Открытый урок на тему Абай

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы - жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

  3. Электрондық оқулық

  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

«ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕРМЕДІМ» - Абайдың 1885 жылы жазған өлеңі. Алғашқы 2 шумағы 4 тармақтан, кейінгі 2 шумағы 3 тармақтан тұрады.

Өлеңнің басты идеясы - жастарды білім, ғылымға үндеу. Ақын ел ағасы ретінде жастарға оқып, білім алыңдар деген құрғақ үгіт айтпайды. Жасында ғылым қажет екенін ескермей, ер жеткен соң қолын кеш сермеп, одан махрұм қалғанын өз басының айықпас қасіреті ретіңце өкінішті сыр етіп шертеді. Бірақ бұл жерде Абайдың өзегін өртеп отырған әйтеуір қатардан қалмай, сауат ашу емес. Өз замандастарынан оқуының да көбірек, білімінің де жоғарырақ екенін ақын жақсы біледі. Бұл білімге оның көңілі толмайды.

Оның аңсайтыны - нағыз зерделі де терең ғылым жолы, өзі мейірі қанып сусындай алмаған шығыс ғұламаларының еңбектері, кештеу болса да дәмін татып қалған орыс, батыс классиктерінің шығармалары, қазақ елінен гөрі дамудың неғұрлым жоғары сатысында туұрған елдердің ғылымы. « Мен оған қол жеткізуден кеттім, ендігі кезек сендердікі,» - дейді жас үұрпаққа. Осы тұста ақын нағыз кемеңгерлік танытып, өмір кілті саналатын сол білім, ғылымның бағдарламалық бағытын, оқитын жастың алдындағы мақсат-міңдетін анықтап береді.

Аз оқумен-ақ: «Өзім де басқа шауып, төске ерледім, Қазақта қара сөзге дес бермедім...», ендеше балаларымды үлкен қалаларда оқытқандағы ойым не?» - деген сураққа айтар жауабы айқын. Ақын:

«Баламды медресеге біл деп бердім,

Шен алсын, шекпен алсын деп бермедім...»-деген жолдар арқылы білімді адамның борышы шен-шекпен емес, туған халқына қызмет ету деген үлкен ордалы ой тастайды. Сөйтіп өз басының кемшілігін, орны толмас өкінішін әлеуметтік деңгейге көтеріп, саналы ұрпаққа сара жол сілтейді. Туынды мазмұны, айтар ойы жағынан осындай жаңа үн танытса, жазылу түрі жағынан да ақынның өзгеше ізденіс жолын көрсетеді. Шығарманы шартты түрде 4 тармаққа бөлгенімізбен, оның ұйқас өрнектері әр қилы. Алғашқы шумақ 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылса, одан кейінгі шумақ -а, -ә, -б, -ә түріндегі аралас ұйқаспен келеді. Ал соңғы 6 тармақ бірыңғай шұбыртпалы ұйқас үлгісінде. Бірақ шығарма басынан аяғына дейін «ескермедім, тексермедім, кеш сермедім, өстер ме едім, жек көрмедім, деп бермедім, төске өрледім, дес бермедім,теріс көрмедім» деген ұйқастар арқылы тұтас бір өлшемге құрылған бір тармақ түрінде оқылады.

Қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдеріне аударылған. Ақынның бұл өлеңіне композитор Нұрғиса Тілендиев романс жазған.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Өлеңді оқу және талдау.

  • Ақын өкініші.

  • Бала оқытудағы мақсаты.

  • Өзі туралы сырлар

Әдеби талдау:

  • Өлеңдегі ақынның ағартушы-демократтық көзқарасы.

  • Ұрпақты ғылымға үндеуі, «шен алу» сияқты таяз мақсаттан жирендіруі.

  • Сөздікпен жұмыс

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Открытый урок на тему Абай

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім.

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

  • Өлеңнен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

Үзінді

Беті

Пікір

Сабақты қорыту.

"Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңі - осы кезеңнің алғашқы туындыларының бірі.Ақын өткенді тебірене оймен шолып, келешекке көз жібереді. Оқу-білімді шексіз ардақтаған ақын, бір жағынан, жасымнан бір жолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бола тұра, білгенін азырқанады. Басқа жағынан қараса, сонша өкінетіндей де ғұмыр кешпеген сияқты:балаларын оқытыпты, олардың алдарына мансап үшін емес, білу үшін оқу мақсатын қойыпты. Өзі де қатардағы көптің бірі емес екен: "басқа шауып, төске өрлепті", "қазаққа қара сөзге дес бермепті". Осындай толғаныс үстіндегі ақын еңбегімді бағалаған ешкім жоқ, сондықтан "тыныш жүргенді теріс көрмедім" дейді соңында. Бірақ бұл "теріс көрмедім" - енді бәрін қойып, тыныш жатамын дегенді білдірмейді. Бұл бір сәттік, "сөйтсе қайтер еді" деген реніш, ыза ғана.

Абай, өз сөзімен айтқанда, "бұзылған заманды түзетудің" жолын іздеді. Сондағы бір сенгені - жаңаша терең білім алып, адамшылықты бойына мол дарытып өсер ұрпақ болды, содан көп үміт күтті.

Үйге тапсырма: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жаттау.


© 2010-2022