Қазақ тілі. 8 сынып. Дастархан

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дастархан

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ата - баба дәстүрін сақтай білуге, нанды қастерлеуге, ас ішу

тәртібін есте сақтауға, салауатты тамақтануға тәрбиелеу және сонымен

қатар қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен тереңдете

таныстыру, еңбекқорлыққа баулу.

Көренкілігі: Нақыл сөздер, ас түрлері

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тыныс тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмысты бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз да этнографиялық салтына қарай дастарханның да өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін, жүнін, етін, сүтін және тары, сұлы, күріш, арпа сияқты бақша дақылдарын ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп, тағам жасау өнерін де жақсы игерген. Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ.

Біздің бүгінгі сабағымыз «Дастархан дәмі - киелі» деп аталады. Сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:

І бөлім - Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар

ІІ бөлім - Дастархан басындағы дәстүрлер

ІІІ бөлім -Ас ішу тәртібі

ІҮ бөлім - Бата беру

І. «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар»

  1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

  2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

  3. Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. Дастарханнан аттама.

  4. Әкесі отырғанда баласына бас атртылмайды.

  5. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.

  6. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

  7. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

  8. Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

  9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру - қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу - жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

  10. Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер»

  1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет тұтады.

  2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той - тамаша, ас - су беруге жайылады.

  3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

  4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

  5. Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

  6. Күнделікті отбасының тамақтануынада ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.

  7. Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.

  8. Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы еі үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.

  9. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.

  10. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата - анаға, үлкенге ұсынады.

  11. Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылатын су жылы болуы керек.

ІІІ. «Ас ішу тәртібі»

  1. Тарта жесең, тай қалар, Қоя жесең, қой қалар, Қоймай жесең нең қалар - демекші тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

  2. Асыт асықпай, әбден шайнап жұту керек.

  3. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

  4. Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан талғаммен ішу керек.

  5. Тамақтану жиілігі 3 немесе 4 - 4,5 сағат болу керек.

Салауатты тамақтанудың ережелері:

- Күнделікті мәзірде: жануар текті - ет, балық, жұмыртқа, сүт, ірімшік, май, айран және өсімдік текті - өсімдік майы, картоп, жеміс - жидек, ұннан, дақылдан жасалған өнімдер болу керек.

Дұрыс тамақтану тәртібі:

Таңғы ас калориялы болу керек, ірімшік, жұмыртқа, сүт ботқасын жеу керек.

Түскі аста көкөніс жеу керек. Көкөніс пен жемістерден салат, ет пен балық тағамдарына, макарон өнімдеріне көкөніс қосып жеу керек. Суысн: шырын, компот, кисель.

Түстен кейін сүт, қышқыл сүт өнімдері, кепкен нанмен, майсыз печеньемне, жеміспен компот ішу керек.

Кешкі асқа- сүт, көкөніс, ірімшік, жұмыртқа. Қышқыл сүт өнімдері мен жеміс жеу керек. Кешкі тамақты жатардан 2 сағат бұрын ішу керек.

Қазы, жая, омыртқа, көмбе деген,

Қуырдақ, сүр, мипалау тәтті неден?

Қарта, төстік, жая, шұжық, жаужұмырдың,

Қазағым қасиетін ерте білген.

Қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы. Қазақтың ұлттық тағамдарына сүттен жасалатын (ақ тағамдар), еттен жасалатын (қызыл тағамдар), ұннан жасалатын (дән тағамдар), тағам түрлері бар.

Сүттен жасалатын тағамдар: сүт, қымыз, шұбат, ірімшік, уыз, май, балқаймақ.

Еттен жасалатын тағамдар: қазақша ет, шұжық, қуырдақ, қазы қарта, сүр ет, бүрме, кеспе.

Ұннан жасалатын тағамдар: нан шелпек, таба нан, күлше, төңкерме, бауырсақ, құймақ.

Қазақ халқы ертеден асқа, тағамға үлкен мән берген. Халқымыз үшін сүт тағамдары ертеден -ақ кәделі болған. Сүт тағмдары ерте кездегі халықтың негізгі қорегі болып саналған. Ертеде жаугершілік заманда бітім жасалғанда, жас жұбайлар отау құрғанда, нәресте өмірге келгенде үлкен ақсақалдарымыз қолына ақ алып бата жасаған.

ІҮ. «Бата беру»

Асқа бата

Дастарханыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін,

Астарыңа адалдық берсін,

Бастарыңа амандық берсін,

Дендеріңе саулық берсін!

Әумин!

Дастарханға бата

Әумин десең бердім бата

Қабыл етіп бір Аллаһ

Бақ-дәулет, берекет

Үйіңізге ұяласын.

Жаратқан Ием аман қылсын

Бізге берген шәйіңіз -

Жақсы болсын жәйіңіз.

Бізге берген етіңіз -

Қабыл болсын ниетіңіз.

Мақсатыңа жетіңіз,

Бізге берген тұз-дәміңіз

Таусылмайтын несібе болып,

Аман-сау болайық бәріміз.

Әумин, Аллаһу әкбар!

Дастарханға-шаңыраққа бата

Әуелі құдай оңдасын,

Аруақтарың қолдасын.

Бақыт пен дәулет, бас пен мал,

Басыңа мәңгі орнасын.

Төрт құбылаң сай болсын,

Саған қастық ойлаған

Ғұмырында оңбасын.

Ақылды бол, арлы бол,

Бақытты бол, малды бол,

Қатарыңның алды бол!

Әумин

Ой қорыту:

Дастарханға қойылған тағамның қалай пісіріліп, дайындалғаны, сүйкімділігі мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. Дастарханның тағамның барлығы қолдан жасалған тағамдар болса өзінің сіңімділігімен, құнарлылығымен тіл үйіреруге әуес асе кендігін тағамдардың қадір - қасиеті, маңызы жайында айтады.

Бүгін сендер дастарханның қандай қасиетті ұғым екенін ұғына отырып, қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі - ұлттық тағамдарымыз жөнінде және тағамдар жайлы ырым - тыйымдарды, тамақтану мәдениеті жайлы білдіңдер. Тағамдардың барлығы дастарханға өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілендей», - демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің - ата -ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу. Еңбектерің жемісті, дастархандарың ырысты болсын деп бүгінгі сабағымызды аяқтай



© 2010-2022