• Преподавателю
  • Другое
  • Коучинг план на тему Способности учеников и возникновение у учеников желание к обучению

Коучинг план на тему Способности учеников и возникновение у учеников желание к обучению

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Мектеп және сынып мәдениеті. Мінсіз мұғалім және құзыретті мұғалімнің сипаттамасы. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффективтік теориясы,оқушыларды ынталандыру. Оқушылардың қабілеттері мен оқуға жағымды көзқарастары.

Мақсат: Барлық адамға тән жалпы сипаттар, әр адамның өзіндік айырмашылықтары. Жалпы мәдениет мәнмәтінін жаңғырту және оны мектеп сыныбы жағдайында маңызды ету. Мұғалімдердің сыни ойлауын қалыптастыру. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу және талдау нәтижелерімен салыстыру. Оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау. Қиын оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін біліу. Оқу үдерісінде оқушылардың әртүрлі қарым -қатынастары мен көңіл- күйлерін болжамдау.

Күтілетін нәтиже: Ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы, қоршаған орта факторлары сынып мәдениетіне әсер етуі туралы білімдерді меңгеру. Оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық сипатта болатынын түсіну. Оқу сапасын арттыру мақсатында мұғалімдердің қарым- қатынасты анықтауы, реттеу әдістемесін және оқшылардың көңіл- күйін игеру. ЖАДА туралы түсінік қалыптасады.

Пайдаланатын ресурстар: Бейне - роликтер

Белсенді әдіс - тәсілдер: «Сөздер банкісі» «Бірге ойлаймыз»

Уақыт

Іс - шаралар

Коучтың іс - әрекеті

Мұғалімнің іс - әрекеті

Формативтік бағалау

5 минут

Миға шабуыл

«Фигура түрлерін атау»

Топтастыру

Геометриялық фигуралар түрлерін және оның өзіне ғана тән ерекшелігін атап өту тапсырылады фигура түрлері бойынша 3 топқа бөледі

Фигура түрлері мен ерекшеліктерін атап өтеді , топтарға бөлінеді


20 минут

«Орми» туралы бейне көрсетілім

Бейне көрсетілімді зерделеу және ол туралы ойларын айту. Коуч Орми әрекеті оқушы әрекетіне ұқсай ма? деген сұрақ қояды

Бейне роликте көрсетілген іс әрекет туралы баяндайды , талдайды

қателігін дәлелдейді

Смайлик әдісімен топтар бір бірін бағалайды

20 минут

Мінсіз мұғалімді сипаттау

Коуч сұрақ қояды.Мінсіз мұғалім белгілерін ата? дәлелде Бір топ ыстық столға отырғызылады

Сұрақ бойынша «Ыстық столда» отырған топқа қалған топтар сұрақ қою арқылы тақырып талдайды

Екі жұлдыз , бір тілек әдісімен топтар ыстық столда отырған топты бағалайды

15 минут

Коуч оқудағы кедергілер туралы түсінік береді.

«Бірге ойлаймыз » әдісімен топтарға тапсырма беріледі



Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік беру

Коуч топтарға постер таратып беріп , мектепте білім беру мен тәрбиелеуде кездесетін кедергілер туралы не ойлайсыз? Оны қалай жеңіуге болады

«Орман алаңындағы туристтер» суретімен жұмыс істеу

Топтардағы мұғалімдер постерге өз ойларын жазып , қорғайды , өз ойларын айтады



Суретпен жұмыс істейді

Күн әдісімен топтар бір бірін бағалайды

5 минут

Қорытынды

Коуч тақырып бойынша түйін айтады

Мұғалімдерден кері байланыс алады

Рефлексия жазады










© 2010-2022