• Преподавателю
  • Другое
  • Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың маңызды жолы

Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың маңызды жолы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың маңызды жолы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор.

«Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Сондықтан, мұғалімдердің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Білім беру жүйесінің басты мәселесі - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері, жастардың, бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру - қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет. Сондықтан әрбір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сол себепті мұғалім әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесінде сынап қарауының маңызы зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу- тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін оның бойында ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек.

Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі - электронды оқулық. Электронды оқулық білім берудің кез келген саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасап, мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады.

Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
АКТ - ны қолданудың негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға, белгілі бір пән бойынша өз мүмкіндігін көрсете алуына, алған білімдерін іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.

Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың маңызды жолыСабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың маңызды жолы

Мен өз сабақтарымда АКТ-ні тиімді пайдалана отырып, оқушыларымның көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне ықпал еттім. Атап айтқанда, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ «e-history.kz» білім порталының қолдауымен мектеп оқушылары арасында ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесіне арналған «Ата даңқы - ұрпаққа ұран» тақырыбында өткен эссе жазудан республикалық байқауда жүлделі 1-орынды оқушым Әлімқұл Ақсымбат иеленді. Жеңімпаз Мадақтама қағазымен қоса ақшалай сыйлыққа ие болды.

10-сынып оқушысы Абдірәлі Ұлжан «Поэзия -рухани азығым» атты халықаралық көркем сөз оқу байқауына қашықтықтан қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмайды» тақырыбындағы оқушылар арасындағы сайысқа үздік жұмысымен қатысқаны үшін Қуан Айдана марапатталды .Сонымен қатар пән бойынша ұйымдастырылған олимпиадаларға оқушыларымыз қашықтықтан қатысып, жүлделі орындарға ие болып, ұстаздар мерейін асыруда.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану

оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік береді; жан-жақты ізденуге үйретеді; шығармашылық белсенділігін арттырып, өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Істеміров Н «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары», Алматы,2007.

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру //Информатика негіздері. -2006. -№3 (27).-Б. 2-4
3. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.



© 2010-2022