Қазақ тілі мен әдебиеті Шерхан Мұртаза Жүз жылдық жара әңгімесі (7 сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Даригалиева Гулжазира Сагиновна 1991 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолында шәкірттеріме саналы тәрбие, сапалы білім беруде жеткен жетістіктерім де аз болған жоқ.

2007 жылы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні семинарына қатысып, «Мұрагер» драма үйірмесі мүшелерінің көмегімен Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін сценарий үлгісінде сахналап, «Жас ұрпақты тәрбиелеудк шығармашылықпен еңбек етіп, біліктілік пен іскерлік көрсетіп, өзін жан-жақты таныта білгені үшін» дипломымен,

2009 жылы «Оқушыларды әдебиет сабағында сахналық өнерге тәрбиелеудегі іс-тәжірибемнен» тақырыбында жазылған аудандық педоқуға қатысып ІІІ орынды иелендім.

«Жыл мұғалімі-2009» аудандық байқауына қатысып, «Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаушы» номинациясы бойынша марапатталдым.

2009 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық білім сайысында Нұрадинова Нұргүл ІІ орынды, Дарханбаев Ақылбек ІІІ орынды иеленді.

2009 жылы № 22 мектептің кәсіподақ ұйымының «Құрмет граммотасымен» марапатталдым.

2010 жылы аудандық Жылыой аудандық білім беру және кәсіподақ ұйымының«Құрмет граммотасымен» марапатталдым.

2010 жылы Республикалық «Адамдық борышың...» тақырыбында Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани қазынасын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым.

2010 жылы № 22 мектептің кәсіподақ ұйымының «Құрмет граммотасымен» марапатталдым.

2011 жылғы Жылыой ауданы білім бөлімінің 4 сәуір № 251 бұйрығымен «Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» лауазымы берілді.

2011 жылы Жылыой аудандық білім беру және кәсіподақ ұйымының«Құрмет граммотасымен» марапатталдым.

2011 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің аудандық педагогикалық олимпиадасының

ІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.

2011 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық педагогикалық олимпиадасының

ІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.

2011 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасының «Құрмет граммотасымен» марапатталдым.

2012 жылы Жылыой аудандық білім беру және кәсіподақ ұйымының ынталандыру сыйлығымен марапатталдым.

2014 жылы «КАТЕV» Халқаралық қоғамдық қорының қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының І кезеңінде, «Тілші-әдебиетшілер» конкурсында қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгергені үшін 11 сыныптағы оқушым Нұрадинова Нұргүл І орынды дипломмен марапатталып, облысқа жолдама алды. Облыстан жүлделі ІІ орынды иеленді. Қазіргі таңда Х. Досмұхамбетов атындағы жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бөлімінің ІІ курс студенті, грант иегері.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп ұлы Абай бабамыз айтқандай, ұстаздық жолдың қызығы мен қиыншылығы жолында қаншама шәкірттердің жүрегіне жол тауып, оларды қазіргі жедел дамыған тәуелсіз еліміздің бір-бір кірпіші етіп қалау - әр ұстаздың парызы деп білемін.




Атырау облысы

Жылыой ауданы

№ 22 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Даригалиева Гулжазира Сагиновна

Пәні: Әдебиет

Күні:

Пән мұғалімі: Даригалиева Г.С.

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесі

Мақсаты: Жазушы өмірі туралы мәліметтер беру, әңгіменің тақырыбы, идеясы, тілі туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар әңгіме тақырыбын ашады, кейіпкерлер іс-әрекетін салыстырады, қазақтың ырым-жоралғылармен танысады, сыни ойлауы дамиды.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, география, биология, бейнелеу өнері,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Баубек Бұлқышев кім?

  2. Жауынгер жазушының қандай шығармаларын білеміз?

  3. «Шығыс ұлына хат» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

  4. Батырлық, ерлік тақырыбындағы қандай мақал-мәтелдерді білесің?

  5. «Тәуелсіз Қазақстан ұланының атынан» тақырыбындағы хаттарын оқу, ой бөлісу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жазушы өмірі, әңгіме тақырыбын оқу алдын ала беріледі.

  1. «Артық білім кітапта» оқулықпен жұмыс

1932 жыл 28қыркүйек

Ш. Мұртаза Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекеніңде дүниеге келген.

1963ж

«Табылған теңіз» повесі

1969ж

«Белгісіз солдаттың баласы» повесі

1973ж

«Ахметжанның анты» повесі

1977 ж

«Мылтықсыз майдан» повесі

1972 ж

"41-жылғы келіншек" әңгімесі

1974ж

«Интернат наны» әңгімесі

1977ж

«Қара маржан» шығармасы

Романдары: «Қызыл жебе», «Ай мен Айша», т.б.

Аудармалары: Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде

Л.Лагиннің "Хоттабыч қарт", М.Кәрімнің "Біздің үйдің қуанышы" шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың "Ботагөз", "Қош бол, Гүлсары", "Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет" повестерін, "Боранды бекет", "Жанпида" романдарын қазақ тіліне аударды. Екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді (1982). Ш. Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне аударды.

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза - жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992)

  1. «Алынбайтын асу жоқ» Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесінін мазмұнын меңгерту мақсатында сынып оқушылары үш топқа бөлінеді, әр топ мәтін мазмұнына сай ат қояды.

1-топ- «Мыңбұлақ табиғаты»

2-топ- «Жуанқұл әс-ірекеті»

3-топ- «Байшынар неге күңіренеді?»

  1. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Топ өзара бір-біріне әңгіме жайында түсіндіреді.

  2. «Сөздер сөйлейді».

Бау-әр түрлі өсімдіктер, гүлдер, жеміс ағаштары отырғызылған жер.

Тоқал тамдар- ескі үлгідегі салынған үйлер

Ақжарылқап күн-қуанышты күн

Шілік- сулы жерде өсетін, жіңішке солқылдақ бұта

Дімкәс-ауру, науқас,

Түйежапырақ-жапырағы ірі, үлкен боп өсетін жабайы өсімдік

  1. «Дәрігердің 3 қаруы бар-сөз, өсімдік,пышақ» Ибн-Сина (Авиценна). Мәтіндегі тал теректер мен шипалы шөптер аттарын теріп жаз, қандай дәрілік қасиеттерін білесіңдер?

  2. «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме бер.

Қорытынды. Үй тапсырмасы: 1. Әңгіме мазмұнын толықтай оқы.

«Табиғат-тал бесігің» тақырыбында ойтолға.



© 2010-2022