Металды дәнекерлеуге дайындау ережесі, еңбек қауіпсіздігінің нұсқауы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

______________Тукеева Ж.С.

Сабақ жоспары № 2


Күні-айы: 06.11.2015 Топ: ЭД-03 Курс: I

Мамандығы:1114000 - дәнекерлеу ісі

Бөлімнің тақырыбы: Слесарлық жұмыс.

Сабақтың тақырыбы:Металды дәнекерлеуге дайындау ережесі, еңбек қауіпсіздігінің нұсқауы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге дәнекерлеудің мәні,қызметі және түрлерін, жалпы металдың қасиеттерін түсіндіру.

Дамытушылық:Студенттерге құрал-саймандарды күтіп ұстау, материалдар мен шикізаттарды үнемді пайдалану, еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Студенттерді жауапкершілікпен және ұқыпты, тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету

Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау)

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар:Металл дайындамалар, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал-саймандар түрлері және суреттері, карточкалар.

Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білімалушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1.Дәнекерлеу дегеніміз не?

2.Дәнекерлердің түрлері қандай?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Дәнекер деп аталатын аралық металл немесе қоспаның көмегімен металл детальдарды ажыратпай қосуды түзу жөніндегі операция дәнекерлеу деп аталады. Детальдардың дәнекермен қосылған орны тігіс деп аталады.Дәнекерленген тігісті алу үшін қосылатын бетті тотық және май қалдықтарынан мұқият тазалайды да флюспен бүркеп шығады. Содан соң металл тігісі дәнекер еритін температураға дейін қыздырылады еріген дәнекерді тігіске салып толтырады. Дәнекерлеудің екі түрін -жұмсақ немесе оңай еритін дәнекерлермен дәнекерлеу мұнда балқыту температурасы 4000-4500-дан аспайды. Қатты немесе қиын балқитын дәнекерлермен дәнекерлеу мұнда балқу температурасы 4500-5000-тан жоғары болады. Жұмсақ дәнекерлермен дәнекерлегенде қалайы қорғасын дәнекерлері қолданылады. Қатты дәнекер ретінде көбінесе мыс- мырыш және күміс дәнекерлер қолданады. Дәнекерлегіштің үш түрі: балғалық, маңдайлық және электр дәнекерлегіштері.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1. Жалпы металл дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?

2. Металдың түрлері, қасиеттері қандай?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1.Металл қасиеттері мен түрлеріне сипаттама

2.Слесарлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздігі

3.Металды дәнекерлеуге дайындау ережесі

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:

Металл және оның қасиеттеріне сипаттама, слесарлық құрал-саймандардың атауы, суреті және сипаттамасын дайындау, сөзжұмбақ құрастыру.

5.Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері: _______________Бердимуратова А.О.

© 2010-2022