Эссе на тему Қазақстан ІІ Ұлы Отан Соғысы кезінде

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маминов Умиджан Сайфуллаевич

ОҚО, Сайрам ауданы Ақсукент елдімекені

№ 93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектептің

география пәні мұғалімі



[email protected]

87075814289



Эссе

ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян.

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.

1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.

Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті.

КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды. 1942-1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жер аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі Алматыда құрылды.

Ұлы Отан соғысы бірнеше кезеңнен өтті. Соғыстың 1 - кезеңі (1941 жылдың 22 маусымы 1942 жылдың 18 қарашасы) өте ауыр болды. Кеңес әскері аса қолайсыз жағдайда қалды, адамдар, техника мен қару - жарақ көп шығынға ұшырады. 170 дивизияның 28- і толық талқандалып, ал 70 дивизия өзінің адамдары мен әскери техникасының тең жартысынан айырылды. 200 - ге жуық жанармай, оқ - дәрі және қару қоймалары немістер басып алған жерлерде қалды. Алғашқы 6 аптада кеңес жеріне 850-1200 шақырым ендей кірген фашистер Латвия, Литва, Беларусь, Украина мен Молдованың көптеген жерлерінен көктей өтіп, Киев, Смоленск, Одесса қалаларының іргесіне жетті. Шегінген Кеңес әскерін соғысқа қажет материалдармен және адамдармен толықтыру қиынға соқты. Вязьма аймағында Батыс және Брянск мйданы күштері жартылай қоршауда қалды. Жау әскерлері Калинин, Волоколам, Можайск қалаларын басып алып, Мәскеуге қауіп төндірді. Қыркүйектің 8- і күні Ленинград қоршауға алынып, қаланың ауыр жағдайдағы ерлік күресі басталды. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңа әскери құрамалар мен бөлімдер жасақтауға шұғыл кірісті. 1941 жылғы 22 маусым - 1 желтоқсан аралығында қосымша 297 дивизия мен 94 бригада жасақталды. Қазақстанда 20- дан астам дивизия, 10- нан аса атқыштар бригадасы, 50- ге жуық полк және түрлі бағыттағы батальондар мен атқыштар дивизиялары құрылды. Олардың қатарында 29,38,100,101,238,310,312,314,316 - атқыштар дивизиялары болды. Мәскеу, Сталинград түбінде, Курск доғасында, Днепр өзенінен өткен кезде 316 - (8 - гвардиялық дивизия), 238- (30- гвардиялық) және 38- (73 - гвардиялық) дивизиялардың, ал Ленинград қаласы үшін боған ұрыстарда 310 - және 314- дивизиялардың даңқы шықты. Мыңдаған қазақстандықтар республикадан тыс жерлерде құрылған әскери құрылымдарға барып құйылды, армия мен майдан шебіне үздікссіз аттандырылды.

1941 жылдың маусым - қараша айларында Оралға, Сібірге, Еділ жағалауына, Қазақстанға және Орта Азияға 1533 кәсіп - орын, оның ішінде 1360 әскери зауыт көшірілді. Бір ғана 1942 жылы Қазақстанда қару - жарақ пен стратегиялық материалдар, азық - түлікке қатысты 110 ірі жаңа кәсіпорын іске қосылып, көшірілген 142 өндіріс орны орналастырылды.




Аспан мен Жер арасын

Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,

Көңірсіді құйқадай адал далам.

Бір - бірінің қанынан ұрттамаса,

Тыншымастай сұстанды Адамға Адам.

Түндер келді жарыңның құшағында

Рахаттың орнына алаңдаған.

Жас орнына мөлдіреп жанарда қан

Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.

Алмасты лез күрсіну, күңіренумен

Жүректерден шарықтап таралған ән.

Түнде соғар дүлейін жасырғандай,

Күліп -атып қылымсып таң алдаған.

Бейнетімен бақ құшқан кең далаға

Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.

Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте

Болар кейде мейірімді адамнан аң.

Сәби көңіл жандардың жанын улап

Бітіспес кек, ызамен арамдаған.

