Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді жолдары

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді жолдары Утенова Мадина ЖамаладинқызыКөлкебаева Қазына Лайыққызы№51 гимназияҚазақстан,АқтөбеБүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қаб...
Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді жолдары

Утенова Мадина Жамаладинқызы

Көлкебаева Қазына Лайыққызы

№51 гимназия

Қазақстан,Ақтөбе


Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.[6,24]

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады. [6,27]

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себіл-
ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі. [5,102]
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.[2,3]

Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.

2.Шығармашылық ізденіске жетелейді.

3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.

4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.

5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.

6. Шығармашылдық белсенділік артады.

Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін - өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.

Мен үшін керек - пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.Мен істей аламын - өз біліміне деген сенімділігі.

Сондықтан ұстаз ретінде алдымызға қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.

Ондай кедергілер:

1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.

2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.

3. Денсаулығының нашарлығы.

Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала анықтау керек. [6,125]

Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу - барша ұстаздың міндеті.

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.

Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік,
түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой - пікірлері қалыптасады.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

-өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

- пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

- өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;

- жолдасының жауабына пікір айту;

- сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

- үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;

- үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;

- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;

-танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

- өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

-танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. [6,56-57]

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі. Шығармашылық сабақтардың өткізу оқушының танымдық іс - әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе "дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. [3,20]

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың "Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы" дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2.Н.Назарбаев "Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек".//"Егемен Қазақстан". 31 мамыр. 2000 ж.

3.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

4.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы. "Ғылым". 1988г

5.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева

6.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева

© 2010-2022