Урок по казахскому языку на тему Спорт – бұл денсаулық для 5 класса

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5 а

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Спорт - бұл денсаулық

Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту

Тәрбиелілік: спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: тіл дамыту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс

Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, видео

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Спорт-біздің досымыз

Күш, қайраты сыналған

Спорт-біздің досымыз

Бала кезден шыңдалған.

Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт». Және спортпен айналыссақ біз қандай боламыз ? Деніміз сау болады. Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт - бұл денсаулық» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Сөздік

жеңіл атлетика - легкая атлетика жарыс- соревнование

секіру - прыжки күрес-борьба

шынығамын - закаляюсь

спорт шеберлері - мастер спорта жеңімпаз - победитель

денсаулық-здоровье

2. Лексикалық минимум:

Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.

3. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.

Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді.

ІҮ. Жаңа сабақтан түсінігін байқау

Топтық жұмыс

1 топ

Спорт- септеңдер

2 топ

Спорт-жіктеңдер

3 топ

Спорт-фонетикалық талдау

СӨЙЛЕМ

ДҰРЫС

БҰРЫС

Мен спортпен айналыспаймын

Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.

Мен жарысқа қатыспаймын

Спорт адамға пайдалы емес.

Мен Қазақстан намысын қорғаймын

Адам спортпен айналысса ,дені сау болмайды.

Мәтінді оқып шығып, тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңдар айтып беріңдер.

Мысалы:

Оның аты- Абылай. Ол бос уақытын пайдалы өткізеді. Бос уақытта спортпен айналысады. Қыста шаңғымен сырғанайды, коньки тебеді. Жазда футбол, волейбол ойнайды. Ол велосипед спортымен де айналысады. Ол спорт үйірмесінде жүгіреді, секіреді, жаттығады. Оның жаттықтырушысы Төлеген ағай. Ол шаңғымен сырғанаудан Қарағанды қаласында жарысқа барды. Ол екінші орын алды. Ол болашақта Қазақстан намысын қорғайды. Достым сенің де спортпен жақсы айналысқаның дұрыс.

Сабақты қорытындылау

Рефлексия. Сөйлемді аяқтау

Адам спортпен айналысса ...(дені сау болады,мықты, ауырмайды, өмірі ұзын болады, сұлу болады)
Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру: Қазақстандық спортшылар туралы біліп келу



© 2010-2022