Бейнелеу өнері тақырып: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс. 6 класс

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: №

Сабақтың тақырыбы:

Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдерін

оқушыларға меңгерте отырып, олардың түс

үйлесімділігін табу.

ә) Дамытушылық: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге

дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай

білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу

мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материал, табиғат көріністері, қағаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қаламдар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Түрлі түсті қарындаштар - графиканың тамаша құралы. Бірақ, өкінішке орай, олар қазіргі кезде көп пайдаланыла бермейді. Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған. Түрлі түсті қарындаштарды біз көбіне сәби балалардың ермегі деп санаймыз. Бірақ қарындашпен салган суреттің өзі біршама еңбектену мен дағдылануды талап етеді. Түрлі түсті қарындаштың акварель мен гуашь бояуларынан айырмашылығы жұмыс жасау тәсілі қарапайым, езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жазда пайдалануға өте ыңғайлы. Ал бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтар пайда болмайды. Түрлі түсті қарындаштар - суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Жұмыс істеу барысында алдын ала жұмыс орнын дайындап, әуреленудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзінің техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды, бірақ олар қағаз бетінде бір-біріне қосылып, басқа түс бере алады. Түрлі түсті қарындашпен жұмыс жасаған кезде, өшіргішті аз қолдануға тура келеді. Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп, салынған сурет әсем көрінбейді. Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді. Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды. Егер дайын түсті қағаз болмаса, оны өздерің дайындауларыңа болады. Ол үшін ақ қағазды планшетке тартып, акварель бояуымен, қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады. Бояу түсі солғын да ашық болу тиіс. Пайдалануға ыңғайлы болу үшін түсті қарындаштарды түсінің жақындастығы бойынша таңдайды. Сары, көк, қызыл, жасыл түстілерді бір бөлек топтайды. Жасалынып біткен жұмысты кәдімгі шашқа себетін лакпен бекітуге болады. Ол үшін салынған суретті 30-50 см қашықтықта тік қалпында қойып, лакты себелеп шығады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеруді өсімдіктердің, кішкентай натюрморт, табиғат көріністерін, ағаш бұтағын, гүл және жапырақтарды салудан бастаган жөн.

Бейнелеу өнері тақырып: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс. 6 класс

Үйге тапсырма беру: Түрлі түсті карындаштарды пайдаланып, натюрморт сал.



© 2010-2022