Сабақ жоспары

Оқытушы: Жұматаева З.ЖПән: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия .Топ: ББМ-01 Сабақ типі: аралас сабақ Әдістері: сұрақ- жауап, баяндау, жаттығу, топпен жұмыс, топтастыру, т.б. Сабақтың тақырыбы: Етістік, жасалуы.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды етістің тұлғасына, құрамына, іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай, мағынасына қарай түрлерімен, етістіктердің жасалуымен таныстыру, меңгерту. Жаттығу жұмыстары арқылы етістіктерді таба білуге, мағыналық түрлерін ажырата білуге, етістіктерд...
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспарыСабақ жоспарыСабақ жоспарыСабақ жоспарыОқытушы: Жұматаева З.Ж

Пән: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия

.

Топ: ББМ-01

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдістері: сұрақ- жауап, баяндау, жаттығу, топпен жұмыс, топтастыру, т.б.


Сабақтың тақырыбы: Етістік, жасалуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды етістің тұлғасына, құрамына, іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай, мағынасына қарай түрлерімен, етістіктердің жасалуымен таныстыру, меңгерту. Жаттығу жұмыстары арқылы етістіктерді таба білуге, мағыналық түрлерін ажырата білуге, етістіктерді пайдаланып сөйлем құрауға дағдыландыру.

Әдебиеттер: 1. Әбдіғалиева Т., Оралбаева Н., Шалабаев Б. "Практикалық қазақ

тілі" Алматы. "Ана тілі" 1993 ж.

2. Балақаев М. "Қазіргі қазақ тілі" Алматы "Ана тілі" 1992 ж.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Есімдік. Есімдіктің барлық түрін

пайдаланып, "Туған ауылым" деген тқырыпта шығарма жазу.

  • Есімдік дегеніміз не?

  • Есімдік қандай сұрақтарға жауап береді?

  • Құрамына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

  • Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

  • Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.

Жеке жұмыс:

№1. Сан есімнің синтаксистік қызметін анықта.

  1. 2010- біз үшін қастерлі жыл.

  2. Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

  3. Қазақстандағы оқу орындарының саны- жүз қырық тоғыз.

№2. Есімдіктің синтаксистік қызметін анықта.

  1. Анасы әлдеқашан ұйықтап қалған баласын оятқысы келмеді.

  2. Атымның сыры өзіме мәлім.

  3. Біреудің бойы аласа, біреудің ойы аласа.

Сөздік диктант: 14, 27-үй, ІІ том, екеу, 10-даған, 15-20 дәптер, 2-2-ден, жүзден бір, 16-ларда, жетеу, елу шақты, 8 ақпан, 5- сынып, 2008 жыл, үш жарым, 40-50, 1684 жылы, ҮІІ бап.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің түсіндіруі.


Етістік

Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?




Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Негізгі етістік

Туынды етістік

Дара етістік

Күрделі етістік

Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Мысалы: кет, жүр, жат, көрген

Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғау арқылы жасалған етістік. М. ой-ла, есеп- те, жу- ын

Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұратын етістік. М. баста, кес, аяқта, байы.

Кемінде екі сөздің тіресуі арқылы жасалады. (нег+ көм) М. бара жатыр, уәде берді, ұйықтап жатыр еді.

Іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай

Мағынасына қрай

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Салт етістік

Сабақты етістік

Іс- әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: кел, сан, жазды, көшірді

Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрн. арқ. жасалады: кел-ме

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. М. үйге кел, үйден шық, үй өртенді.

Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. М. хатты оқы, ақшаны сана, төсекті сал.

ІV. Бекіту.

Әбдіғалиева Т., Оралбаева Н., Шалабаев Б. "Практикалық қазақ тілі" А.1993

76- жаттығу. (125 бет)

85- жаттығу

88- жаттығу (ауызша)

  1. Жұмбақты шешіп, болымсыз етістікті тап, сұрақ қой.




Жансыз өзі жүрмейді.

Жанды оны сүйрейді. (арба)

Орақ құйрық, тарақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас. (әтеш)


Бір атым бар-

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген. (велосипед)


Өзі кірден арылмас,

Ізінен кір табылмас. (сыпырғыш)


Қал десем- қалмайды,

Жұмсасам- бармайды. (көлеңке)




Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ таппайсың. (тұз)


Ойдың аяқталуын күтпейді,

Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (үтір)


Топпен жұмыс:

1 қатар: Құрамында болымсыз етістіктері бар мақал- мәтелдер айту;

2 қатар: Құрамында сабақты етістігі бар мақал- мәтелдер айту.

3 қатар: Құрамында туынды етістігі бар мақал- мәтел айту.


Тест жұмысы

V. Қорытынды:

  • Етістік дегеніміз не?

  • Етісіктің есім сөз таптарынан айырмашылығы қандай?

VI. Үйге тапсырма: 84- жаттығу. (138- бет).

86- жаттығу. (138- бет).


VII.Бағалау.







© 2010-2022