Поурочный план по казахскому языку Дүкенде 2 урок для 2 класса

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по казахскому языку Дүкенде 2 урок для 2 классаПоурочный план по казахскому языку Дүкенде 2 урок для 2 классаПән: Қазақ тілі Сынып: 2 № 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дүкенде

Грамматикалық тақырыбы: Сын есім

Оқып үйренудің негізгі мақсаты:

тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгереді, ойлау қабілеттерін дамытады. Сөздерді қатыстыра отырып сөйлемді дұрыс құрауға үйрененеді. Ұйымдасып топпен жұмыс жасайды, көшбасшысы сайлап өздерін ынталана жұмыс жасауға бейімдейді.

Оқушының міндеті: Білім мазмұнын еске түсіреді және қолдана біледі. Ауызша сөйлеу, жазба тілінің дағдыларын үйренеді, дамытады.

Мұғалімнің міндеті: 1.Оқуға қызушылық тудыру.

2.Сабақ кезеңдерін жүйелі-сатылы ұйымдастыру.

3.Педагогикалық ынтымақтастықты ұстану.

Оқыту формасы: Ұжымдық - бөліскен іс-әрекетке құрылған топпен жұмыс.

Оқыту әдістері: «Дүкенде» тақырыбы бойынша өткен сабақты еске түсіруге сұрақ-жауап, әңгіме ой қозғау, жаңа сөздермен танысу, іздену, көрнекілік.

Оқыту тәсілдері: Топ құру, көшбасшы сайлау, бағалау, мадақтау, сайыс топтар арасында жүргізу.

Оқыту құралдары: Суреттер,жұмыс парағы, бағалау парағы.

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Амандасу

2.Бүгінгі сабаққа дайындықтарын тексеру. 3. Көңіл-күйін білу. 5 мин

4. Топқа бөлу (көшбасшы сайлау)

ІІ Өткенді қайталау. ( Суретпен жұмыс)

Сұрақ-жауап.

-Бұл не?

-Бұл дүкен.

-Дүкенде не бар?

- Дүкенде нан, кәмпит бар.

-Азат не сатып алды?

-Азат кәмпит сатып алды.

-Кәмпит қандай?

- Кәмпит тәтті.

-Мамасы не сатып алды.

-Мамасы нан сатып алды.

- Нан қандай?

- Нан жұмсақ. (3 минут)

ІІІ. Негізгі бөлім.

Балалар қандай сөз бізге мұнда белгісіз:

  • Тәтті, жұмсақ.

Ендеше біздің бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз «Сын есім». -Сын есім-это в русском языке вы знаете имя прилагательное.

Сын есім заттың сапасын, түсін, көлемінбілдіреді.Қандай? Қай? Деген сұрақтарға жауап береді.

Имя прилагательное- это часть речи, которое обозначает признаки, качества, свойства предметов и отвечает на вопросы Қандай? (Какой? Какая? Какое?), Қай ( какой?).

Например: Ақ (белый), жылы ( теплый), сұлу (красивый) 5 мин

Ал енді жаңа сөздерге қарайық, есте сақтайық!(бірге қайталайды)

Тәтті - сладкий (-ая, - ое)

Дәмді - вкусный ( - ая, -ое)

Домалақ - круглый ( -ая, - ое)

Жаңғақ - орех

Қатты - твердый ( -ая, - ое)

Жұмсақ - мягкий (- ая, -ое)

Ащы - горький ( -ая, -ое)

Пайдалы - полезный (-ая, -ое)

Жарайсыңдар! 5 мин

Енді балалар біз сурет бойынша сөйлем құрастырып көрейік.

Мысалы: Мен (азық-түлік, көкөніс) дүкеннен қант, нан, шай сатып алдым. 5 мин

ІV. Суретпен жұмыс. Сөйлем құрастыру.

  • Балаларға жұмыс беру ( бағаланулары туралы түсіндіру)

Егер мен улкен фишка беретін болсам - он ұпай,

кіші фишка беретін болсам - бес ұпай,

шыршаның суретін беретін болсам - үш ұпай.

Ватман беремін беремін, суреттер беремін, ішінде бір сурет бұл дүкендерге қатысы жоқ, оны табу керек.Кемінде үш сөйлем құрастыру керек. Жұмыс уақыты 10 минут.

V. Сергіту сәті.

VІ. Көшбасшылар қорғайды. (4 топқа 7 минут)

VІ. Тақтадағы ұпайларды санаймыз. Топтарды жасаған жұмыстары үшін қолпаштаймыз.

VІІ. Рефлексия. Стикер таратып, сабақты бағалату. 2 мин

VІІІ. Үй жұмысы: 1.(ауызша ) сөздік жаттау

2.(жазбаша) жаттығу орындау

Сау болыңдар балалар! Рахмет сендердің жұмыстарына, өте жақсы жұмыстар жасадыңдар, жарайсыңдар!



© 2010-2022