Открытый урок по казахскому языку на тему Зат есімнің жасалуы (6 класс)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚМЖ 6-сынып

Сабақ тақырыбы: Зат есімнің жасалуы Пән мұғалімі :А. Б.Джумадилова

Мақсаты :Зат есімнің жасалу жолдарын, оның түрлері мен жұрнақтарын , құрылысы мен құрамын түсіндіру.

Блум таксономиясы

критерийлері

Жұмыс түрі

Қолданылатын стратегиялар

Әдебиеттер

1

Білу

Зат есім туралы біледі.

СТО.Логикалық жұмбақ сұрақтар:1.Дүниедегі барлық жанды, жансыз нәрселердің бәріне не керек? (.., ....)

2. Жаратылғанның бәріне жабысқан не?(.., ....)

Зат есім сұрақтары, орыс тіліндегі «кто?» сұрағының айырмашылығы.

Жалқы есім мен жалпы есім туралы жаттығу жұмысы тексеріледі.

Инсерт, Анаграмма

қ

а

з

а

қ

қ

а

з

т

а

р

и

х

к

е

р

і

к

А

с

т

а

н

а

і

л

г

і

ш

м

а

й

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012.№ 12

2

Түсіну

Дара және күрделі зат есімдерді ажырата алады.

«Топтастыру стратегиясы»Тақтада (бірнеше зат есім сөздер беріледі де, оны сөз тұлғасына қарай топтап жазады):

Бұлт, бұрғы, ата-ана, алабота,аспан, күрек, бала-шаға, Жезқазған, Ақтөбе, ағаш, жазушы, шай-пай,жиен, ойыншық,білім, медколледж,АҚШ,

Бұларды дара, туынды, біріккен, қос сөздер, қысқарған сөз тобына топталып жазылады.

"Деректі диктант" әдісі: Оқушыларға 5-7 түйінді сұрағы бар бірнеше нұсқалы сұрақтарға жазбаша жауап беру тапсырылады. Оның бір-екеуі бұрынғы материалдарға қатысты. Оқушылардың алдында таза парақ пен қаламнан басқа ештеңе болмауы тиіс. Соңынан жағдаяттан шығу үшін сергіту ойындары ойналады.

«Топпен әріп жазу» ойыны

3

Қолдану

Зат есімнің жасалу жолдарын жұрнақтар арқылы құрастырып, оларды сөйлем құрауға пайдаланады.

Есімдерден зат есім тудырушы жұрнақтар

мысалдар

-шы, -ші;-шық

малшы, әнші, ойыншық

-лық , -лік, -дық, -дік, -тық, -тік;

достық, кісілік,жеңілдік,аздық, көптік

-шылық, шілік,

жұртшылық, басшылық. көпшілік

-шақ, -шек,-ша, ше;

мақтаншақ, маңдайша,

-лас, лес,-дас,-дес,-тас, -тес;

жолдас,

-стан

Қазақстан

Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар

мысалдар

-ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе

аялдама, шығарма, мінездеме, қоспа

-ым, -ім,-м,-ін,

білім, бөлім,киім, егін

-ыс,-іс, -с,

айтыс, шайқас,күйзеліс

-қ,-к,-ық,-ік,

-ақ, -ек

тарақ,сызық,түкірік,

күрек

-қыш,-кіш

жылтқыш, қысқаш

-іш,-ыш,

төсеніш,өлшеуіш, түйреуіш

-ғы,-гі,

бұрғы, сүзгі

Топтық жұмыс.(екі топқа бөлінеді: «есімдерден зат есім», «етістіктерден зат есім» )

Туынды сөз құрастыру

4

талдау

Сөйлемнің құрамынан зат есімнің негізгі,туында екенін тауып, талдайды

«Білім-бәйге».

120-жаттығыу (ауызша)

125-жаттығу (жазбаша)

Морфологиялық талдау

Қазақ тілі

6-сынып

5

жинақтау

Зат есімнің жасалу жолы, дара және күрделі зат есімдер тобы сызбамен жинақтайды.

Зат есімнің жасалу жолы:

Есім сөздерден

етістіктен

Дара

туынды

Күрделі:

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Сөз тіркесі

Рефлексия.Сызба арқылы жинақтау

6

Бағалау

Сабақтан алған білімін қорытындылайды.

Менің түсінгенім

Кері байланыс, ауызша

Әңгіме барысында топпен тұрып баяндайды.

Үйге тапсырма:123-жаттығу

5-сынып. Қазақ тілі Пән мұғалімі: А.Б.Джумадилова

Сабақ тақырыбы: Архаизмдер

Мақсаты: Көнерген сөздердің бір түрі - архаизмдердің ана тіліміздің сөздік құрамында алатын орны, атқаратын қызметі, қолданысы.

Міндеттері:

- оқушылардың тіл байлығын арттыру;

- сөз мағынасын білу;

- сөзді дұрыс қолдану;

- тіліміздіің сөздік құрамының молдығын сезіне білу;

- түрлі жаттығулар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Блум таксономиясы

критерийлері

Жұмыс түрі

Қолданылатын стратегиялар

Әдебиеттер

уақыт

1

Білу

Көнерген сөздер туралы, оның түрлері туралы біледі.

1. Ұйымдастыру кезеңі.Электрондық оқулықтан күй сазы естіліп тұрады, оқушылар ұлттық бұйымдармен сабаққа кіреді (қамшы, ұршық, бөрік, камзол,торсық т.б.)

