Тема Әдептілік және әдемілік

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп.











Тема Әдептілік және әдемілік


(сайыс.)




Кітапханашы: Тусупова А.Ж




2014-2015оқу жылы.






Әдептілік - әдемілік.

(сайыс)

Мақсаты:

1.Оқушылардың әдептілік туралы білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.

2.Оқушыларды жаман қасиетін жиренту арқылы әдептілікке, үлкенді сыйлауға, имандылыққа, кішіпейілділікке, құайырымдылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке, сыпайлыққа, өз халқының салт дәстүріне үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ борлуға тәрбиелеу.

Дамушылық мақсаты:

Әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру өз ойларын айта білуге баулу.

Түрі: Сайыс.

Сайыс 5 - бөлімнен тұрады:

1Мақал - мәтелдерді жалғастыру.

2.Әдептілік жайында өлең шығару.

3.Жағдаяттар.

4.Әдептілік деген сөзді топтастыру.

5.

Жүргізуші:Армысыздар ұстаздар мен, бүгін біз «Әдептілік- әдемілік» деп аталатын тақырыбымызды бастаймыз. Ендеше біз бүгін әдептілік - әдемілік сайысты рұқсат болса біз бастайық.

Сайысымызды бастамас бұрын сіздерді әділ - қазылармен таныстырып өтейін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Темиргалиева М.Н

Ағылшын пәнінің мұғалімі: Ещанова Г.А

Мектебіміздің психологы: Мазанова С.Р

Сайысқа екі топ қатысады. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Олар өздерін таныстырады. Ұран шығарады. Топ басшысын сайлайды.

Мақал - мәтелдерді жалғастыру.

  1. Әдепті бала кездесе, сәлем берер бас иіп.

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

  1. Әдепті бала -арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

3.Өзіңді-өзі сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

4.Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.

5.Жақсылық еккен алғыс орады.

6.Үлкендің сен сыйласан, кіші сені сыйлайды.

7.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

8.Әдеп бас-тіл.

9.Сіз деген - әдеп,

Біз деген - көмек.

10.Ұлық болсаң- кішік бол.

11.Кішіден ізет-үлкеннен құрмет.

12.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала-ата -анасын қақсатар.

Әдептілік жайында өлең шығару.

3.Жағдаяттар:

1.Сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді. Бос орын жоқ.

Не істер едіңіз?

2.Көшеде бір қарт адам құлап қалды.

Не істер едіңіз?

3.Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сіздің артыңызда әже тұр.

Сіздің іс әрекетіңіз?

4.Үлкен кісі, қолындағы затын көтере алмай келе жатыр.

Осы жерде сіз не істейсіз?

Ортақ сұрақ:

Қандай сыпайы сөздер білеміз балалар?

-Сәлеметсізбе!

-Рахмет.

-Кешірініз.

- Рұқсат па?

-Оқасы жоқ.

-Сау бролыңыз!

Рахмет балалар! Осымен біздің «Әдептілік- әдемілік» атты ой сайысымыз аяқталды. Келіп қатысқандарына рахмет келесі кездескенше қош сауболыңыздар!

Қорытынды:

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен.Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті, инабаттылықты үлкендер үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы касиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, сыпайы бала әрқашан айналасындағыларға сүйкімді көрінеді. Сондықтан әдепті бала жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын көрсете білуі керек.










© 2010-2022