5-сынып сабақ жоспары Тұрмыс салт жырлары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: №3 Сыныбы: 5 Пәні: қазақ әдебиеті Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Тұмыс - салт жырлары.Төрт түлік малға қатысты айтылатын жырлар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрмыс - салт жырлары туралы әдеби білім беру.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, , ОүБ.

Стратегиялық іс әрекет: Ой қозғау».. «топтық бағалау».

Дерек көздер:Оқулық , түрлі түсті стикерлер

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

І. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психология

лық дайындау.

Өзін -өзі реттеу.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

Ыстық алақан тренингін ұйымдастыру.

Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.

Бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

- Бүгінгі күніңе сәттілік тілеймін.

- Сабағыңды беске оқы, денің сау болсын.

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

Топ ұстанымын құру.

ұлттық құндылыққа байланысты асықты пайдаланып 4 топқа бөлемін

Оқушылар қоржыннан асықтарды алып шағын топтарға бөлінеді, Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі

Негізгі бөлім

Тұрмыс- салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп.

Ертеде біздің ата-бабаларымыз төрт түлік малдың өзінің иесі болады деп сенген. Сол иелері( кейде «пірі» деп те атайды) малдың төлін сақтайды деп сенген. Сол себепті малды сойғанда іштей тіліек тілеп, иелерінен рұқсат сұраған. Малды қинамаған, ұрмаған , аш қалдырмаған. .

Оқушылыр тұрмыстық салт жырлармен танысып,күнделікті тұрмыста кездесетіндерін дәлелдейді


1-тапсырма

  1. «Малдың баласын сүюі» атты өлеңді мәнерлеп оқу

  2. «Төрт түлік мал туралы» атты өлеңді тізбектеп оқу

Оқушылар сабақтың мақсатына өз идеяларын қосады.

Сергіту сәті.

3 топқа бір -бірінің артына тұрып арқаларына сурет салады, сол суреттің бейнесін табу керек

Салған суреттерін бір- біріне сыйға тартады

Қорытынды

1.Тұрмыс - салт жырлары дегеніміз не?

2.Оларды неген тұрмыс - салт жырлары деп атаған?

3.Тұмыс - салт жырларының қандай түрлері бар?

4.тұмыс - салт жырларының ең көп тараған түрі қандай?

5 Төрт түлік малдың иесін ата?

Оқушылар топта бірлесе отырып ортақ шешімге келіп , жауап береді

Бағалау.

(мадақтау сөздері арқылы бағалаймын)

Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне баға берді.

Үйге тапсырма

1.Тұрмыс - салт жырлары туралы түсінік.

2.«Малдың баласын сүюі» атты өлеңді жаттау

3.Төрт түлік мал, жан - жануарлар, табиғат құбылыстары туралы жырларды оқу.

Рефлексия.

Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады.

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Нені үйрендіңдер?

- Шағын топта жұмыс жасау сіздерге ұнады ма?

Оқушылар стикерлерге

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер жазады.

- Нені үйренгендерін

- Шағын топта жұмыс жасау ұнады ма? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады.









© 2010-2022