Әліппе әлемі-әріппен әдемі ертеңгілігі

Жеті жасар баласын, Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде,                                                 Қайда әлгі мектеп деп,          Жетпіс келеді сүрініп, Жеті келеді жүгіріп. Атасы:     Әділет                             Балам,  балам жақсы бол,                             Міне,  сенің мектебің                             Сабағыңа зейін сал,                                                    Ақылды бол, тентегім.                          Немересі: Асылан                          ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы,

Қарақия ауданы,

Құланды орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ергешова Фарида Қалдыбайқызы

Тақырыбы: «Әліппе әлемі-әріппен әдемі»

Ашылуы: Атасы немересін жетектеп шығады.

Автор:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп,

Келе жатыр көшеде,

Қайда әлгі мектеп деп,

Жетпіс келеді сүрініп,

Жеті келеді жүгіріп.

Атасы: Әділет

Балам, балам жақсы бол,

Міне, сенің мектебің

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім.

Немересі: Асылан

Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Қадамымды құп алып.

Мұғалім:

Армысыздар құрметті ақ жаулықты әжелер, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Міне, осыдан 4 ай бұрын білім бәйгесіне қосқан тұлпарларыңыз бүгін де сүйікті әліппемен қоштасқалы отыр. Әлеппені бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып, қуаныштымыз. Бүлдіршіндердің бұл қуанышы сіздердің де көңілдеріңізге нұр құяры анық.

Олай, болса «Әліппе әлемі- әріппен әдемі» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым,

Өзі оқып жазатын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың!- дей отырып ендігі кезекті әліппе бітіруші

бүлдіршіндерге берейік!

Бәрі хормен:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Қонақтарды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қарақат: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Айбын: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім мақтанамын,

Әріп сырын үйреткен Әліппеммен

Құрметпенен қоштасып мен қаламын.

Мүғалім: Иә, балалар Айбын дұрыс айтады, Әріптер сырын үйреткен қай кітап екен?

Бәрі хормен: Әліппе

Мұғалім: Алғаш қазақ балалары үшін мектеп ашқан кім екен?

Бәрі хормен: Ыбырай Алтынсарин.

Мүғалім: Білім туралы Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырған?

Бәрі хормен: Кел, балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Мұғалім: Балалар, менің сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?

Бәрі хормен: Ол сүйікті Әліппе.

Олай болса өздерің алғаш рет қолдарыңа ұстап, сауаттарыңды ашқан аяулы Әліппемізді

ортаға шақырайық.

Бәрі хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Мұғалім: Әліппе біздің даусымызды естімей жатқан сияқты. Келмей жатыр ғой.

Тук, тук!

Мынау 1-сынып оқушылары ма?

Бәрі хормен: Иә.

Почтален: Сіздерге хат келді.

Оқушы: Кімнен?

Почтален: Білім патшасынан

Ашып болған соң.

Қүрметті бірінші сынып оқушылары! Әліппе сендердің бүгінгі ертеңгіліктеріңнен кешігіп қалуы мүмкін. Себебі, алдында әр түрлі кедергілер көп екен. Әліппеге сендердің көмектерің қажет. Көмектесіңдер!

Сәлеммен: Білім патшасы.

Абылай: Апай, Әліппе біздің тойымызға қалайда қатысуы керек қой.

Мұғалім: Олай, болса көмектесуге дайынбыз ба?

Бәрі хормен: Иә, дайынбыз.

Әліппе әлеміне қош келдіңіздер!

Әліппеден балалар,

Не үйрендің, не білдің?

Қане, айтшы қатесіз,

Біліміңді көрейін.

1. «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтып бер.

2. «Жарыс» мәтінінің мазмұнын айтып бер.

3. «Қаһарман» мәтінін оқып бер.

Мақал-мәтелдер әлемі

Адамның сәні - өнер, білім, ақылы,

Жердің сәні - жеміс, өнім, дақылы.

Пікірдің сәні - ең пайдалы мақұлы,

Сөздің сәні - өнегелі өмір нақылы.

Қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Файзали: Ана алдында -құрмет, Ұлмекен: Жүзден біреу - шешен,

Ата алдында- қызмет. Мыңнан біреу - көсем.

Мархабат:Отан үшін отқа түс күймейсің. Диас: Бірлік болмай, тірлік болмас.

Берекет: Білекті бірді жығар, Оқусыз білім жоқ,

Білімді мыңды жығар. Білімсіз күнің жоқ.

Жұмбақтар әлемі

Біз жұмбақтар айтамыз,

Шешуін сіз тапсаңыз,

Жолыңызды біз ашамыз.

1. Темір тілді,

Күміс үнді. (Қоңырау)

2. «Өрікте» - сөздің басында,

«Бөрікте» - «б-ның» қасында.

Бұл қай әріп көріңдер,

Енді айтып беріңдер? (Ө)

3. «Қаздан» көре аласың,

«Қағаздан» да табасың.

Байқамасаң анықтап,

«Үш» екен деп қаласың. (З)


Өте жақсы балалар, бұл кедергіден де өттіңдер. Рахмет сендерге.

