Тәрбие сағаты: ЖИТС-ке қарсы күрес

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: ЖИТС-ке қарсы күрес.

Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана - сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 5 «Ғ» сыныбындағы «ЖИТС - ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ақмарал: ЖИТС (СПИД) - жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС - ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

1-оқушы (Бексұлтан): Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

2-оқушы (Нышанбай): 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

3-оқушы (Айдана): Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

ЖИТС - бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Бексұлтан: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір салтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Ақмарал: Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

Бексұлтан: Жер үстіндегі байлық - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

Ақмарал: Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып,ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да,даналы сөздері бар.Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ.Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай,амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал-мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды,екінші бөлігін тауып оқу керек.

1. Ішпеген,шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2.Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі-
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе,жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр.

Ақмарал: Ән: «ЖИТС жойылсын» («Бейбітшілік жыры» әнінің әуенімен)

Жойылсын жалғыз сөз ЖИТС деген

Жойылсын мәңгілік жойылсын.

Вируспен ауырған адамдарға

Ем - дәрі тезірек табылсын.

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

Есірткі құрысын

Ішімдік жойылсын

Дені сау қазақтың

Ұл - қызы көбейсін.

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп.

Қазақтың сымбатты

Ұрпағы көбейсін

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

Мұғалімнің сөзі:

Міне, балалар ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».




© 2010-2022