• Преподавателю
  • Другое
  • Қосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктер

Қосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктер

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктер«Үшөлшемдік әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша зат есімнің жалғауларын оқытуда қолданылатын көрнекіліктер

  1. Көпір тапсырмаларының сұрақтары:

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

  3. Зат есімнің қандай жалғауларын білесің?

  4. Көптік жалғауларын ата.

  5. Тәуелдік жалғауына мысал келтір

  6. Неше септік жалғауы бар?

  1. Жұмбақтардың жауабын тауып, ішінен зат есім жалғаулары бар сөздерді теріп жаз

1. Қырық екі аты бар,

Танысаңдар - айтыңдар.

2. Бір қарыс таяқ алдым,

Алдым да, жұмысқа салдым.

3. Темір тілді, күміс үнді.

4. Ойнақтаса қолыңда,

Із қалмайды соңында.

5 Оқушыға күнде еріп жүретін не?

Жауап үлгісі 1. Қырық екі аты бар,

Танысаңдар - айтыңдар. (Әліппе)

2. Бір қарыс таяқ алдым,

Алдым да, жұмысқа салдым. (Қалам)

3. Темір тілді, күміс үнді. (Қоңырау)

4. Ойнақтаса қолыңда,

Із қалмайды соңында. (Өшіргіш)

5. Оқушыға күнде еріп жүретін не? (Сөмке)

  1. Фрейер моделі
    Зат есім туралы мәлімет жаз. Оқушы берілген анықтаманың ережесін жазады, екіншіден сұрақтарын, үшіншіден салыстыру жасайды, ал төртінші торға мысал келтіріп жазады. Сөз тіркесі сөйлем түрінде.





  1. «Өз жұбынды тан» ойыны. Ойынның шарты:
    Мұғалім әр балаға бір кеспе береді. Кеспеде Қысқа бойланысты бір сөз ғана жазылған. Мұғалім рұқсат бергенде, оқушылар өз жұбын іздейді. Бірінші өз жұбын дұрыс тапқан балалардың кеспелердегі сөз тіркесі шығуы керек. Мысалы: Қар жауады. Мұғалім басқа жұптарды да тексереді.

далаға

Қар

Жылы киінбесең

Киім

Жылы киім

Тон

Сырғанақ

Тебу

Қалың

Шықпа

Шанамен

Сырғанау

Жамылады

киді

Жылы

тоңасың




  1. Зат есім жалғауларын қолданып, суреттер бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой.

Қосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктер

Қосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктер



  1. Семантикалық картаны толтыр. Зат есім жалғауларын дұрыс белгіле

Көптік жалғауы

Септік жалғауы

Тәуелдік жалғауы

Жіктік жалғауы

Мектепте

+

Ұстазбын

+

күнделіктер

+

оқулықтар

+

кітабы

+

сыныптың

+





  1. Үлестірме қағаздардың үлгісі
    Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалға

1-нұсқа Тәуелді септеу

(І.с.) тәрелкең...., (Б.с.) қолы..., (Ж.с.)кәмпиті..., (К.с.)әжесі..., (Ш.с.)бөлмем..., (Т.с.) дәптері....

1-нұсқа Тәуелді септеу (Жауап үлгісі)

Тәрелкеңнің, қолына, кәмпитінде, әжесімен, бөлмемнен, дәптерін.



  1. Идеялар себеті. Оқушыларды топқа бөліп, Сөйлемдер салынған себет ортаға қойылады. Зат есім жалғаулары бар сөйлемдерді жіпке іліп қой. 1- топ септік жалғауы, 2- топ тәуелдік жалғауы

Қосымша материал Үшөлшемдік әдістемелік жүйе бойынша сабақта қолданылатын көрнекіліктерҚазақстанның балығы көп. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік асқар тау, мөлдір көлдер. Неше түрлі өсімдіктер бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз.туып- өскен. Қазақстанның жері - кең-байтақ. Біз өз Отанымызды сүйеміз.



  1. Төмендегі кластер арқылы әңгіме құра

Қала



  1. «Ертегіні мазмұндау» әдісі. Оқушыға ертегіден үзінді беріледі, ертегі мазмұнына сай берілген сұрақтарға жауап бере отырып оқушы ертегіні жалғастыру керек.

Ертегі:

« Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде,Септік деген дәулетті, бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Шал үйіне келгенде қандай жағдай болды?

Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал не істейді?

Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды.Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың кесірінен нешінші ұлы өліпті?

Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» - деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен.Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан шал мұңын қалай халыққа жеткізген?

Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі

  1. Деңгейлік тапсырмалар

III деңгей 1. Сөздердің тәуелдік жалғауларын тауып, қай жақта тұрғанын анықтаңыз..

Ата-бабаларымыз, табиғаты, Отанымызды, жерің, байлығы.

2. Осы сөздермен сөз тіркестерін құраңыздар.

II деңгей 1. Мәтінді жазып, тәуелдік және септік жалғауларын белгілеңдер. Олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

I деңгей Өздерің тұратын жерлеріңнің табиғатын сипаттаңдар.

Жауап үлгісі:

III деңгей 1. Ата-бабаларымыз (1жақ көпше), табиғаты (3 жақ), Отанымызды (1 ж. көпше), жерің (2 жақ), байлығы (3 жақ).

2. Біздің ата-бабаларымыз, Отанымыздың табиғаты, сенің жерің, табиғат байлығы.

II деңгей 1. Қазақстанның балығы көп. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік асқар тау, мөлдір көлдер. Неше түрлі өсімдіктер бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз.туып- өскен. Қазақстанның жері - кең-байтақ. Біз өз Отанымызды сүйеміз.

I деңгей Өздерің тұратын жерлеріңнің табиғатын сипаттаңдар.

  1. 1. Ашық тест сұрақтарына жауап беру.

1«Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с. С) Б.с.

В) І.с. Д) Ж.с.

  1. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А) Оқушы С) Оқушының

В) Оқушыға Д) Оқушыға

3.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) Кімге? Неге? Қайда? С) Кімге, Кімді? Нені?

В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен?

4.Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті С) да, -де, -та, -те

В) -да, -де, -та, -те Д) -мен, -бен, -пен

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде С) мектеппен

В) далаға Д) мектептен

2. Жабық тест сұрақтары.

1. Зат есім дегеніміз….....................

2. Тәуелдік жалғауларын жаз.........

3. Шығыс септіктің сұрақтары...........

4. Көптік жалғауларының жасалуын түсіндіру.........



© 2010-2022