«Ақымақ қасқыр» шағын орталық сабағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ақымақ қасқыр» ертегісі.

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің мінезі мен қылықтарын талдауға үйрету. Өз ойларын айту.

Билингвальдық компонент: Ақымақ-глупый

Қасқыр-волк

Қой-овец

Ешкі-коза

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп- талаптану

Ойын: «Қай ертегіде кездеседі?»

Балаларға қоянның суретін көрсетіп, бұл аң қай ертегіде кездеседі деп сұрау. Ойын осылай жалғасады.

Балалар ойынға қызыға қатысады.

Бауырсақ, үйшік ертегісінде.

Ұйымдастырушылық

ізденіс

Жұмбақ жасыру:

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні.

Ол не?

Қабат-қабат тоны бар

Кішкентай ғана бойы бар?

Айналдырып киген тоны бар?

Ол не?

Балалар бүгін біз қасқыр мен қой туралы ертегімен танысамыз.

Олай болса ертегіні тыңдайық:

Өрісте жайылып жүрген қойлардың ішінен бір арық қой артта қала береді. Оған қасқыр кездесіп: сені жеймін,-дейді. Қой айтады: -арық мені жегенше, одан да мені босат, мен саған қозымды әкеліп берейін, -дейді. Қасқыр қойды қоя береді. Қасқыр қойдың қозысын күтеді. Бірақ қой да, қозы да жоқ. Қасқыр ойлайды:- қой баласы момын ғой, алдауды білмеуші еді, сірә оны ешкі азғырған шығар,-дейді. Барып көрейін деп кетеді. Таудың жанына келсе бір ешкі жүр екен, көп қойда, қойшы да алыста екен. -Іздегенім сен едің,-деп ешкіге бас салады. Сол кезде ешкі: атаң да, анаң да жақсы еді, қой тұрғанда, ешкі жемеуші еді. Мен тойда билеп торқа киген ешкімін деп айтады. Ешкі билейді деп естімеппін, көрсет онда өнеріңді. Онда аяғыма қара да тұр мен билейін дейді. Ешкі секіре-секіре көп қойдың ішіне кіріп кетеді. Сол арада қойшы келіп ешкі аман қалады.

Ойын: «Қасқыр мен қозылар».

Қасқыр.


Қой.

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.




Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлекстік түзету

Бүгін өткен ертегіміз қалай аталады?

Ертегі не туралы?

Ертегіде не алданды?

Ақымақ қасқыр.

Қасқыр, қой, ешкі туралы.

Қасқыр.

Күтілетін нәтиже:

Білу: қасқырдың қандай аң екенін.

Болу: ертегі туралы түсінігі.

Қолдану: суреттер.

© 2010-2022