Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КОНСТРУКЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Бұл бағыттағы технологиялық әдістерді белгілі әдіскер-ұстаз Қ.Бітібаеваның тәжірибесі негізіне сүйене, бағытқа ала бердік. Уақыт өзгерген сайын еліміздің білім беру жүйесінде біркелкі өзгерістер болып жатқаны ақиқат. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Осындай түпкілікті өзгерістерде мұғалімге қойылар талап та ерекшелене түсті. Елімізде білім саясаты да осы мұғалім еңбегі арқылы жүзеге аспақ. Сондықтан да бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиет, мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау - міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің алдыңғы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Ізденімпаздықтан қандай қабілет туындайды? Әрине, шығармашылық өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл былайша пайда болады:

  • Баланың өзіне деген сенімін туғызу;

  • Өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу.

«Педагогикалық технология» дегеніміз не? Бұл жөніндегі В.П.Беспалько өзінің «Слагаемое пед технология» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның жүзеге асу жобасы». Демек, технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.

Орыс ғалымы С.А. Смирнов өзінің «Технология как средство обучения второго поколения» еңбегінде ол сөздің өндірістен келгенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да оған өзіндік анықтамасын береді. «Технология представляет собой алгоритмизированную последовательность операции получения какого-либо продукта, построенного на использовании технических или любых других средств, под управлением человека. Это определенный способ обучения в котором основную нагрузку по реализации функции обучения выполняет средство обучения под управлением человека, при этом учитель выполняет функции стимулирования и координации их деятельности» - дейді ол. Ал Безрукова оны модельдеу, жобалау, конструкциялау амалдарымен байланыстырады. Штейнберг конструкторлық технологияға ерекше назар аударып, ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөздік әдісі емес, бейнеге, жобаға, модельге түсірудің жолдарынан іздене отырып, оның өнімді білім берудегі орнына тоқталады. Әрине, модель дегенде оның макет, графика, сызба түрінде болатынын ұмытпау керек. Модель әсіресе прогноз (болжам) жасаудың негізі ретінде белгілі. Инновациялық технологиядан іздену - ұзақ жылдар бойы таптаурын болып қалған өнімсіз іс-әрекеттерден арылудың бірден-бір жолы. Технология туралы өз пайымдауымызға келсек, ол ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған, жеке тұлғаға қарай бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал әрекет іс-қимылдарымен жүреді. Технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін, нәтижелі ізденістерін талап етеді.

Технологияның басты белгілері болып табылады:

  • Баланың білім алу, даму, т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

  • Басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау;

  • Оқушылардың дербес ізденісі, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

  1. Алдын-ала тапсырмалар беру.

Мақсат: баланың өз бетімен өзіндік, яғни оқушы деңгейіндегі білімін қолдану, анализ, синтез, баға деңгейіне дейін жетелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Мақсат ұсыну. Оқушыларға өз мақсатын қойғызу.

2. Мақсатқа жету үшін көмек-бағдар, бағыт ұсыну. Эвристикалық жобалау технологиясына жүгіну.

3. Жаңа сабақта ең алдымен олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдарыңдағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуына назар аудару. Ұжым болып талдау, жеткен «жетістіктерін» талдау. Бұл әрекет диагностика үшін де қажет.

4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі, мұғалім коррекциялық та жұмыстар атқарады.

Жапондық ғалым-педагог Т.Сакомото тұжырымдамасында педагогикалық технология- педагогикаға жүйелі ойлау тәсілдерін ендіру немесе «білімді жүйелеу», «сыныптағы оқытуды жүйелеу» болып табылады. Әрине, жүйе, жүйелілік ғылымының қол жеткен соңғы жаңалығы емес, жүйелілік әлемге тән қасиет, ол адамзат тәжірибесі мен ойына да тән қасиет. Адам қызметі жүйесіндегі мәселелердің туындауы - жүйеліліктің жеткіліксіздігін, ал ділгірлікті шешу жүйені технологияландыру арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізу қиын емес.

Төменде эвристикалық жобалау технологиясын басшылыққа алған, тәжірибелі педагогтар (Қ.Бітібаева) әдістемесінен алынған жыраулар поэзиясын оқытудың моделі және шығармашылық тапсырмалар жүйесінің үлгісі беріледі.

Моделдің тиімділігі сол, жыраулар поэзиясы туралы берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Әдебиет - сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Ал бұл модель конструкциялық жобалау технологиясын негізге алған. Модель әр оқушының алдында жатады. Ол жыраулар поэзиясынан білім алудың бағытындай, оқушылар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын орындайды. Әдіскер ұстаз модель әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқаратындығын көрсеткен. Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады. Оқулық, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге баулиды. Өз беттерімен де модель жасауға ықпал етеді. Ең бастысы, терең, тиянақты білім алуға (өз беттерімен) өнімді, нәтижелі көмек жасайды. Сызба-модель мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді. Оның әр тармағы бойынша жеке жұмыстар, топтық жұмыстар, жұптық жұмыстар беріп, оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге, түсініктен анализ, синтез, бағаға дейін көтеруге болады. Бала білім тексеру, бағалау, жинақтауда тесттің де орнына жүреді. Мұғалім басқа тапсырма орындатпай-ақ, сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда жыраулар поэзиясы туралы терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп болжауға болады. Бұл жоба жаңа тақырыпты игертуге де қолайлы (әсіресе диагностика үшін).

