Сочинение Алиевой Зарины на тему Ынтымағы жарасқан туған өлкем

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сочинение Алиевой Зарины на тему Ынтымағы жарасқан туған өлкем

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Н.К. Крупская атындағы №4 ОМ

8 «Б» сынып оқушысы Алиева Зарина

Жетекшісі: Джуматаева П.М.

Ынтымағы жарасқан туған өлкем


«Көп ұлтты болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз…

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады…»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, еліміздегі 471 - ден астам ұлттық мәдени бірлестіктер ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт- дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Елімізде үштілділік негізінде және басқа да тілдерде түрлі газеттер, журналдар, кітаптар шығарылады. Түрлі ұлттық театрлар да жұмыс істейді. Мәселен, Қарағанды қаласында Станиславский атындағы орыс драма театры, Алматыда Жүргенов атындағы қазақ драма театры, Теміртауда неміс драма театры бар. Сонымен қатар ұлттық радиоарналар жұмыс істейді.

Туған өлкем - Балқаш қаласы да көпұлтты. Қаламызда төрт ұлттық мәдени орталық бар. Олар: кәріс, украин, татар, неміс ұлттық мәдени орталықтары. Аталған ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен жүргізіліп жатқан жұмыстар қаламыздағы этностардың дамуына ықпалын тигізуде. Олардың мектепішілік, қалалық іс - шараларға да берері көп. Елімізде де, қаламызда да Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс шаралар өткізілуде.

Солардың бірі сынып жетекшім Перизат Майрамкуловнаның ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған сыныптан тыс іс - шара. Аталған іс- шараға УҰМО жетекшісі Гильфер Нина Альбиновна, ТҰМО мүшесі Залялова Фарида Салимжановна, шақырылды. Аталған ұлттық мәдени орталықтардан ұлттық киімдерін, ұлттық ыдыстарын, ұлттық музыкалық аспаптарын, ұлттық тағамдары, ана тілдерінде шығатын газет журналдарын, мемлекеттік туларын, картасын алып, сыныбымызда қазақ, украин, неміс, татар, әзербайджан халықтарының ұлттық орталықтарын құрдық. Себебі біздің де сыныбымыз көпұлтты. Іс - шара өте қызықты өтті. Іс - шараға әр ұлттық орталық өзі туралы қабырға газеттерін шығарды, презентацияларын жасап, ана тілдерінде қорғады, өз ұлттық орталықтарын нақышына келтіріп безендірді. Содан кейін өнерлерін тамашаладық. Татар халқы орталығы ұлттық биімен таныстырса, қазақ халқы салт- дәстүрінен көрініс көрсетті, украин халқы орталығының оқушылары ана тілінде өлең оқыды, неміс халқы орталығының мүшелері би биледі. Мен әзербайжан ұлт өкілімін. Мен әзербайжан және қазақ тілімен аралас ән айттым, кейін оны сынып жетекшіммен мектепішілік іс - шарада орындадық. Осылайша, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы толық мәлімет алып, әр түрлі ұлт өкілдері туралы қызықты деректермен, сыныбымыздағы ұлт өкілдерінің өнерлерімен таныстық. Бізге іс- шара өте ұнады. Қалалық Білім Бөлімінен келген қонақтар, ҰМО жетекшілері де риза болды. Этномәдени бірлестіктерінің өкілдері ана тілдерінде тілектерін білдіріп, іс- шараны жандандыра түсті. Сыныбымыздағы, қаламыздағы, еліміздегі ұлттар достығы мәңгі жасасын деп тілеймін!

«Ел бірлігі - ең асыл қасиет....» деп Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

© 2010-2022