртып жүр

Жазып отыр

Барар

Келеді

Айтамын

Оқыдың

Келесіңдер

Бардым

Келіп отыр

Көреді


3. Шеберлігіңді шыңда. Мамындыққа байланысты жұмыс орындау.

Суретшілер сурет салады. Құрылысшылар үй құрастырады.

План открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классеПлан открытого урока по казахскому языку в 5 классе

VІ. БІЛДІМ БӨЛІМІ

Жаңа сабақты қорытындылау.

  1. Көңілді шеңбер. Шығарма жазу. 1-топ: Мұғалім. 2-топ: Дәрігер.

  • Шеңбердің ортасына 1 зат есім жазу.

  • 5 жапырақшаның суретін салып, ортасына 5 зат есім салу.

  • Сыртынан 5 жапырақша салып, 5 сын есім жазу.

  • Сыртынан 5 жапырақша салып, 5 етістік жазу.

  • Таңдаған тақырыпқа шағын шығарма жазу.

Зат есім

Зат есім

Зат есім

Зат есім

Зат есім

Зат есім

Зат есім

VІІ. Үй тапсырмасын беру.

4-тапсырма 120-бет жазбаша, 118-бет сөздік жаттау.

VІІІ. Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушылар өздері бағалайды.

Бағалау парағы

Топ: __________

Критерийлер



Оқушының

аты






Белсенділік






Ауызша жауап






Жазбаша жұмыс






Шығармашылық

жұмыс






Барлығы:








1-ұпай - 3 деген баға.

2-3-ұпай - 4 деген баға.

4-ұпай - 5 деген баға.





Бағалау парағы

Топ: __________

Критерийлер



Оқушының

аты






Белсенділік






Ауызша жауап






Жазбаша жұмыс






Шығармашылық

жұмыс






Барлығы:








Семантикалық картаны толтыру

Мысалдар

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Жыртып жүр

Жазып отыр

Барар

Келеді

Айтамын

Оқыдың

Келесіңдер

Бардым

Келіп отыр

Көреді



Семантикалық картаны толтыру

Мысалдар

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Жыртып жүр

Жазып отыр

Барар

Келеді

Айтамын

Оқыдың

Келесіңдер

Бардым

Келіп отыр

Көреді



Семантикалық картаны толтыру

Мысалдар

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Жыртып жүр

Жазып отыр

Барар

Келеді

Айтамын

Оқыдың

Келесіңдер

Бардым

Келіп отыр

Көреді







ДӘРІГЕР

















МҰҒАЛІМ











Н. Алдабергенов атындағы орта мектеп МДШО













Ашық сабақ

Мамандықтар. Етістіктің шақтары

(5 сынып)



Пән мұғалімі: Баймухамбетова А.Е.





Қарабұлақ кенті

© 2010-2022