«МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ – НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ » (11 сынып)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

















ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ « МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ - НӘТИЖЕЛІ

БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ »





География секциясы География сабағында оқушылардың құзырлылығын қалыптастыру -

білім сапасын арттырудың негізгі шарты.






« Нәтижеге бағытталған білім беру - заман талабы »









Дәулет Бахтияр Дәулетұлы - 51 орта мектебі

география пәннің І санатты мұғалімі








Тараз қаласы, 2016 ж.

Жоспар

І. Кіріспе .......................................................................................................................................... 1

ІІ. Негізгі бөлім ................................................................................................................................ 1

  1. География сабағында оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологиялармен пайдалану ........................................................................................................................... 1-2

  2. Педагогикалық технология бойынша сабақты өту барысы .......................................... 2-5

III. Қорытынды ................................................................................................................................. 5

Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................................... 5

Кіріспе

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер, білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни, педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Оқытуды дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады (пәнді оқыту формасын т.б.). Сол арқылы оқушы өз қажеттілігін қамтамасыз етіп, таңдау алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасауы т.б.) бағаланады.

Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуді үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.

«Тек қана есте сақталуымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана - білім» деп, әйгілі ғалымдар айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі - кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.


Негізгі бөлім

Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық оқушылар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік оқушы біліктілігінің негізін құрайды.

Ақпараттық құзырет - оқушылардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.

Коммуникативтік құзырет - бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.


География сабағында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен пайдалану

Бүгінгі таңда оқу үрдісін сапалы әрі тиімді өткізудің басты алғышарттарының бірі әртүрлі инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланып сабақ беру болып табылады. Солардың бірі - ақпараттық технология. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ.

1

Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

География сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • экономикалық тиімділігі жоғары (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с материалдық шығынды қажет етпейді);

  • білім сапасын арттыруға әсер етеді;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор.

Сабақта компьютерді пайдалану оқушылардың шығармашлық дағдыларын қалыптастыруға жағымды жағыдай туғызады. Мысалы: тілші болып зерттеулер жүргізу; режиссер болып деректі фильм түсіру, саяхатшы болып дүние жүзін шарлау.

Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.

Компьютерлік оқыту технологиясының пайдасы әр түрлі компьютерлік программалар арқылы жазу, оқу, сызу, есептеу, диаграмма, схемалар салуға қолайлылығы т.б. болып табылады.

Интерактивті тақталардың бағдарламаларын, оның жұмыс жасау ерекшеліктері мен техникалық мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында пайдалану - бүгінгі таңдағы барлық мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі.

Оның себебі: күнделікті дамыған қоғамның сұранысы техникалық жетістіктерді жылдам меңгеру, игерудің нәтижесінде алға дамып отыр.
Компьютерлік оқыту технологиясында орын алып отырған оқытудың тағы бір түрі ғаламторды пайдалана оқыту мәселесі болмақ. Бұл орайда әрбір ұстаз ғаламтормен байланыс жасай алу, одан қажетті ақпараттарды алу, оны өңдеу,сабақ барысында пайдалану арқылы күнделікті оқу үрдісін жалғастыра алады.

Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан-жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады.

Педагогикалық технология бойынша сабақты өту барысы

І кезең (5 - 7 минут)
1. Ұйымдастыру.

2. Үй жұмыстарын тексеру. 1 кезеңде төмендегідей және басқада интерактивті әдістерді қолдануға болады: а) сұрақ - жауап әдісі;
ә) "Ассоциациялар қатары", мысалы: мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды дәптерлеріне жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушылардың білімі туралы түсінік алады. Басқада интерактивті

2

әдістерді қолдануға болады.
ІІ кезең - технология бойынша синектикалық бөлім (20-25 минут).
а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырады. Мысалы, оқушыға шамамен 4-5 сұраққа жауап беру ұсынылады. Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша) оқиды. Мәтінмен жұмысты төмендегі әдістер бойынша ұйымдастыруға болады.
"Данышпан үкілер" техникасы
1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері. Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
2. Маңызды өмірлік даналық. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
3. Таныс және таныс емес. Мәтіннен сізге таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.
4. Иллюстрациялық бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура, т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.
5. Үлгі боларлық қорытынды. Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады ма?
6. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар. Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.
ә). Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау (5 - 7 минут).
Негізгі мақсат - ой ояту, оқушыға өзіндік ой - пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Жоғарыда айтқандай, мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылардың өздері күш салып, қаншалықты меңгергендерін қадағалайды. Ол тек көмектеседі, қосымша фактілер береді, қажет болса өзі түсіндіреді, демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт - бағдар береді. Негізгі әдіс-тәсіл - проблемалық оқыту (диспут, дискуссия, оқыта үйрету ойындары т.б.). Сабақтың бұл бөлімінде төмендегі тәсілдерді қолдануға болады.
"Баяндама". Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл "шпаргалканы " оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша "баяндама" жасайды. "Баяндама" мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
"Мені түсін". Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын - ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.
б). Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау (8 - 10 мин.)
Жаттығулар орындау. Сабақтың бұл пысықтау бөлімінде төмендегі әдіс - тәсілдерді қодануға болады.
"Ара ұясы" техникасы. Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауды тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар жауап береді.
"Тірек мәтін" техникасы. Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар осылай өтілген тақырыптың тірек конспектін жасайды.
ІІІ кезең (кері байланыс) - технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут + 3 минут қорытынды шығаруға арналады). Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп,

қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ

3

бағалау болып табылады. Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
1-ші деңгей - оқушылық (өнімсіз - репродуктивтік деңгей - мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды. Бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды:
а) Екінші кезеңде қарастырылған ұғымдарды, жылдарды т.б. фактілерді білу талап етіледі. Койылатын сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық, тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады.
б) Үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы-біліктілігі анықталады. Бірінші деңгейдің қорытындысы: сынақ (есептелді) алады, ол 5 баллмен бағаланады.
2-ші деңгейде оқушылардан:

- 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп - салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап;

- Өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыруарқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір, тексер, салыстыр, талда, т.б.

3-ші деңгейде оқушылар танымдық - ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қортындауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме?, .... дұрыс па?, т.б.)
4-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардан жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, т.б.).

Жоғарыда айтылғандай, деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады:
1-ші деңгей - 5 балл "сынақтан өтті" "3" журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса: бұл деңгейде оқушының білім сапасы «дұрыс», «толық» деген категорияларды қанағаттандырады.
2-ші деңгей - 4-9 балл "4 " журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса: бұл жағдайда оқушының білім сапасы 1-деңгейдегі «дұрыс»-қа, «толық»-қа «әрекеттілік» пен «тереңділік» сияқты білім сапасының түрлерін қосады.
3-ші деңгей - 3-12 балл "5 " журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», ... және «берік» деп саналады.
4-ші деңгей тапсырмалары стандарттан жоғары болғандықтан ? олар өзінше 12 балдық жүйемен ерекше бағаланады. Және бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін - өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Демек, мектеп түлектерінің әр қайсысының өз бойындағы қабілетіне сәйкес, «жоқ» дегенде, бір бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналуына кепілдік бар.

Барлық оқушы міндетті түрде жұмысты 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейге баға қойылмайды, "сынақтан өтті", "сынақтан өтпеді" деп бағаланады. "Сынақтан өтпеді" деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады. Егер бір тапсырмасы болсын орындалмаса, сынақ есептелінбейді. Бұл жағдайда оқушы барлық тақырыпты емес, тек қатемен орындаған тапсырмаларды ғана қайтадан орындайды.

Тәжірибе дәлелдегендей, "сынақ" арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын

тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған "Ашық журналға" + белгісін қояды.

4

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Мысалы, 11 сыныпта «Орта Еуропа елдері» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

а) тірек - сызба бойынша мазмұндау.

Орта Еуропа елдері. Нидерланд

Мемлекеттік құрылымы мен геосаяси жағдайы

Шаруашылығы

Халқы мен табиғаты

Көлік жүйесі. Сыртқы байланыстары

ә) «Жылдар сөйлейді» деген цифрлар: 1566-1648 жж., 1795 ж., 1814 ж., 1830 ж., 1948 ж., т.б.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.

Жоғары айтылып кеткендей, география сабағында педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін пайдаланып келемін. География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Мектеп бітіруші түлектер де қалаған мамандығына сай 4-ші пән ретінде географияны таңдап келеді. 2011-2014 оқу жылдары аралығындағы оқушылардың ҰБТ нәтижесі төмендегідей.

Атап айтқанда: 2011-2012 оқу жылында 2 оқушы - 50%

2012-2013 оқу жылында 2 оқушы - 100 %

Биыл яғни, 2013-2014 оқу жылында 10 оқушы таңдады.

Сөз соңында қорыта айтсам, ұстаздың қажырлы еңбегі шәкіртінің білімімен сараланатынына толықтай көз жеткізе отырып, барша ұстаздарға айтарым: ұрпақ үшін аянбай жұмыс жасағанымыз - болашағымыздың жарқын болуына қосқан үлесіміз болмақ демекпін.

Қорытынды

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жалпы білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған тұлға дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, білімі мол тұлға қажет етеді.

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында: «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға - «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,- деген болатын. Олай болса, оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген оқушыларды оқыту міндеті тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы-2007.

  2. ҚР «Білім туралы» Заңы.

  3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Алматы, 2000 ж.

  4. Ж.Қараев, Ж.Кобдикова Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері.//Оқыту - тәрбиелеу технологиясы.2008 ж. №1,2.

  5. М.Нұрғалиева. Деңгейлік тапсырманың тиімділігі.//Ұлағат. 2007 № 4.


5


П І К І Р

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында.

Сондықтан Бахтияр Дәулетұлын серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламын. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс - тәсілдердің тың, мәнді әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде мұғалім жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды.

Қазіргі таңда оқушының жан-жақтылығы олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ жастардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:

  • жүйелі ойлау;

  • экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;

  • өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну;

  • өз білімді талдау;

  • кейбір жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;

  • жаңа білімді меңгеру;

  • әр іске жауапкершілікпен қарау.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш - жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті оқушымен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда жалпы білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ жастарға білім беру жағдайларымен анықталады.


№51 орта мектеп директоры Б. Ж. Сапаралиева

© 2010-2022