Разработка урока по казахской литературе на тему Қасым Аманжолов (11 класс)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока по казахской литературе на тему Қасым Аманжолов (11 класс)Разработка урока по казахской литературе на тему Қасым Аманжолов (11 класс)Қазақ әдебиеті 11- сынып

Тақырыбы: Қасым Аманжолов

Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы өз ойларын жеткізе білу;

Білімділік: Ақын поэзиясының тақырыптарын анықтау;

Дамытушылық: Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып, арттыру;

Тәрбиелік: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру;

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, шығармашылық, сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекіліктер: бейнежазба, аудиожазба, презентация, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру.

«Шығанақ» романынан кейіпкерлерді сипаттайтын сөйлемдерді табыңдар - 1 топ.

Мәтіндегі оқиға орын алған жерлерді атаңдар. 2 топ.

  1. Сабақтың барысын айту.

  2. Сөздікпен жұмыс 187; 189; 191 бет.

Талғам, тауқымет, сұрапыл, талдырмаш, жігерлі, ұштастыру, тәнті ету, қаңғу, қорлау, тебірену, аңсау.

Сөз сөз тіркесі сөйлем

Сөздердің синонимін, антонимін айту.

  1. Мәтінмен жұмыс. 185-186 бет. (Слайд арқылы)

Ақынның өмірі, шығармалары туралы әңгімелеу.

  1. Ақын поэзиясының тақырыптары: Еңбек адамдары, Отан, соғыстағы қазақтардың ерлігі, махаббат, т.б. Қасым Аманжолов ақын ғана емес, сонымен қатар «Дариға, сол қыз», «Туған жер» өлеңдеріне ән де шығарған композитор.

  2. Баспасөз материалдарымен жұмыс.

«Таң-Шолпан» журналынан өлеңмен үзінді оқып беру.

Өтті ғой соғыс...

Дариға, сол қыз.

... Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым,

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.

Келемін қайтып, өлеңімді айтып,

Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!

Осы өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

  1. Тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма. «Дүниеге жар» өлеңін мәнерлеп оқыңдар. Өлеңнің идеясы мен тақырыбын анықтаңдар.

2-тапсырма.

Өлеңнің тақырыбына назар аударып, ақын қазақты қалай сипаттағанын айтыңдар.

Тәкаппар ұлы дүние!

«Қазақ» деген мен деймін.

Мылтығыңды ұсынба,

Қолыңды ұсын, кел деймін!

Презентация 1

Қасым Аманжолов - ақын, журналист, драматург, сазгер, аудармашы.

Презентация 2

Ақын поэзиясының тақырыптары

Презентация 3

Баспасөз материалдарымен жұмыс

Презентация 4

Дүниеге жар

Презентация 5

Туған жер

Бағалау.

Үйге тапсырма: 191 бет, 1-4 тапсырма.

Қорытынды

© 2010-2022