ЕХРО-2017

ЕХРО -2017-ге қосар менің үлесі... ЕХРО -2017-ні жеңіп алған сәт болашаққа бастар жолдың бағытын айқындағандай, бейне бір болашақтың бағдарлы күнінің қақпасын ашып бергендей болды. Алғашында саяси аренадағы ұтымды жеңісті ұғына қоймаған қарапайым халық, Елбасының жолдаған жолдауының басты бетбелгілерін назардан тыс қалдырмай санаға сіңістіре білді. «Біреудің қаңсығы-біреуге таңсық» емес, әлемнің жақсысы-бір елдің бастысы екендігін аталы сөзге қарсы шыға айғақтады. Қазақстанның негізгі мүддесі -«...
Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЕХРО -2017-ге қосар менің үлесі...

ЕХРО -2017-ні жеңіп алған сәт болашаққа бастар жолдың бағытын айқындағандай, бейне бір болашақтың бағдарлы күнінің қақпасын ашып бергендей болды. Алғашында саяси аренадағы ұтымды жеңісті ұғына қоймаған қарапайым халық, Елбасының жолдаған жолдауының басты бетбелгілерін назардан тыс қалдырмай санаға сіңістіре білді. «Біреудің қаңсығы-біреуге таңсық» емес, әлемнің жақсысы-бір елдің бастысы екендігін аталы сөзге қарсы шыға айғақтады. Қазақстанның негізгі мүддесі -«бірлік», бірлік арқылы биіктің сеңгеріне ту алып жүгіру, алдымен көшбасшының, одан соң жастардың қолында.

Бағыт айқын. Елордасын ел олжасына айналдыру. Орданы олжаға айналдыру да сол елдің басшысынан қажырлы еңбекті қажет етеді. Мұндағы мақсат ауытқыған әріп-таңбаларды түзету емес, жасампаз ұлтқа жолдар жолдаудың мазмұндылығында. Сол мазмұндылықты мипаздап, сән-салтанат құра жүзеге асыру-жастардың қолында.

Мақсат та айқын. «Мәңгілік ел құру», «Болашақ жастардың қолында», «Болашаққа жаңа қадам бас!» ЕХРО көрмесіне салынған алтын көпірді сарабдал саясаткердің жолдау бағыттарымен ұштастыру басты міндетіміз. Алдымен, жүйелі түрде «Мәңгілік ел құру». Мәңгілік ел болу қоңсылармен келелі қатынас орнатуда. Сол байланыстың бір көрінісі ЕХРО -2017 көрмесі. Демек, жасампаздықтың діңгегі орнықты деген сөз. Сонымен қатар, мәңгілік ел құру сол елдің негізгі басымдықтарын айқындайтын жас буын өкілдерінен құрылған белсенді топтың атқаруымен еселене түседі. Ол да бар жеңілдетілген жұмыстың нәтижесі-«Жас Отан» партиясы. Көрмеге атсалысам деген әрбір адам осы сынды майталман ұйымдардың қатарында болғаны абзал. Әрине, жаңа технологиялар заманында адам баласын таңқалдыру оңай дүние емес. Дегенмен, таратуға тұрарлық тың идеялар болса, белсенді ұйым арқылы көрме менеджері болып мәңгілік елдің мәдениетін шартарапқа таныту да өз қолыңда. Осындай шараларға белсене қатысу, көрмеге атсалысу болмағанда, қане?

Екінші бағыт «Болашақ жастардың қолында!» Яғни, сенің қолыңда. Ертеңіне сеніммен қарайтын ел сенімін ақтар әрбір жас осы бағыттың мән-мазмұнын түсінсе, жасындай жарқылдаған М.Жұмабаевтың айбарының өскені. Мағжан сенген ұландар-біздер. 2017жылы өткізілетін бүкілдүниежүзілік көрменің негізгі мақсаты-технология бағытынан бөлек, табиғи, тың идеяларды ұсыну. Негізгі идеологтар-жастар. Мен «Қазақстанның Алтын ғасырының» жас буын өкілі ретінде жобаға қосар үлестік пайымды саралап көрдім. Елбасының Мәңгілік ел құрудағы жоспары мен ЕХРО-2017 -ге қосар үлесінің арасында байланыс жігі бар. Алдымен саналы ұрпақ тәрбиелеу. Санамызға аздырушы аждаһасын емес,бәсекеге қабілетті біліктілік пен ой-сананың орасан шексіздігін ұялата білу. Дәлелді түрде қарасақ, жолдаудың бар бағыты жас буынмен біте қайнасқан. Бұл бағыт аталған бағыттардың ең бастысы, түп тамыры. Мұнда да жастар ұйымын кірістірсек, мәңгілік елдің бақаны, қадаушы уығы- осы жастар. Ал, елдің алғашқы салған қақпасы ЕХРО -2017. Байқағанымыздай, әрбір жүйе бір бағдармен атағы ауқымды көрмеге әкеліп тіреледі.

Көрме бізге не берді? Бұл әрине, көкейге қонған алғашқы сұрақ екендігі даусыз. Сұлу қалашықтар,заңғар биік ғимараттар, туристік өрлеушілік, әлем алдындағы абырой-бедел...тағысын тағы. Нәтиже басын ерте қайырған себебім, көргенді ел ретінде не берерін емес, не аларымызды ойлау әлдеқайда маңызырақ. Жас өркеннің бүршік атуы, қанат жаюы, шымырлана шыңдалуы, белестерден асып, болмысқа қарап бой түзеуі-үлкен жетістік. Осы жетістікке жеткеннің өзі бір мәртебе.

Дұрыс бағыт-бағдармен, қадамыңды тең басып, адымыңды алшаңдата, жолбарыстай тік шың бойымен құлдиламай, жартасқа жалын ата осқырынып шабыс беріп өрмелеу - «Болашаққа бастар жол» бағытының айқындығы, келешекке кемел біліммен жөңкіле көшкен керуеннің көштен қалмай, ілесе білгені. Елбасының мақсатқа жетер жолдағы ұсынған жолдауда менің басты принциптерімнің біріне айналды. Менің білім алуым, жоғары деңгейде оқу орнын аяқтап, екінші бағытқа қол жеткізуім. Бұл -жас та, саналы, жоғары деңгейлі әрбір маман бұл ұйымға мүше бола алады деген сөз. Бұл ұйымның да басшысы мен секілді білім алып, оқу орнын тәмамдаған маман. Демек, мен де осы ұйымның басшысы болуға лайықтымын. Жаһандану заманындағы жас ұрпақтың жаңа ой тудырушы жобасы Елорда болып жатқанда, жастар ұйымынан бір өкілдің бұл жобаға ат салыспауға әсте мүмкін емес. Мұның өзі-стратегияның іске асқандығы, көрмеге салынған көпір арқылы Мәңгілік ел құрғандығымыз! Мен Қазақстанда туып-өскеніме мақтанамын, қазақ болғанымды мақтан етемін, Отаным үшін жақсы оқуым мен жеткен жетістіктерім мен бағындырған биік шыңдарыммен ЕХРО-2017 -ге өз үлесімді қостым.



Маңғыбаева Айткүл Кендірбайқызы

10-cынып оқушысы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебі

Элек[email protected]

Тел:87718271295 , 872931-24-6-24





© 2010-2022