Открытый урок по казахскому языку на тему Асхана -Столовая (8 класс)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по казахскому языку на тему Асхана -Столовая (8 класс)

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Асхана тақырыбы бойынша нәтиже сабақ.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың асхана тарауы бойынша алған білімдерін тексеру,

  • жаттығу жұмыстарын жүйелі орындату.

  • Ұжыммен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, нәтиже сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.

  • Қазір қай мезгіл, қай ай?

  • Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Диалогты оқу -84 бет 3-тапсырма

IІІ. Нәтиже сабақ тапсырмалары.

1.«Асхана» сөзіне кластер құру.

Асхана - ас мәзірі, қасық, шанышқы, аспазшы, тағамдар, сусындар, дастарқан, ыдыс, ботқа, сорпа, салат т.б.

2.Сөздердің аудармасын табу. Олармен сөйлем құрастыру.

Қант

Ірімшік

Май

Сүт

Нан

Шұжық

Ет

Күріш

Кілегей

Тоқаш

Алма

Алмұрт

Қияр

Пияз

Сәбіз

Қызанақ

Мясо

Сливки

Рис

Булочка

Огурец

Помидор

Сыр

Яблоко

Молоко

Масло

Лук

Сахар

Хлеб

Колбаса

Груша

Морковь

3. Септіктерді қайталау «Кім жылдам ойыны»

1.Септік атауларын дұрыс құрау

2.Септік сұрақтарын дұрыс құрастыру

3. Септік жалғауларын дұрыс құрастыру

4.Асхана, дастарқан

4. Тағамдарды түріне қарай бөлу

Сорпа, палау, алма шырыны, айран, сүт, борщ, котлет пен орамжапырақ, котлет пен картоп, лағман, қуырдақ, шай, кофе, мәнті, тұшпара, балмұздақ, кәуап, сүт кеспе, күріш сорпасы, қуырылған балық, бесбармақ

Бірінші тағам

Екінші тағам

Үшінші тағам

Сорпа,

Борщ

сүт кеспе,

күріш сорпасы

палау,

котлет пен орамжапырақ,

котлет пен картоп, лағман,

қуырдақ

мәнті,

тұшпара

кәуап

қуырылған балық, бесбармақ

алма шырыны,

айран,

сүт,

шай,

кофе

балмұздақ

3. Мәтінмен жұмыс - мәнерлеп оқу, аудару

Мектеп асханасы.

Біздің мектепте үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары және түрлі сусындар сатады.

Біз екі мезгіл осы асханадан тамақтанамыз. Таңертеңгі асқа жеңіл тағамдардан ботқа, шай немесе сүт, май және нан аламыз.

Түскі асқа біріншіге сорпа немесе борщ, екіншіге қуырдақ немесе палау, үшіншіге шай немесе кофе, кейде сүт, айран аламыз.

Дастарқан мәзірін көрген соң, даяшыға тапсырыс береміз. Бірақ тапсырысты алған соң, асханада әркім өзіне-өзі қызмет етеді. Пышақ, қасық, шанышқыны бос үстелге қойып, тамақты өзіміз аламыз.

Бұл асханадан оқушылармен қатар, мектеп қызметкерлері және мұғалімдер де тамақтанады.

Асхананың іші таза, жарық, кең. Асхана қызметкерлері де сыпайылықпен қызмет етеді.

4. «Дастарқан» сөзінен сөз құру - ас, ар, ана, ата, қан, қанат, астана, дана, дара, тарақ, тар, тара, қара, ақ, тана, сана, дақ, арқан, сара, дастан, асан, астар,

5.Суретпен жұмыс - «Отбасы дастарқан басында»

-суретте не көріп отырмыз?-отбасы

-отбасы қайда отыр? -дастарқан басында

-дастарқанға ең бірінші не қояды? -нан қояды

- кім асқа байланысты мақалдар біледі?

1. Қазақтың басты тағамы не? -бесбармақ

2. Бауырсақты неден жасайды? - ұн, сүт, ашытқы, қант, тұз, май

3. Сүттен жасалатын тағамдарды ата. - май, қаймақ, ірімшік, құрт,

4. Бие сүтінен не дайындайды? - қымыз

5. Түйе сүтінен не дайындайды? -шұбат

6. Ас ішуге қажетті құралдарды ата. - қасық, шанышқы, пышақ, тәрелке, кесе.

7. Сендер күніне неше рет тамақтанасыңдар?

8.Тест жазу

1. Берілген сөйлемді толықтырыңдар. Анам жұмыс орнындағы ...тамақтанады.

А) үйде

В) асханадан

С) әпкемнің үйінде

Е) жұмыста

2. Берілген сөйлемге керекті сөзді жазыңдар. Мен екіншіге (сорпа, палау, сүт, балмұздақ) аламын.

А) сорпа

В) палау

С) сүт

Е) балмұздақ

3. Берілген сөйлемді дұрыс құрыңдар. Жанында, орналасқан,үйдің, асхана.

А) Асхана үйдің жанында орналасқан.

В) Асхана жанында үйдің орналасқан.

С) Үйдің орналасқан жанында асхана.

Е) Жанында орналасқан үйдің асхана.

4. Сөйлемді дұрыс құрыңдар. Салат турау үшін (пышақ, тәрелке, стақан, қасық) керек.

А) пышақ

В) стакан

С) тәрелке

Е) қасық

5. Берілген сөйлемді толықтырыңдар. Тамақ ішкенде ... оқыма.

А) теледидар

В) радио

С) кітап

Е) тігін

6. Берілген сөйлемді толықтырыңдар. Ас ішіп болған соң, « ...» деуге болмайды, «...» деу керек.

А) іштім, болдым

В) тойдым, болдым

С) тойдым, қанағат

Е) қанағат, болдым

7. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын қойыңдар. Бата жасау, ас қайыру сияқты жораларды сыйлы адам ... күтеді.

А) -ды

В) -нан

С) -ға

Е) -нда

8. Берілген сұраққа жауап беріңдер. Дастарқанға ең бірінші (не?) қойылады?

А) сүт

В) қант

С) нан

Е) бал

9. Асхананың қабырғасына түрлі нелер ілінуі керек?

А) суреттер

В) кітаптар

С) жапқыштар

Е) теледидарлар

10. Берілген мақалды мағынасына қарап, аяқтаңдар. ... көріп, ... іш.

А) ыдысын, асын

В) ыдысын, сүт

С) асын, тамағын

Е) ыдысын, жу


9.Сабақты қорыту

10. Бағалау.

Открытый урок по казахскому языку на тему Асхана -Столовая (8 класс)Открытый урок по казахскому языку на тему Асхана -Столовая (8 класс)

Открытый урок по казахскому языку на тему Асхана -Столовая (8 класс)

Открытый урок по казахскому языку на тему Асхана -Столовая (8 класс)


© 2010-2022