Салауатты өмір салты мемлекеттік бағдарлама

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың!

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.


Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош келдіңіздер!


Көңілді жарысқа 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Бүгінгі сайыста 4 топ қатысады.


Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.


- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Секіртпемен секіру.» Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.
ІІ кезең: «Аққала»
Шарты:
1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
2. Допты жерге ұрып жүгіру.
3. Футбол добын теуіп бару.
4. Допқа шелек кигізу.

ІІІ кезең: «Туннель»
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
ІV кезең: «Дартс» Шарты: дротиктерді лақтырып, тиген жердегі сан есептелініп, сол бойынша қай топтың упайы көп, сол топ сол шарттың жеңімпазы болады.
V кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәт сапар!

1-Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
2- Топтың ұраны: Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін.
3- Топтың ұраны:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
4- топтың ұраны: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.


Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт - көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

© 2010-2022