Дөңбекшіді сонда Жер қанға бөгіп:

«Не кінең бар, Адамдар, тағар маған?!»

Иә, қара Жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты совет халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандығын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына отыз жыл толып отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін басынан кешірген совет адамдары соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес.

Ұлы Отан соғысының от - жалынды жылдарында ер - азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Мәншүктей қыздар сан жүздеп саналады.

Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез - ақ меңгеріп, аса қабілеттілік көрсетті. Танкистер Жамал Байтасова, Құлкен Тоқбергенова, Гүлжамила Талқанбаева, пулеметші Гүлжамила Бейсенбаева, радистер Орынкеш Мысырова, Шәкір Ботақанова, Бикен Садуакасова, мерген Мәлике Тоқтамышева, байланысшы Фазила Темірәлиева және басқалар қазақстандық қыздардың қандай іске болмасын таланты мен қабілетін дәлепдеп берді. Әрине, қолына қару алмаса да майдан өмірінің дәл ортасында жүріп, соғыс күндерінің ащы - тұщысын бірге татысқан қыздар да көп. Соғыс жылдарында қыз - келіншектердің көбі әскери дәрігер, мед бике болып істеді. Бұлардан басқа ішкі істер жұмысы: газет. Баспахана саласында да көптеген қыздар жүрді. Тотия Тойбазарова, Мінуара Нәбиева, Айша Сыйқымбаева, Қантай Елубаева, Қалима Өзбеханова, Ира Оразбаева және басқалар мысал бола алады.

Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк - әрбір ұрпақтың қай кезде де мақтан бола беретін қазақ қыздары. Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей. Қос батыр қыздың Отаны - Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз - келіншектердің көбі (тіпті барлығы дерлік) майданға өз еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан - жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді.

Майданға қатынасқан қазақстандық қыздар жайлы жинақталған, зерттелген материалдар әлі де болса өте аз. Олардың әрқайсысының ерлігі мен өмір жолы өз алдына бірнеше еңбек бола алады. Кейінгі ұрпақ Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ел қорғаған ер жүрек апайларының өмірін толық зерттеп, еңбектер жазса, бұл, сөз, совет халқының тарихи жеңісінің шежіре беттерін толықтырар еді.

Қазақстандық қыздардың ерлік істері әлі де жан - жақты толық зерттеуді, көңіл бөлуді талап етеді.

Кеңестер Одағының фашистік Германияға қарсы Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы әділетті соғыс болды. КСРО халқы өздерінің өмір құқығы, елдің тәуелсіздігі үшін күресті. Соғыс өрті КСРО - ның барлық мекен аумағы мен Мұзды мұхиттан бастап, Қара теңізге және негізгі Кавказ бөктерлеріне дейінгі жерлердегі елді мекендерді де қамтыды.

Биылғы жылы Ұлы соғысының Жеңісіне 70 жыл толып отыр. Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын соғыс дүмпуі тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ, соғыс салған зардап жойылар емес. Соғыстың зардабы мен жүрекке түсірген жарасы әлі күнге дейін халық есінде. Қан майданда 600 мыңнан астам қазақстандықтар шейіт болды. 600 мың адам! Әке баласынан, бала әкесінен, ана ұлы мен қызынан, әйел ерінен айырылды. Мыңдаған отаулардың шаңырағы қирап, ортасына түсті. Махаббаттың қанаты қайырылды. Дүние келер талай ұрпақ сол боздақтардың бойында бірге кетті. Бұл - қазақ халқы үшін орны толмас апат! Біздің жанымыз осыған күйінеді. Қайран боздақтар!

Тарих ұлттың айнасы болып саналады. Қазақ халқының ұғымында өткен тарихын білмеген және өзінің ұлттық қасиеттерінен айрылған халық қасіретке ұшырайтыны ерекше орын алған. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының барлық халықтарының, оның ішінде қазақ халқының азаматтық күш - қуатына қиямет сын болды.


© 2010-2022