Балалар, біз де жұмбақ жасыра білеміз бе? Қане, кім қандай жұмбақ біледі?

Жандос: Қос бүйірін таянып,

Тұратын ол қай әріп. (Ф)

Санамақ елі

Мен санамақ боламын,

Ақыл -ойдан тұрамын.

Айтып берсең санамақ,

Қазір жолды ашамын.

Аружан санамақ айтады.

Өте жақсы

Өнерлілер елі

Ән шашу. 1. Айғаным. «Ертегілер, ертеілер»

2. би

3. Көркем сөз. «Таудай болып өсеміз» Ғалымжан

4. Ата-аналар өнерін тамашалайық

«Алдаркөсе мен Қожанасыр» елі

1. Алмас: - Оу, Қожеке, сіздің жылыңыз не?

Жалғас: - Айдаһар.

Алмас: - Жылдың бірі жылан еді, ал айдаһар деген жыл атын осы жасқа

келгенше естімеп едім.

Жалғас: - Он жасымда әкем жылың жылан деп еді. Қазір алпысқа келдім. Елу

жылда жылан айдаһар болмай не болады?

2. Асхат: - Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен?

Нұрберді: - Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады.

3. Бір күні Қожанасыр басына сәлде орап базардың ішінде кетіп бара

жатса, біреу:

Тұржан: - Қожеке, мына хатты оқып беріңізші?

Досжан: - Мен хат танымаймын.

Тұржан: - Басыңызда сәлде тұр ғой, қалай танымайсыз?

Досжан: - «Мәселе осы сәлдеде болса, өзің оқы» - деп сәлдені басына кигізіп

кетеді.

Ертегілер елі

«Кім неден күшті?» ертегісі.

Құмырсқа балаларды білім патшалығна алып келеді.

- Сәлеметсіздер ме?

- Амансыңдар ма? - балалар!

Білім патшасы:

Мен сендердің келетіндеріңді білгенмін. Барлық кедергілерден өз білімдеріңнің арқасында өттіңдер. Сендердің қайтпас қайсарлықтарыңа тәнті болдым. Әліппелеріңді орталарыңа ала қойыңдар.

Әліппе балалардың қасына келеді.

Әліппе: Маған көмектескендерің үшін сендерге көп рахмет.

Айғаным: Сөзімізге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз,

Әліппеге арналмақ

Ендігі жыр-әніміз.

Дәметкен: Ең алғаш қолға алғанда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді,

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Дана: Әліппені алып қолыма,

Білімнің аштым есігін,

Ақ ниет тілеп жолыма,

Жазылды тұңғыш есімің.

Еңлік: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

Абылай: Әріптерді жаттадық,

Есте мықты сақтадық.

Ұмытпаймыз бәрін де,

Атын, затын, түрінде.

Меруерт: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке,

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

Назерке: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы,

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Айдос: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Айгерім: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

Нұрай: Жазуды да жазамыз,

Суретті де саламыз

Нұрға толған санамыз,

Біз өнерлі боламыз.

Хор: «Әліппе, Әліппе»

Мұғалім: Балалар Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не

айту керек?

Перизат: Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп

Біздерге білім үйреткен,

Бәрі: Әліппе саған рахмет.

Жарылғасын: Ата-анаңнан кейінгі,

Екінші адам өмірде,

Бала бол деп зейінді,

Мейір құйған көңілге,

Ол ұстазың сүйікті.

Асылан: Білім беріп көзді ашқан

Ақылшым менің ұстазым

Мейіріміңнен сен асқан

Адалдық жолын нұсқадың.

Әсел: Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.

Фарида: Жарқын жүзді ұстазым. өлеңін оқиды.

Хор: Мұғалім ол біздің.

Нұрберді: Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсам шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам.

Ақсүйрік: Бұл мереке сенің арқаң анашым,

Бір мен үшін керектіні табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.

Әліппені аяқтау, барлық әріптерді тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Әліппені табысты аяқтауға көмегін аямаған ата-аналарға да мың алғыс.

Қарлығаш «Анашым» әні

Әліппе:

Құрметті оқушылар, мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріңе көзім жетті. Қоштасатын да уақыт келді. Бірақ сендер мұңаймаңдар. Мен орныма мұрагер ретінде

Ана тілі деп аталатын бауырымды қалдырып кеткелі отырмын. 4-жыл бойы осы Ана тілімен бірге боласыңдар. Бауырымды ренжітпей, жақсы оқыңдар. Қош болыңдар, достарым!

Қош, сау бол! Сүйікті Әліппем!


Аружан: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Қарақат. «Бал, балалық» әні

Мұғалім: Білім деген таусылмайтын бұлақтай,

Білім деген желкілдеген құрақтай.

Қарсы алдыңнан сәуле шашып тұратын,

Білім деген ай мен жұлдыз шырақтай, -дей келе

Өз еңбектеріңмен алған білімдерің- өздерің үшін де, еліміз үшін де таусылмамайтын қазына болсын! Денсаулықтарың әрқашан мықты болып, білімдеріңді әрі қарай дамытатын, ерінбейтін еңбекқор шәкірт болыңдар дегім келеді.



8

© 2010-2022