Тематический план по казахскому языку на тему Менің мектебім

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тематический план по казахскому языку на тему Менің мектебім


Ақтөбе қаласы

«Шаңырақ» жеке мектебінің

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Жұмашева Асылдана Сүйінқызы

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним сөздер.

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік - оқушыларға омоним, синоним, антоним сөздер туралы мәлімет бере отырып, мектеп туралы түсініктерін кеңейту. Сөз мағыналарын ажырата алуларына жағдай жасау, жаңа сабақты игерту.

ә) Дамытушылық - оқушыларды әңгіме құрастыра білуге үйрету, сөз байлықтарын сөздік қорларын арттыру, қазақ тілінде сауатты және таза жаза білуге дағдыландыру, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

б) Тәрбиелік - сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа татулыққа сыйластыққа, қамқорлыққа шақыру, мектеп ережелеріне бағынуға, егемен елдің білімді де сауатты ұрпағы болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, жаттықтыру, оқушыны ойландыру, сұрақ-жауап әдістері

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

М: Сәлеметсіздер ме?

О: Сәлеметсіз бе?

М: Бүгін сабақта кім жоқ?

М: Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Барлығымыз оқу-құралдарымызды

дайындап, сабаққа зейінімізді аударайық.

Үй тапсырмасын дәплерін жинап алу арқылы тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ кезеңі.

Оқушылар біздер осы күнге дейін фонетика және үндестік заңы туралы мәліметтермен

танысып, білімімізді молайттық. Енді бүгін жаңа тақырып өтейін деп отырмыз. Осы

жаңа тақырыбымызбен танысу үшін алдымызда берілген ребусты шешіп алайық. Сонымен, оқушылар бастағалы отырған модуль «Менің мектебім» деп аталады. Біздің

сабағымыздың бүгінгі тақырыбы - «Мектеп». Біз бүгінгі сабақта баршамызға жақсы

таныс мектеп тақырыбы туралы сөз қозғап, омоним, синоним, антоним сөздермен таныс

боламыз. Және топқа бөлініп әртүрлі жұмыстар жүргіземіз. Сонымен біздің бүгінгі лексикалық тақырыбымыз - мектеп болса, грамматикалық тақырып - сининм, антоним, омоним сөздер.

Ең алдымен «мектеп» дегенде сөздер оралады? Барлығымыз да мектепте аламыз

солай ма? Сендер мектепте білім алған ұнайды ма? Мектепке бару әр адамның өмірінде

елеулі роль атқаратын сәттердің бірі. Барлығымыздың да мектепке барған кезіміз есіміз-

де ме? Қанеки, кім айтады?

Жаңа сөздермен танысу:

Ұғым - понятие

Мәңгі - вечно

Белсенді - активный

Сауатты - грамотный, образованный

Мәдениетті - культурный

міндет - обязанность.

Ал, синоним, антоним, омоним сөздер туралы не білеміз?

  1. Мағыналары бірдей сөздер синонимдер деп аталады: оқушы - шәкірт, мұғалім - ұстаз. Сино́нимы - слова одной части речи, различные по звучанию и написанию (ср. омонимы), но имеющие похожее лексическое значение.

  2. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады: биік - аласа, үлкен - кіші. Анто́нимы- это слова одной части речи, различные по звучанию и написанию, имеющие противоположные лексические значения, например: «правда» - «ложь», «добрый» - «злой», «говорить» - «молчать».

  3. Жазылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа сөздер омонимдер деп аталады: ат - конь, ат - имя. Омо́нимы - разные по значению, но одинаковые по звучанию и написанию слова.

Ендігі кезекте топтық жарысымызды бастаймыз. Біз бүгінгі тақырыбымызға қарай синоним, антоним, омоним деп үш топқа бөлініп отырмыз. Осы үү топ жарысып бақ сынасамыз.

1-тур «Дәлелді жауап».Топ мүшелері алдымыздағы кубикті алып лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтары:

1.Мектеп сөзі қай тілден шыққан?

2.Ұстаз, мұғалім сөздер қай топқа жатады?

3.Сынып ішіндегі заттардан синонимдерге мысал келтір.

4.Сен нішінші мектепте оқисың? Ол мектеп қандай?

5.Мектеп оқушылары қандай болу керек?

6.Омонимдер дегеніміз қандай сөздер?

7. Үлкен-кіші сөздері қай сөз тобына жатады?

8. Мағыналары бірдей, бірақ айтылуы әр түрлі сөздер қалай аталады?

9.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады?

2-тур «Ұтқыр жауап». Ұяшық таңдау.

  1. Біздің мектеп қай жерде орналасқан?

  2. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады? 3 мысал келтір.

  3. Әдемі, сұлу, көрікті, әсем, көркем сөздері қандай сөз тобына жатады? Орысша аудармасын тап.

  4. Синоним сөздерді ережесін айт. Бірнеше мысалдар келтіріңдер. Синоним сөздермен өзара диалог құрыңдар.

  5. Мағыналары бірдей сөздер тобы қалай аталады? Мысалдар келтір.

  6. Мектеп сөзі қандай ұғымды білдіреді. Алғашқы мектепке барған кездерің естеріңде ме?

  7. Омонимнің ережесі қандай? Мысалдар келтір. Қара - ... . Бас - ... сөздеріне омоним қандай сөздер?

  8. Үлкен - ... . Биік - ... . Жақын - ... сөздеріне антоним сөздерді тап.

  9. Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы қандай? Мысал келтір.

3-тур «Ойлан тап!» Себеттен банандарды алу арқылы тапсырмалар орындату.

1-тапсырма: «Аялдамада» тақырыбына анотоним сөдрмен шағын диалог құраңдар.

2-тапсырма: «Қара құс» тақырыбына омонис сөздермен 3 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құраңдар.

3-тапсырма: «Біздің топ» тақырыбына синоним сөздерді қолданып шағын әңгіме жазыңдар.

4-тапсырма: «Менің досым» тақырыбына ауызша өз ойыңды айт. Сөз ішінде синоним сөздер болуы керек.

5-тапсырма: «Менің атым» тақырыбына омоним сөздерді қосыр шағын әңгіме жазыңдар.

6-тапсырма: «Менің мектебім» тақырыбына антоним сөздермен диалог құраңдар.

  1. - тур. «Миға шабуыл» - «Мозговая атака». Тест.

1.«Мектеп» деген сөз қай тілден шыққан?

а) орыс

ә) парсы

б) араб.

2. «Мектеп» деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

а) сабақ

ә) оқу орны

б) оқушы

3.Әдемі сөзіне қай сөз синоним?

а) үлкен

ә) сұлу

б) қара

4.Қай сөз омоним бола алады?

а) жаз

ә) сөйле

б) жүр

5. Алыс сөзіне қай сөз антоним?

а) қалың

ә) жақын

б) биік

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

1.Сендер қай сыныпта оқисың?

2.Біздің мектебіміз қай жерде орналасқан?

3.Сынып бөлмелері қандай?

4.Сендер мектептеріңді жақсы көресіңдер ме?

5. Біз бүгін қандай грамматикалық тақырыппен таныстық?

6. Омоним дегеніміз қандай сөздер тобы?

7. Синонимнің ережесін айт.

8. Антоним дегеніміз қандай сөздер?

9. бүгінгі сабақ барлығымызға ұнады ма?

10. Мектепте оқушылар қандай болуы керек?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 26-беттегі 4 тапсырма. «Кезекші» өлеңін жаттау.

Бағалау.


© 2010-2022