Қазақ тілі ашық сабақ 8 сынып Астана

Сабақтың тақырыбы: Астана. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Астана қаласы туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыппен байланыстыру; 2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру; 3. Оқушылардың Қазақстанның Астана қаласына деген сүйіс- ...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Астана. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Астана қаласы туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыппен байланыстыру;

2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін

қалыптастыру;

3. Оқушылардың Қазақстанның Астана қаласына деген сүйіс-

пеншілігін, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ақпаратты оқыту технологиялары, түсіндіру, сұрақ-жауа, топтастыру, аударма, ойландыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: проектор, интерактивті тақта, Астана қаласының суреттері,

сөйлем мүшелеріне арналған грамматикалық кесте.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа материалды түсіндіру.

4. Жаңа материалды бекіту.

5. Жаңа материалды қорыту

6. Оқушыларды бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа назарларын аудар, сабаққа

дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау,

дәптерлерін тексеру, бірнеше оқушыдан ауызша сұрап

шығу.

3. Жаңа материалды түсіндіру: - Бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазыңдар. Бүгін біз

сендермен мемлектіміздің бас қаласы Астана тура-

лы өтеміз.



Астана

Қай елдің болса да астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәс-

Кеу десе - Ресей, Пекин десе - Қытай, Лондон десе - Англия мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы - Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір - талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың бір ордасы

болған.

Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.

Астана - болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол әлемдегі көрікті қалалардың бірі.

Астана іскерлік жаңа мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы - жаңа Қазақстанның белгісі.

( газет материалдарынан)

Жаңа сөздермен жұмыс


Сөз Сөз тіркесі Сөйлем

Елестету көз алдына елестету Ол болған оқиғаны көз адына елестетті.

Бас бас қаласы Еліміздің бас қаласы - Астана.

Әйгілі әлемге әйгілі Астананың аты әлемге әйгілі.

Қасиетті қаситті өлке Түркістан - қасиетті өлке.

Орда бір ордасы Еліміздің бір ордасы - Алматы.

Зәулім зәулім ғимараттар Алматыда зәулім ғимараттар бар.

Көрікті көрікті қала Алматы көрікті қалалардың бірі.

Айналу орталыққа айналу Астана - еліміздің мәдени орталығына айналды.

Мәкеу - Ресей

Пекин - Қытай

Лондон - Англия

Қазақ тілі ашық сабақ 8 сынып Астана

Қазақ тілі ашық сабақ 8 сынып АстанаҚазақ тілі ашық сабақ 8 сынып АстанаҚзіргі кездегі Бас қала

Астана

ҚҚазақ тілі ашық сабақ 8 сынып АстанаҚазақ тілі ашық сабақ 8 сынып Астанааласы

Қазақ тілі ашық сабақ 8 сынып АстанаҚазақ тілі ашық сабақ 8 сынып АстанаСолтүстік Аты әлемге

Қазақстан әйгілі



Тарихшылар Тарихи оқиғалар

Өткен ғасыр Қасиетті өлке

ғұндардың




4. Жаңа материалды бекіту.

Сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастыр.

  1. Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.

  2. Ғимараттар, салынып жатыр, әсем, зәулім, мұнда.

  3. Астана, айналды, іскерлік, мәдени, орталыққа.

  4. Тойланды, биыл, Астананың, онжылдық, мерейтойы.




Кеспемен жұмыс

  1. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан.

  2. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.

  3. Астана іскерлік мәдени орталыққа айналды.

  4. Биыл Астананың онжылдық мерейтойы тойланды.


Бастауыш


Баяндауыш


Толықтауыш


Пысықтауыш


Анықтауыш


Астана қаласы

орналасқан


Солтүстік Қазақстан аймағында


ғимараттар


салынып жатыр


мұнда

әсем, зәулім

Астана


айналды

орталыққа


Іскерлік, мәдени


болды

мерейтойы

биыл

Астананың,

онжылдық



  1. Жаңа материалды қорыту.

Астана сөзімен тіркесетін эпитеттерді табыңдар:



А - арман

С - сұлу

Т - таза

А - асқақ қала

Н - нағыз

А - алып

Керекті сөздер: ежелгі, аласа, арман , нағыз, қызыл, таза, сұлу, кішкентай, асқақ, көк, алып.


  1. Оқушыларды бағалау. Балаларға тиісті бағалары қойылады.


  1. Үйге тапсырма беру. - Балалар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып

алыңдар. Үйден бүгінгі өтілген жаңа сөздерді жаттап,

мәтінді оқып, келіңдер.

  • Үй тапсырмасы түсінікті ме?

  • Сау болыңдар, балалар!




Қостанай облысы

Қостанай ауданы

Надеждин орта мектебі













Астана.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.











Баянбаева Куляйм Искергеновна

Мұғалімнің өзіндік талдауы мен сабағына берген өзіндік бағасы.



Сабақтың тақырыбы: Астана. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сабағымның тақырыбына сай өткен материалмен байланыстыра отырып, оқушыларға Астана қаласы жайында мәлемет беру .Грамматикалық тапсырмалар арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту және олардың Астана қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мәтін мазмұны арқылы оқушыларға Астана қаласы жайында қосымша мәлемет берілді. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту мақсатында жаңа сөздермен, мәтін бойынша грамматикалық жұмыстар жүргізілді.

Сабағымның материалдық көлемі мен сапасына тоқталатын болсам, сабақтың көлемін оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ал сапасын білім деңгейлеріне қарай таңдадым.Сабақтың әр кезеңін әртүрлі грамматикалық тапсырмалармен түрлендіруге тырыстым.Жаңа сөздермен, мәтін мазмұнымен танысып болған соң, жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлемдер құрадық. Оқушылар мәтіннің мазмұнын әңгімелеп берген соң, қорытындылау мақсатында Астана қаласы жайында класстер жасадық. Сабақты бекіту кезеңінде грамматикалық тақырыпқа көңіл бөлінді. Яғни сөйлемнің орын тәртібі мен сөйлем мүшелеріне. Бірінші тапсырма сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып сөйлем құрау, ал екінші тапсырма сөйлемдегі сөздердің синтаксистік қызметін анықтап, сөйлем мүшелеріне ажырату. Сабақ «Астана» сөзімен тіркесетін эпитеттерді тауып алып жазумен қорытындыланды.

Оқушылардың сабақта белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында класстер, кеспемен жұмыс, талдау, сұрақ-жауап, ақпаратты оқыту технологияларын сабақта тімді пайдалануға тырыстым. Сабақта балалар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін көрсете білді және сол білімдеріне сәйкес бағалары да қойылды. Болашақта сабақты бұдан да күрделендіріп, оқушылармен жұптық, топтық жұмыстарды жүргізуге болады. Жалпы сабақ жоспарланған мақсатына жетті.



© 2010-2022