Қазақ тілінен сабақ жоспары. Тақырыбы Абай Құнанбаев

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С А Б А Қ №

Тақырып: Абай Құнанбаев.

Сабақтың мақсаты:

ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі оқушылардың

білімдерін тереңдету,білімдерін толықтыру; оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша және

ауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту,мәтіннің негізгі ойын

түсінуге үйрету,өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету;

мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқу

мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:

Абай шығармаларын түсіну арқылы оқушылардың бойына адами

құндылықтары сіңіру,жаман мен жақсыны айыра білігу үйрету.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпы игерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,кесте құрастыру, өлең мәтіні н мәнерлеп оқу,

шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, Абай туралы папка, ақынның шығармаларыныа

тұратын кітап көрмесі.

Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы, қазақ тілі, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен

мақсатын айту.

Психологиялық дайындық: Мен жақсы адам боламын.

Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын

Маған қажет білім. Өмірден өз орнымды табамын.

Сабақтың эпиграфы: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты іздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

(С.Торайғыров.)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

2015 жылы ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толады. Қаншама жылдар өтсе де Абай тақырыбы ескермейді, керісінше ол жұлдыздай жарқырай түседі. Оның тамаша тағылымдары үлкенге де,кішінің де ойында жүрсе жақсы болар еді. Абай шығармалары - адамға керекті ақылдың,кеңестің қайнар көзі. Біздің сабағымыздың эпиграфы болыт алынған С.торайғыровтың өлеңінің жолдары осының анық айғағы.

Абай өлеңдері, қара сөздерінің мағыналары терең,түсініп оқыған адамның жүрегінің түбіне терең бойлайды. Оның шығармалары адамның өзін-өзі тәрбиелеуінде де, мұғалімнің,тәрбиешінің,сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуінде де алар орны ерекше.

I.Ой қозғау - побуждение

1. Бұрын Абай туралы тақырыптарды өткендіктен,сынып оқушылары

«Инсерт» стратегиясы арқылы білімдерін қайталайды, жүйелейді,толықтырады.

Білемін

Білдім бүгін сабақта

Білгім келеді


II. Жаңа тақырыптың мағынасын ашу - осмысление.

Сынып оқушылары Абайдың «Он жетінші сөзін» түсініп оқып шығады.

1 топ -мәтінді оқып,мазмұнын айтуға дайындалады

2 топ - мәтінді рөлге бөліп оқиды

3 топ - мәтін бойынша 4,5,6,7 сұрақтармен жұмыс істейді, өз пікірлерін айтады.

Сұрақтар бойынша жұмыс:

- мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер

- жас бала анадан қандай болып туады ?

- ол екі түрлі мінездің айырмашылығы неде?

Сұрақтармен жұмыс:

1.Абайдың « осы күнде біз хайуаннан да жаманбыз» деген сөзнін қалай түсінесіз? (пікір

алысу,қазіргі заман мен салыстыру) - 1 топ оқушылары

2.Ақын «Он жетінші қара сөзін» қандай көңіл - күймен жазды деп олайсыздар? - 2 топ

оқушылары

3.Ұлы ақын тоғызыншы сөзін былай деп бастайды. «Осы мен өзім қазақпын.қазақты жақсы көрем бе,жек көрем бе?» Балалар,өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. - 3 топ оқушылары

III.Ой - толғау - рефлексия

1.Сұрақ -жауап.

Үйге тапсырма: Абайдың қарасөздерін оқып келу.

Бағалау.








С А Б А Қ № 11

Тақырып: А.Құнанбаев «Ескендір»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерінм жинақтап,кеңейтіп,толтыру. «Ескендір» поэмадан үзіндіні оқыту арқылы бас тақырыбының маңызын,көркемдік идеясын меңгерту;

2.Дамытушылық:зерттеу,салыстыру,талқылау барысынды өз тұжырымын басқалармен

салыстыруға,өз ойын еркін айтуға үйрету арқылы оқушының таным

мүмкіндігін дамыту;

3.Тәрбиелік:оқушылардың коммуникативтік қабілеттері арқылы ауызекі сөйлеуге, таза қазақ тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілік құралдары: Абай шығармаларының көрмесі, ақынның суреті, Абай туралы айтылған пікірлер, газет-жорнал материалдары.

Сабатың типі: оқушылардың білімін тексеру

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен сұхбатттасу,тіл дамыту жұмыстар (бір

шағын тақырып бойынша әңгімелесу)

Үй тапсырмасын тексеру: Абайдың қарасөздерін оқып келу.

I.Ой қозғау - побуждение

Сынып оқушылары Абайдың «Ескендір» түсініп оқып шығады.

1 топ -мәтінді оқып,мазмұнын айтуға дайындалады

2 топ -мәтін бойынша сұрақтармен жұмыс істейді, өз пікірлерін айтады.

II. Ой түйіні, пікір алысу - рефлексия.

Сабақ қорытындысын мұғалім жасайды: - Абай шығармашылығы туралы;

- ақынның қара сөздерінің тәрбиелік,

филисофиялық мәні туралы;

- Абай -Пушкин,

- қазақ әдебиетіндегі Абайдың орыны.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 40 - 42бет, «Ескендір» мазмұнын айту.


© 2010-2022