2.Үй жұмысы: 1.Өткен сабақта өздерің оқып түсінгендерің бойынша, біреуің тақтаға сызба түрінде жаз, біреуің мысалдарын жаз.Басқамыз жетекші сұраққа жауап берелік. Сұрақтар:

1.Тіліміздегі сөздер неге өзгеріп отырады?

2.Көнерген сөздер дегеніміз не?

3.Тарихи сөздер дегеніміз не? Оның түрлері.

149 - жаттығу.Мұндағы асаба, қараша үй,ханша, отарба, мырза, құл,сауыт, сауық, патша сөздерінің тарихи немесе архаизм екенін тап.

Бекіту жұмысы.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой(хан, ханмен хандық,уәзір, дуан,күпі, шекпен, шидем).

Он екі мүшең сау болса,

Қара басың ... тең.

Мен Біржан күннен - күнге айқындалған,

Көшетау ... даңқым шыққан.

... мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

... киген қазақтың қара өлеңін,

... жауып өзіне қайтарамын.

Сол күйінше ... тағы ... құрды. Жаман оған жақсы ... болды.Жаман ... ақылымен, тапқырлығымен жақты.Содан былай қырық ... елеусіз боп шеттеп қалды.

Сөздік жұмыс: дуан - облыс

Шидем - қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы киім.

Күпі - сырттан киетін қысқа жылы киім.

Шекпен - теріден тысталып тігілген ұзын тон.

Рефлексия









Жеке жұмыс

Қазақ тілі Алматы»Атамұра»2010 Г.Қосымова, Ж. Дәулетбекова

10 минут

2

Түсіну

Архаизм сөздердің түрлерін қолдана отырып, қай жерлерде жұмсалатынын аңғарады.

Көргенімді көңілге тоқиын.

Ұлттық киімдер мен бұйымдар. 158-жаттығу.Суретке қарап киім аттарын айт.1.Сынапқа әкелінген заттарды таныстыру. Олардың жасалу жолдары, қолданылуы, қазіргі кездегі орны туралы айту. Мысалы: Қамшының түрі, жаттығуда берілген Балуан Шолақтың қамшысы, таспа сөзінің қолданылуы (Жоныңнан таспа тілейін бе?) ,таспаны иленген теріден тілу,пайдалану туралы кеңінен айту.

2.І.Жансүгіровтің «Ұршық» өлеңі.

Сыртылдама,он саусақ,

Майдалап, мапа, түтілші.

Шыртлдама, шынашақ,

Шыр айналшы, шүйке ілші.

Оймышты үшқат, ырғай сап,

Ұршығым, сені қолға алам...

Жұптық жұмыс

7 минут

3

Қолдану

Берілген сөздердің мағынасына қарай орынды қолданады.

«Ойлы блосаң, озып көр»

Мына сөздерің мәні, мағынасы не?

а) Киім

тағам

салт ерулік

ыдыс

ә) Өнер

әшекей тоқымқағар

тағам

дәстүр

б)ыдыс

мата қауға

қолөнер

салт

в) ырым

әдет-ғұрып

киім-кешек сауын айту

өлшем бірлік

Миға шабуыл

5 минут

4

Талдау

Тапсырмаларды есте сақтай отырып талдай алады.

Естігенімді есте сақтайын.

152- жаттығу. Мәтінге ат қою.Көн ыдыс,піспек, саба сөздері сөздік қордың қай тобына жатады?

153 -жаттығу. Бір минутта оқып аламыз да, тренинг бойынша орындаймыз.

Тренинг №1

Тағам атауларын жасалу жолымен сәйкестендір.

Тағам аттары

Жасалу жолдары

1.Қағұт

А)Нан тағамның түрі.Ет сүйектен ажырап түскенше қайнатылып,езілгенше пісіріледі.Содан кейін үстіне ұн, май, шекер салып, қоюланғанша қайнатады.

2.Жөргемеш

Ә)Ішек-қарынды. Бүйрек -бауырды турап,жіңішке ішеккке тығып қақтап не қайнату арқылы пісіріледі.

3.Сын сырмақ

Б)Тарыдан істелетін тағамның түрі.Тарыны қайнатып, қуырып, диірменге тартып, май мен шекерге араластырады.

4.Қара етмек

В)Пісірілген бас ұсақтап туралады да, тұздық қосылып араластырады.Оған ашыған қатық қосады.

1

2

3

4


Тренинг№2

Өлшем бірліктердің дұрысын тап.

Өлшем бірліктер

Сөйлемдер

1.бір шөкім

А)Бетпақтың көлденеңі ... ... .

2.арқан бойы

Ә)Қарттықтан ... ... ... жүре алмадым.

3.кере қарыс

Б)Өтірік пен шындықтың арасы - ... ... .

4.оймақтай

В)Күн ... ... көтеріліп қалған екен.

5.қарға адым жер

Г)... ... маңдайлы бір ұл туды.

6.сегіз көштік

Ғ)Сұлу қыздың ... аузы өзіне жарасып тұр.

7.төрт елі

Д)Аспанда ... ... бұлт жоқ.

1

2

3

4

5

6

7






Топтық жұмыс

10 минут

5

Жинақтау

« Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» .

Архаизм сөздер ақылы нені білдім, нені байқадым?Тіл байлығын мол білу үшін не істеу керек?

Эссе жазу

7 минут

6

Бағалау

Архаизмдерді білудің маңызы зор екенін, ата- бабалар сөзін жаттау керек екенін бағалайды.

Топтар бір- бірінің жұмысына пікір айтады.

смайлк

5 минут



© 2010-2022