Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ыбырай өмірі мен шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей әңгімелеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары

Сабақтың әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Пәнаралық байланыс: тарих,

Сабақтың түрі : ізденіс сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1. Шоқан Уәлихановтың досы кім?

2. Шоқаның ғылыми еңбектері.

3. Қазақ поэзиясы туралы.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.

3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.

1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау. Слайд арқылы.

1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1879-1883жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

Ы. Алтынсарин -оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

3. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

4. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

ІV. Сабақты қорытындылау, бағалау.

1. Ыбырай Алтынсарин кім? - Ақын, ағартушы, педагог, жазушы, оқулық авторы.

Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

V.Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау,

Өлеңін жаттау.


© 2010-2022