Лексика тарауы бойынша өтілген тақырыптарға шолу жасау

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы

Науырзым ауданы

Жамбыл орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Махамбетова Хадиша Шагировна

Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: лексика тарауы бойынша өтілген тақырыптарға шолу жасау , Шәкәрім шығармашылығыменбайланыстыра отырып шығармашылық тапсырмалар орындату;

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсілдер: ойын элементтерін пайдалану, тренинг.

Көрнекілігі: электронды презентация.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын қадағалау.

ІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыз қазақ тілі мен әдебиет пәніне ортақ шығармашылық тапсырмалар орындауға арналады.

Тіл өнері -елдігіміздің, біртұтастығымыздың белгісі.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын десек, туған тілімізге салғырт қарамай оның мәртебесін көтеруге атсалысуымызды қажет. Бүгінгі өткелі отырған сабағымызды Шәкәрімнің 150жылдық мерейтойымен де байланыстырғанды жөн көріп отырмыз. Алдымен қазақ тілі пәні бойынша өтілген тақырыптарға шолу жасаймыз.

1-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындау.

10 сұрақ (өткен тақырыпқа)

2-тапсырма. Бағандағы сөздерді сөз тіркесін жасай отырып тура және ауыспалы мағынада қолданыңыз.

Үлгі: суық, күн, суық хабар

Киім Суық

Хабар Қисық

Ағаш Қара

Мінез Қалың

Дала Ашық

Көрінді Кәрі

Шал Қысқа

Шаш Күн

3-тапсырма. Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтелдер жазу.

Дұшпан- дос

Жақсы- жаман

Батыр- қорқақ

Арзан- қымбат

Туады- өледі

4- тапсырма. Плоиглот.

Мақал- мәтелдер беріледі, оның ішінде жасырылған сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілінде тауып айту.

1.Бірлігі жарасқан....бұзылмас

(ел,страна,country)

2.Татулық табылмас.........

(бақыт,счастье ,happiness)

3.....ұлы қару.. (сөз,слова, word)

4. Адамды …..үйретеді, үйренбесе күйретеді.

(өмір,жизнь, live)

5.Адал ….. аздырмас, арамдық бойды жаздырмас.

(еңбек,труд ,work)

5-тапсырма.Тапқыр болсаң, тауып көр!

«Б» дыбысынан басталатын үш дыбысты сөздер тауып, интерактивті тақтаға жазу керек.

б

б

б

б

б

б

б

б

б

б






6-тапсырма. Экспресс сұрақтар беріледі, жылдам жауап алыну қажет.

1.Әліпби тәртібіндегі 7, 20, 22-әріптерді тіркеп жазсаңыз балалардың бір ойыншығы шығады. (доп)

2. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар? (5651)

3. «Түйе үстінен сирақ үйту» дегн тұрақты тіркестің мағынасы (олақ, ебедейсіз, қолынан түк келмеу)

4. Қолда буын көп пе,аяқта буын көппе? (аяқта)

5.Тыныс белгілерін тасымалдауға бола ма? (жоқ)

6. Шалға қарағанда балада не көп? (а дыбысы)

7. Аурудың жаманы не? (жалқаулық)

8. Көнерген сөздердің түрлерін атаңыз .( Архаизм,историзм)

9. Қар жана ма? ( Қалауын тапса жанады)

10. Әліпбидің 8-әрпін атаңыз.

7-тапсырма. Қара сөзге айналдыру.

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.

Надандықтан еліріп босқа жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге тарлық.

(Жастарға. Шәкәрім Құдайбердіұлы)

8-тапсырма. Поэзия минуты.

«Тірі, жыры, пірі,» деген тірек сөздер беріледі, сол тірек сөздерді қатыстырып өлең құрастыру.

9-тапсырма. Проблемалық сұрақ төңірегінде ой бөлісу.

Шәкәрім ақын жазықсыз айыпталуда. Сен оны қалай құтқарар едің?

ІІІ.Сабақты қорыту, үйге тапсырма беру.

Үйге: өтілген тақырыптар бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру. ІV. Оқушы білімін бағалау.

© 2010-2022