Жеті қазына сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Бауыржан Момышұлы атындағы

№5 орта жалпы білім беретін мектебі» ММ

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

ТАӘ (толық)

Муздибаева Р.Т.

Пән

Қазақ тілі

Сынып

7 «А», «Б2», «В», «Г»

Күні

22.01.16ж 1 сағат

Деректемелер:

Базалық оқулық

Т. Артыкова, Г. Ермекбаева

Алматы «Атамұра» 2012

Қосымша әдебиет

интернеттен

Сабақ тақырыбы: Жеті қазына.

Сабақтың мақсаты:

- білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
- дамытушылық:
Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
- тәрбиелік:
Оқушыларға өз елін қастерлеуге, «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
2. Сабақ типі
:Жаңа білімді меңгерту сабағы.

3. Оқушылардың жұмыс формасы: түсіндіру, іздендіру, талдау, сұрақтарға жауап беру.

  1. Қажетті техникалық жабдығы: интерактивтік тақта

  2. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар: презентация, суреттер, кеспе қағаздар,

  3. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыты

(мин.)

1

I. Ұйымдастыру кезеңі және сабақ басталуы

  • сәлемдесу;

  • түгендеу;

Кезекші, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1 мин

2

ІІ. Мотивациялық

Бақыт деген- досыңның табағында,

Бақыт деген- домбыра шанағында,

Бақыт деген- өзіңнің босағаңда,

Бақыт деген- халықтың қабағында.

Оқушылар мұғалімнің артынан қайталайды.

2 мин

3

ІII. Сабақ мақсаты мен міндеттерін қою

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту

1 мин

4

IV. Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы сұрап, бағалау.

Оқушылар үй тапсырмасын айтады.

5 мин

5

V. Негізгі білім көкейтестігі

Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?

1 атпада неше күн?

Жеті атаңды білесіз бе?

Жеті ұрпақ деп кімдерді айтады?

Оқушылар берілген мақал- мәтелдерде не туралы айтылған?

3 мин

6

VІ. Жаңа материалды оқу.

Мұғалімнің сөзі: бүгінгі сабақтың тақырыбы Жеті ата.

Мұғалімнің сөзі: оқушылар сұрақтарға жаап береді.

Бір аптада 7 күн бар.

- Жұмада 7 шелпек пісіреді.

- Жеті ата бар

- Жеті ана бар

- Жеті ұлттық аспап бар

- Жеті ғаламшар бар

- Жеті қазына бар.

1 тапсырма: «Жеті қазынамен» танысу, әңгімелеу.

1. Ер жігіт

2. Сұлу әйел

3.Ақыл-білім

4. Жүйрік ат

5. Қыран бүркіт

6. Берен мылтық

7.Тазы ит

2 тапсырма: Реттік сан есім ережесін қайталау.

Сергіту кезеңі.
3 тапсырма: Сұрақ-жауап

- Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?

- Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді.

Жаңа сөздер:

салт-дәстүр - традиции и обычаи

ырымдар - поверие

жеті қазына - семь богатств

ер жігіт - жигит

сұлу жар - красивая жена

жүйрік ат - быстрый скакун

қыран бүркіт - зоркий беркут

құмай тазы - охотничая собака

берен мылтық - оружие

өткір пышақ - острый нож

Тапсырма: «Жеті қазынамен» толығырақ таныстыру.

1. «Ер қанаты -ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы-қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.

2. Тазы - иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған. Тазы - артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен.

3. Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, қылыш, мылтық болған. Дұшпандарын мылтыкпен жеңген. Батырларымыз жауға осы қару - жарақпен шыққан.

4. «Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.

5. Әйел - ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүйеу бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі.

6. Қыран бүркітті ата-бабаларымыз балапан кезінен баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен тымақ, ішек, тон жасап киген.

7.Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер дүниеге келді. Сондықтан ілім-білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.

Оқушылар «Жеті қазынамен» танысып, өз ойларымен бөліседі, дәлелдейді.

Оқушылар ережемен танысып, мысалдармен дәлелдейді.

Сергіту сәтің орындайды.

Оқушылар берілген тапсырманы ауызша орындайды.

Оқушылар жаңа сөздермен танысады, мысал келтіреді.

Оқушылар берілген тапсырманы ауызша орындайды.

3 мин

6 мин

3 мин

2 мин

3 мин

3 мин

6 мин

7

VIІ. Қорытынды

Бас бармақ - өз денсаулығым үшін не істедім?

Балан үйрек - Көңіл-күйім қандай?

Ортан терек - сабақта неге үйрендім?

Шылдыр шүмек - нені білдім?

Кішкентай бөбек - не ұнады?1.

Сабақты қорытындылайды

3 мин

8

VIІІ. Үй тапсырмасы

Жеті қазына туралы білу, сурет салу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.

1 мин

9

IX. Сабақ бағаларын жариялау

Жұмыс жасаған оқушыларға тиісті бағасы қойылады.

1 мин

10

X. Рефлексия

және сабақты ұйымдастырылған түрде аяқтау

Не білдік?

Не үйрендік?

2 мин

«Жеті қазына»

1. Ер жігіт

2. Сұлу әйел

3.Ақыл-білім

4. Жүйрік ат

5. Қыран бүркіт

6. Берен мылтық

7.Тазы ит

«Жеті қазынамен» толығырақ таныстыру.

© 2010-2022