План урока 8сын

Дұрыс тамақтанудың әдебі туралы түсініктер беру арқылы тілдесімге жетелеу. Сұраққа дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Сөйлем құрау қабілеттерін дамыту, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту жолында жұмыс жасау. Тәрбиелік: Дұрыс тамақтану әдебін сақтау туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме айту, мәдәниеттілікке тәрбиелеу.
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байжанова Рая Махмутовна,

Алматы қаласындағы

№68мектеп-гимназияның

Қазақ тілі мен әдебиет

Пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 8 с Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтанудың әдебі

Сабақтың мақсаттары:

А) Білімдік: Дұрыс тамақтанудың әдебі туралы түсініктер беру арқылы тілдесімге жетелеу. Сұраққа дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Ә) Дамытушылық: Сөйлем құрау қабілеттерін дамыту, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту жолында жұмыс жасау.

Б) Тәрбиелік: Дұрыс тамақтану әдебін сақтау туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме айту, мәдәниеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Тірек сызбалар, маркерлер, флипчарттар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Білімділік міндеттері:

1.Сабақта жұмыс жүргізу үшін жалпы сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.

2.Оқушыларды психологиялық түрде қарым-қатынасқа дайындау.

1. Сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгелдеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Білімділік міндеттері

  1. Оқушылардың тапсырманы толық білуін, дұрыстығын, байыбына жетіп орындағанын

анықтау

  1. Оқушылардың білімі мен іс-әрекетіндегі кемшіліктерді анықтау.

  2. Үй жұмысын жасаудағы туған қиындықтардың себебін оіушылармен талдау.

  3. Тексеру кезінде пайда болған олқылықтарды жою.

Ас туралы мақал-мәтелдер айту. «Миға шабуыл» стратегиясы

  1. Асхананың ас мәзірінде біріншіге не беріледі?

  2. Екіншіге не беріледі?

  3. Салқын тағамдарға не беріледі?

  4. Ыстық сусындарға не беріледі?

III. Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбы:

Біліімділік міндеттері:

  1. Оқушылардың оқу мотивациясын қамтамасыз ету.

  2. Сабақ мақсатын анықтауға оқушымен бірлесе іс-әрекеттерді кірістіруді қамтамасыз ету.

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру.

Модуль « Асхана» Тамақтың адам денсаулығына рөлі маңызды. Сонымен қатар дұрыс тамақтанудың мәні өте зор. САБАҚТЫҢ тақырыбы «Дұрыс тамақтанудың әдебі»

IY. Жаңа тақырыпты оқып-білу кезеңі

Білімділік міндеттері

  1. Оқушының оқу материялын қабылдауын, түсінуін, алғашқы есте сақтауын қамтамасыз етеді:

-жаңа сөздер арқылы сөйлеу дағдысыны қалыптастыру.

2. Оқушының мәтінді қортындылауға мүмкіндік беретін әдіс, амалдарды меңгеруін қамтамасыз ету

Сөздік жұмысы:

Тамақтану-питание Көрініс-сценка

Дәрумендер-витамины Өз алдыңнан-возле себя

Асықпау-не торопиться Ортақ ыдыс-общая посуда

Қомағайлық-прожорливость Тауыса жеу керек-надо доесть

Сақтану керек-нужно беречься

Y. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік міндеттері

  1. Оқушының өткен оқу материалдарын дұрыс және саналы қабылдауын анықтау.

  2. Оқушылардың өткен материалды түсінудегі оқулығын, қате қабылдауын айқындау.

  3. Оқушының жаңа материалды түсініп қабылдауындағы анықталған олқылықтарды түзету жүргізу.

Оқушының суъекті тәжірибесінің ғылыми білім белгілерімен қатынасын қамтамасыз ету .

Топпен жұмыс:

1. Топ басшы

2. Хатшы

3. Хронометрист сайлау

3-тапсырма (72 бет) Берілген тірек сызба бойынша тамақтанудың әдебін сақтау туралы әңгімелеу сурет 79, 68-б

1 топ-2 Постер жасау, қорғау

2 топ-3 Постер жасау, қорғау

3 топ-2 Постер жасау

  • Тамақтың алдында және тамақтан кейін .қолды жуу керек.

  • Тамақты үлкеннен кейін бастау керек.

  • Көпшілікпен бірге ішу керек.

YI. Жаңа білімді және іс-әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі:

Білімділік міндеттері

Өзіндік жұмыс жүргізуге қажетті оқушылардың білім мен іс-әрекет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету.

Бекіту барысында оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейінің жоғарлауына жағдай жасау.

Оқытылған материалды бекітуде оқушының жеке өзіндік тәсілдерін анықтауға жағдай жасау.

Білім бекітудегі жеке өзіндік әдістерді ескере отырып, оқытылған жаңа материалды бекітуді қамтамасыз ету.

YII. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын қортындылау, жүйелеу кезеңі:

Білімділік міндеттері:

  1. Оқушыларда жетекші білімнің біртұтас жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

  2. Оқушылардың пәнаралық және пәншілік білімдерін анықтауын қамтамасыз ету.

  3. Философиялық көзқарастардың түпкі негізін меңгеруге жағдайлар жасау.

Тапсырмаға 7 минут уақыт беріледі, хрономитристер уақытты бағалайды, хатшы әр оқушының жұмысын қадағалайды, топбасшы-басшылық жасайды. «Бағдаршам стратегиясы-бағалау».

«Жасыл- жақсы, сары-орташа, қызыл-нашар».

2-тапсырма. Сөйлемнің мағынасы дұрыс болмаса, үлгі бойынша дұрыс жазу.

YIII. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі:

Білімділік міндеттері:

Оқушының білімді, іс-әрекет амалдарын меңгеру сапасын анықтау.

Оқушы біліміндегі, іс-әрекет тәсіліндегі кемшіліктерді табу. Байқалған кемшіліктердің себебін анықтау.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.

  1. Дәрумендер; 2. Жұту; 3. Талғаммен; 4. Сапасына, құндылығына; 5. Тартынып;

IX. Түзету кезеңі:

Білімділік міндеттері:

Оқушы біліміндегі іс-әрекет амалдарында байқалған кемшіліктерді түзету.

«Синквейн-стратегиясы 1. Тамақ

  1. Дәмді, сапалы

  2. Жеу, ішу, дайындау

  3. Тамақ- құнарлы болған жөн.

  4. Денсаулық

X. Үй тапсырмасы:

Білімділік міндеттері:

  1. Оқушыларға үй жұмысының мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

Сөздік. 3-тапсырма. (әңгімелеу, жазу) «Тамақтану әдебі»

XI. Сабақтың бағалау кезеңі:

Міндеттері: жеке оқушының және сыныптың жұмысына сапалы баға беру.

Бағалау.

XII. Рефлексия кезеңі:

Міндеттері: оқушының жеке көңіл- күй жағдайын, іс- әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.

«Екі жұлдыз, бір тілек»-стратегиясы.

© 2010-2022