Сондай-ақ, шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар жүйесі (кейстер) де ұсынылады. Жыраулар шығармашылығымен қоса, конструкциялау технологиясы бойынша жекелеген модельдер қоса берілген.

Мұндай моделдерді мұғалім тек өзі ғана дайындамайды, сабақ түсіндіре отырып тақтаға сызып, пікірлесе отырып та істейді.


ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1 - слаид (Б-бағыт)

Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы


2 - слаид

Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы


3 - слаид

Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы



4 - слаид

Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы


5Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы - слаид


6 - слаид

Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы



7 - слаид

Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы



8 - слаид

Сабақ жоспары Конструкциялау технологиясы



Ж

Б6ырауларды таныту моделі.

Бұл құрылым жыраулар шығармашылығын өту кезеңінде де, қорытынды, коррекция сабақтарында да тиімді болып келетіндігі дәлелденген. Әсіресе оқушылардың білім деңгейін өз беттерімен анализ, синтез, баға беру сияқты танымдық іздендіру сатыларына жетелеуде қажетті құрал болып саналады.

Тапсырмалар үлгісі.

а) Мына кестелерді толтырып, «Жыраулар және толғауларының негізі» атты ойтүйін дайындату.

№1 ұсынба үлгісі: (Оқушылар өздері қалаған жырауды немесе жырауларды мысалға алуға болады)

Жырау(лар)

Толғаулардың тақырыбы, аты

Маңызы, мәні


Осы бағыт бойынша әр тақырыптағы жыраулар поэтикасына талдау жасау (өэдері қалаған тақырып, жыраулар негізінде).

2 ұсынба үлгісі:

Жырау-лар

Өмір жайлы толғау-лары

Троп-тар

Фигура-лар

Қосымша көркемдеуіштер



3 ұсынба үлгісі:

Жырау толғауларындағы афоризм. Мына модельді толтыру, түсінік беру.

Афоризм анықтамасы

Афоризмдердің мағынасы, мәні, маңызы

Жыраулар афоризмі, өміршеңдігі

Бүгінгі қолданыстағы жыраулар афоризмі



4 ұсынба үлгісі:

Жыраулар тілінің сөздігін құрастыру. Бұл тапсырманы топқа бөліне отырып орындап, соңынан қорытынды жасауға болады.

Жырау тілі

Мысалдар

  • сөйлеу тілі


  • мақал-мәтел


  • даналық сөздер


  • шешендік сөздер


  • басқа тілдерден енген сөздер


  • тұрақты сөз тіркестері


  • поэтикалық тіл

а) теңеу

ә) эпитет

б) метафора


  • ирония


  • сарказм


  • жырау жиі пайдаланылатын сөздер

5 ұсынба үлгісі

Жыраулар шығармашылықтарындағы үндестік пен басты ерекшеліктерді тауып, сараптама-талдау жазу.

Жыраулар

Үндестік

Жыраулық

кезеңі, толғау тарихы


Қорытынды дәлел, себебі



-

-

№6 ұсынба үлгісі

Өздеріңе ұнаған жырау толғауларына әдеби талдау жасау.

Жыраулар

Толғаулары

Ұйқас түрлері

Поэтикалық тілі

Қазтуған

«Қайран да менің Еділім…»

7 ұсынба үлгісі

Жыраулар тарихы туралы аңыз бен шындықты саралау.

Жыраулар

Аңыз

Шындық

Қорытынды



  1. «Жырау кім?» тақырыбы бойынша реферат жазу (әдебиеттің тізімі, мазмұны берілген).

Реферат жазу үлгісі:

- тақырыбы;

  • мақсаты мен міндеті;

  • болжам (гипотеза);

  • жаңалық (рефераттағы өзіндік жаңалығы, ізденісі);

  • қорытынды.

8 ұсынба үлгісі


  1. Мына кестені толтырып, жыраулар туралы мәлімет жинақтауды міндеттеу.

Жырау

Қай ханның тұсында өмір сүрген

Қандай қызмет атқарған

Басты шығарма

лары

Даналық, пәлсапа

лық ойлары



9 ұсынба үлгісі

Жыраулар поэзиясы бағытындағы әр анықтаманы мысалмен дәллелдеу.

Жырау

лар

Роман-тикалық шарық

тау (қай шығар

мадан)

Опти-мистік рух

Ащы шын

дық

Мұң, зар, элегиялық сарын

Айбар-лы үн, ерлік рух

Үндеу,

ұрандау,

өрлікке шақыру

Асан


Қазтуған


10 ұсынба үлгісі

Қорытынды пікірлесу сұрақтарының үлгісі:

  1. Жыраулар шығармашылығынан не алдың?

  2. Менің сүйікті жырауым (неге ұнайды), т.с.с.

  3. Жыраулар мұрасы және бүгінгі ұрпақ....

  4. Мақсатым, оған жету шарттары т.б.

Шығармашылық дамыту:

а) толғауларды мәнерлеп жатқа оқу;

ә) аспаптар көмегімен мақамдап айта білу;

б) инсценировка;

в) арнау өлеңдер жазу (жырауларға арнау).


© 2010-2022