Оқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі тақырыбындағы коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг-семинардың жоспары

/өткізген: Г.Мамбетрзаева/

Тақырыбы: Оқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі
Мақсаты: бағдарлама барысы туралы ой қозғап, жаңашылдыққа бастау

Күтілетін нәтиже: 7 модуль аясында түсінік қалыптастырады

Түйінді идеялар: Модуль бойынша мұғалімдерді жаңашылдыққа тарту. Топпен, жұппен немесе жекелей жұмыстар жасата отырып, оқу мен оқыту үдерісіне өзгеріс енгізуге ықпал ету.
Ресурстар: Мұғалімге арналған нұсқаулық (ІІ деңгей), Үлестірме материалдар (екінші апта), маркер, стикер, А3, А4 форматты қағаздар

Коучинг барысындағы коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері

Сәлемдесу. Коучингтің тақырыбын, мақсатын түсіндіреді .

Сергіту сәті «Бүгінгі жаңалығым» ойынын ойнатады. Коучингке қатысушылар қол ұстасып, шеңбер болып тұрады да, бүгінгі жаңалығы туралы айтады. Ойын осылайша шеңбер бойынша жалғаса береді.
Топқа бөлу Әннің (ұстаз туралы өлеңдердің шумақтарын құрастыру) сөздері жазылған қиықшаларды қатысушыларға таратып береді. Әннің сөздері жазылған қиықшалар арқылы 3 топқа бөлініп отырады.

І топ
ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым бар сенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.

ІІ топ
тұлғаңды арманыма ұстатқаным,

Бейнеңдң көңіліме қыстатқаным.

Ең алғаш әліппені жаттатқызып

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

ІІІ топ
Жүрегің дархан

Өзіңнің арқаң

Биікке шықсам

Егер мен.

«Миға шабуыл»

«Коучинг» деген не? Кім қалай түсінеді?

«Мен ешкімді ештеңеге үйрете алмаймын, мен тек ойланта аламын » грек философы Сократ.

Коуч - маман , кәсіби білімін жақсартатын әріптестерге көмектесетін эксперт.

Коучинг - \сөзбе сөз дайындау, жаттықтыру\ оңаша, креативті, белсенді және әріптестердің өзара қарым қатынас құру үдерісі.

Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен өзара байланысты: коучинг нақты тақырыптық контексте кәсіби мүмкіндіктерді ашуға бағыттайды, тәлімгерлікте - әріптесіне жүйелі түрде қолдау көрсетеді. \Глоссарий, 2012\

Бағдарламаның 7 модуль бойынша оқытылып жатқанын білеміз. Ендеше, сол модулдерді топтық, жұптық, ашық сұрақ, т.б. әдістер арқылы саралап көрейік.

Ашық сұрақтар:

Біз сабақты қалай өткіземіз? Қандай жағдайда оқушылардың оқу сапасы көтеріледі? Сабағымызда қандай әдіс тәсілдерді пайдаланамыз?

Сонымен бірінші модуль «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»

Слайд көрсету арқылы сыни ойлауға жетелеп, екінші модульді анықтайды.

Постер қорғау. Әр топқа «формативті», «суммативті», «критериалды» деген термин сөздердің мағынасын ашу тапсырылып, өз ойларын қорғайды. Үшінші модуль «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Сергіту сәті

Әр топтан 3мұғалім шығарып, «Бәрін білгім келеді» ойынына қатыстыру. Төртінші модуль «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану».

Топ мүшелері ақ параққа бір бір сөйлем жазады, бір бірімен алмастырады. Бірінші топ рэп, екінші топ терме, үшінші топ эстрада бойынша өлеңдер айтады. Бесінші модуль «Талантты және дарынды балаларды оқыту».

Түрткі сұрақтар: балаларды 1 жастан 18 жасқа дейін неше кезеңге бөліп қарастыруға болады? Олардың білім деңгейлерінде өзгешеліктер бола ма?

Мысалы, 4кл оқушысы сын есімнің сұрақтарын біледі, 7 кл оқушысы оның түрленетінін біледі.Алтыншы модуль «Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту».

Видео материал бойынша өз ойларын айтады. Тест сұрақтарына жауап беру арқылы өздерінің қаншалықты көшбасшы екенін анықтайды. Жетінші модуль «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».

РЕФЛЕКСИЯ «Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін

  • Не себепті қиын болды?

  • Коучингтен нені білдім,қандай жаңа нәрсе үйрендім?

  • Бүгінгі коучингтен не алдыңыз?

  • Коучинг сіздерге қандай ой тастады?



«Оқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі»

тақырыбындағы коучингте коуч пен әріптестердің әрекеттері


Оқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі тақырыбындағы коучинг жоспарыОқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі тақырыбындағы коучинг жоспарыОқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі тақырыбындағы коучинг жоспары


Оқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі тақырыбындағы коучинг жоспары Оқыту мен оқуда жеті модульдің тиімділігі тақырыбындағы коучинг жоспары





© 2010-2022