11 класс открытый урок по казахскому языку

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Білім сапасын арттыру құралы ретінде оқушы тұлғасының функционалды сауаттылығын қалыптастыру».

Қазақ тілі мен әдебиет ӘБ тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында коммуникативті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру».

Мұғалімнің ӘБ тақырыбы: "Сатылай кешенді талдау» технология бойынша оқушылардың функцианалды сауаттылығын арттыру.

Күні: 9.12.2015ж. сынып: - 11 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғи қорлары

Сабақтың мақсаттары:

1)білімділік: Қазақстанның экологиясы аясы бойынша жаңа тақырыпты меңгерту,мәтінді әңгімелеу,сүрақтарға жауап беруге баулу.

2)тіл дамытушылық: Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс ,сауатты орындау,сөздік қорын байыту,тәуелдене септеуді қайталап, морфолгиялық және синтаксистік талдау жүргізіп, білімдерін тиянақтау- ҰБТ-ға дайындық ретінде.

3)тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықты арттыру, табиғатты аялап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география пәні.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,талдау,сұрак-жауап,сұхбаттасу,тесттапсырмалары.

Қолданылатын көрнекіліктер: оқулық,кестелер, презентациялар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:-Амандасу,түгендеу,кезекшімен сұхбат жүргізу

1.Сәлемдесу.-

3.Сұхбат.- -Қазір қандай сабақ?

-Қазақ тілі қандай сабақ?

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Қазір қандай ай?

- Осы жыл мезгілінің ауа райы өзгерістері қандай?

-Өткен сабақта қандай тақырыпты талдадық?

-Табиғат деген не?

-Табиғат жойылса не болады?

-Өз сөздеріңмен , өз ойларыңды айтыңдар, Табиғатты қалай таза сақтауымыз керек?

II. Үй жұмысын тексеру:

«Табиғатты таза сақтайық»- мәтіннің мазмұнын айту..

111.Жаңа тақырып.

1.Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

-Қор деген сөзді орыс тілінен аударсақ - ресурс.

Еліміздің қорларына байланысты 3-4 сөйлем құрастыныңдаршы.(бірнеше оқушы оқып шығады)
Жаңа сөздерді меңгеру,: қайталату, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастырғызу,сөздікке жазу.

Қор-ресурс

Шоғырланған-сконцентрированы

Кен-руда,месторождение, ископаемое

Қуат-энергия

Тапшы-дифицитно

Есебімен-за счет

2.Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар:

Сынып үщ топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындайды.

1-ТОП: Отын энергиялық қорлар

1-тапсырма: Оқып шығып, аудармасын орысша айтып беру

2- тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара тілдесіңдер.

3-тапсырма: ҰБТ-ға дайындық ретінде - ТҮРЛЕРІМЕН- сөзіне морфологиялық талдау жасау.

2-ТОП:- Минералды қорлар

1тапсырма: Оқып шығып, аудармасын орысша айтып беру

2- тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара тілдесіңдер.

3-тапсырма: ҰБТ-ға дайындық ретінде - Оның негізгі қорлары Алтайда, Сарыарқада,Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған.- берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

3-ТОП:- Климаттық қорлар

1тапсырма: Оқып шығып, аудармасын орысша айтып беру

2- тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара тілдесіңдер.

3-тапсырма: ҰБТ-ға дайындық ретінде -КҮН СӘУЛЕСІ берілген сөзді сертеу (тәуелдене септеу)

Оқулық 91 беттегі 2- тапсырмада берілген тест тапсырмаларын орындаңдар.

Топтармен парақтармен алмасып, кілт арқылы бір-біріңді тексеріңдер, бағалауы

«5»-7, «4»- 6, «3»-5, 5-тен төмен болса «2» баға.

1-Ә 5-Б

2-А 6-А

3-А 7-А

4-В

3. Үй тапсырмасы: -90 бет «Су қорлары»- оқу,аудару, мазмұндау.91бет,1-тапсырма.

5.Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтап,түсіндіре отырып, барлығын бағалау, әр топ бір-бірімен келісіп, бір-бірін бағалайды.

6.Сабақтың қорытындысы: Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Есте қалған сөздерді қайталап шығайық

- Еліміздің қорлары туралы не білдік, өз сөздеріңмен түсінгедеріңді айтып беріңдерші.

© 2010-2022