Урок на тему Бисерден әшекей бұйымдар жасау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бисерден әшекей бұйымдар жасау

техникасы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бисермен тоқудағы білімін жүйелендіру, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай әшкекей бұйымын жасап шығару.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: сарамандық.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, дайын бұйымдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: бисер, бисер салатын ыдыс,сым, қайшы.

Сабақтың барысы:

І. Жаңа материалды меңгерту.

Бисерден жасалған әшекей - түрлі-түсті шыны моншақтар, өрнекті компазиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы, кезден - ақ шеберлерді қызықтырған. Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкеюде. Бисер және стеклярус әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады.

Қазіргі кезде бисерлерді негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады: моншақ, алқа, сырға, белдік, кулон, білезік т.б.

Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал - саймандар түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу да маңызды.

Алқа, білезік жасаудың нұсқау картасы.

Урок на тему Бисерден әшекей бұйымдар жасау

Урок на тему Бисерден әшекей бұйымдар жасау

Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысты техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру мен оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуімен басталады.

Жұмыстың реті:

1.Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы.

2. Тоқу үшін қажетті заттарды дайындау.

3. Нұсқау карта, Қиял бойынша тоқу.

4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Су моншақтың тоқылу жолдарын тақтада көрсетемін.

Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар білезік пен алқаның түрлерін жасайды. Нәтижесінде сумоншақпен тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты және қиял ұшқырлығы мен шеберлікті талап етеді.

Сергіту сәті.

Алма ағаштағы әр алманаң астында логикалық сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап берулері тиіс.

Бағалау:

Урок на тему Бисерден әшекей бұйымдар жасау -Өте жақсы

Урок на тему Бисерден әшекей бұйымдар жасау -Жақсы

Урок на тему Бисерден әшекей бұйымдар жасау -Қанағаттанарлық

Үйге тапсырма:

«Бәйшешек» гүлін тоқып келу.

Қорытындылау:

Базардағы алқа мен өз қолымен жасаған алқаны салыстыру.





© 2010-2022