Доклад о проделанной работе и достижениях

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Доклад о проделанной работе и достижениях



Чильдибаева Гульнур Танатаровна

«Мектепке дейінгі шағын орталықты Ш.Уәлиханов орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жоғары санатты, еңбек өтілі - 28 жыл

Ұстаз еңбегінің жемісі - шәкіртінің жеңісі

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер оқытушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді. Сондықтан мен өзімнің әрбір сабағымда оқушыларды шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыс жасаудамын. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында 2011 жылы сәуір айында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында «Конструирование и отбор методов обучения на основе компетентностного подхода» тақырыбындағы курстан өттім, ал 2012 жылы 6 - қаңтарда Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған мультимедиялық-лингафонды кабинеттердің «Пифагор» және «Арта» операциялық жүйесі бойынша тренингке және «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» атты семинарға қатыстым.

Доклад о проделанной работе и достижениях

Білім беру ісіндегі шығармашылық еңбегімнің нәтижесімен тәжірибе алмасу мақсатында ғаламторда ustaz.kz сайтында «Тема любви в творчестве С.Есенина», «Наш Пушкин», «Тестовые задания по морфологии» , «Причастие», «План самообразования учителя русского языка и литературы» және т.б. жұмыстарым таратылды. Сонымен қатар 2014 жылы қаңтар айында республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналда орыс тілінен «СПП с придаточными определительными» атты сабағымның даярламасы жарық көрді.

Тынымсыз еңбек пен шығармашылық ізденіс нәтижесінде Алматы қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастыруымен өткен «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі» байқауында өзіндік жаңашылдығы мен кәсіби шеберлігімен ерекшеленгендігі үшін 1-дәрежелі Дипломмен марапатталдым.

Доклад о проделанной работе и достижениях

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, түрлі байқауларға қатыстырған шәкірттерім Жақып Әлішер пән олимпиадасынан 2-орын иеленсе, Джансеитова Диана «Пушкин оқуларынан» 3-орынға ие болды.

«Оқу мен тәрбие егіз» қағидасын ұстана отырып, өзімнің 10 «А» сынып оқушыларымен Президент күніне орай елбасының еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ел тұтқасы - Елбасы» атты әдеби-музыкалық қойылымды мектеп оқушылары мен ұстаздарының назарына ұсындық.

Доклад о проделанной работе и достижениях

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Осы орайда сыныбымның оқушысы Мұқият Ділнұрдың республикалық «Елназар» журналының 2014 жылғы маусым айындағы санында «Сыныбыммен мақтанам», «Елім дейтін ер болмаса..», «Оянатын кез жетті» атты мақалалары жарық көргенін айта кеткім келеді.

© 2010-2022