Сабақ жоспары-І. Жансүгіров Құлагер поэмасы (11-класс)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Қазақ әдебиеті Класы: 11 Б Уақыты: 10.12.15 ж. Сабақтың тақырыбы: Жансүгіров «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
1. І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту.
2. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденіп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
3. Қазақстанымыздың сулы жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жансүгіров портреті, нақыл сөздер, суреттер, сабаққа қажетті плакат сызбалары.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсіл: СТО стратегиялары: ой қозғау, топтау, венн диаграммасы, 5 жолды өлең т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау: Б.Майлин өмірі,шығармашылығы туралы, «Шұғаның белгісі» хикаятын сұрау.
Оқушыларды 3 топқа бөлу:
I топ - «Білгірлер»
II топ - «Алғырлар»
III топ - «Жүйріктер»
III. Жаңа сабақ.
1. Мұғалім сөзі - «Көкшетау» өлеңін оқып, мазмұнын меңгереміз. Бұл өлеңнің авторы - І. Жансүгіров. Осы ақын жөнінде білетіндерің бар ма?
2. Әр топтың оқушылары өз түсініктерін айтады.
3. Ой қозғау мақсатында оқушылар ақын жөнінде өз білетіндерін қағазға түсіреді, ол үшін уақыт беріледі.
4. Оқушылар жазғандарын оқиды, жинақтау пікірді топ басшысы айтады.
«Күй» «Күйші»
әке тәрбиесінде өскен «Құлагер» поэмасы
1894 - 1938 ж өлеңдерін туған
жерге арнаған
«Жазғытұрым» «Жазғы шілде»
IV. Мәтінмен жұмыс. «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқу.
Әр топтан бір-бір оқушы мәнерлеп оқиды.
V. Мағынаны ажырату.
Сөздікпен жұмыс.
жомарт - щедрый
Мұра - наследие
маржан - коралл
Секілді - подобный
меруерт - жемчуг
Ағын су - проточная вода
қияз құз - скала
Малта мас - галька
жер жанныты - райский уголок
VI. Пікірталас. 3 топ бір - біріне сұрау қою арқылы мысал мазмұнын, одан шығатын қорытындыны меңгереді.
1. Өлеңде не туралы жазылған?
2. Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?
3. Ақын тауды кімге теңейді?
4. Көкшетау туралы не білесіңдер?
5. Таудың биіктігі туралы өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
VII. Ізденіс сатысы.Өлеңнен теңеу, эпитеттерді табу.
Көк орман, көркем тоғай, сұлудың көзіндей көл, малта тас, меруерт тас, жақпар сарай, бура тастар, сұлу кең дала, жомарт тау, момақан тау, шипа тау.
VIII. Әңгімелеу сатысы.Республикамыздағы өздері білетін таулар туралы әңгімелеу.
Көкшетау табиғаты Баянауыл табиғаты
IX. Венн диаграммасы
X. 5 жолды өлең.
1 топ: 1. Көкшетау 2 топ: 1. Баянауыл 3 топ: 1. Тарбағатай
Қорытынды:
1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Нелер естеріңде қалатын болды?
3. Көкшетаудың табиғаты қандай екен?
4. Біз табиғатымызды не істеуіміз керек?
5. Табиғат, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Үйге тапсырма беру. «Көкшетау» өлеңінен үзінді жаттау.
Бағалау. Бағалау парақшасы бойынша топ басшысының бағасын жариялау.

© 2010-2022