Урок по казахскому языку Бауырлар (6 класс)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байғанин ауданы

Жарқамыс селосы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қалиева Әсел Нұрлыбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев « Бауырлар» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Өлеңнің тақырыбы,ақынның айтар ойы,бүгінгі күнмен байланысын талдау, мазмұнын меңгерту;
Дамытушылық : Оқу дағдысын,сөйлеу тілін,шығармашылық дағдысын дамытуға жағдай жасау; ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтау, оны дәлелді түрде жеткізу, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасуын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына туған жерді сүю,топырағын құрметтеу, адамгершілік,бауырмалдық қасиеттерді сіңіру,отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Т.Молдағалиев,Н.Назарбаев «Қазағым елім» өлеңін бірге орындаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қария қалаға неге келді?

  • Ол кімге жолықты?

  • Бала кімді аңсап жүр?

Мінездеме беру

ІІ Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың эпиграфы

Өлең - менің тіршілігім,жер-көгім,

Ертелі-кеш таусылмайтын еңбегім.

Мені өлеңнен бөлген күні бітем мен,

Өлеңсіз күн - өлген күнім ол менің

Тұманбай Молдағалиев

Тұманбай Молдағалиев өмірінен хронологиялық кесте слайд тақтадан көрсетіледі

Сабақтың ерекшелігі стратегиялық пирамида бағытында жүргізіледі



  1. Миға шабуыл стратегиясы

БАУЫР сөзінің мағынасын анықтау

2. "Талдап білу" стратегиясы

Мәтінмен танысу

Сөздік жүргізе отырып,өлең шумақтарының мазмұнын ашу

3."Еркін жауап" стратегиясы

- Ақынның бауыры кім?

- Кел,бауырым,несіне жүрсің жырақ,-деген сөздің мәні не?

- Қимай кеткен сол суды аталарың,

Бетін жуып соңғы рет мөлдіріне,-дейді.Олар қайда,неге кеткен?

- Ақын нені мақтаныш етеді?

4. "Танып білу" стратегиясы

Шетелдерде тұратын қазақтардың саны қанша?

5. "Пікір алысу "стратегиясы

Кеспе қағаздар арқылы жүргізіледі

6. "Тұжырымдау картасы" стратегиясы

1. Тұманбай Молдағалиев қай жылы,қай жерде туған?

2. Алғашқы жыр жинағы қалай аталады?

3. Өлең несімен ұнады?

4. Егер алысқа ұзап шықсаңдар кімдерді сағынасыңдар?

5. Туған жер деген сөзді қалай түсінесіңдер?

6 Туған жер,бауыр сөздерін синквейн әдісі бойынша талдау

Бағалау Белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын

Үй тапсырмасын беру.

Т. Молдағалиев « Бауырлар» өлеңін жаттау.



© 2010-2022