Ашық сабақ. Би көріністері. 2сынып

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Би көріністері» атты концерттік бағдарлама

Тақырыбы: «Би көріністері»

Мақсаты: Би сабақтары туралы түсінік беру

Уақыты: 09:30

Жауапты: Н.Нұрымбетова

Сыныбы: Хореография

Көрнекілігі: гүлдер, плакаттар, фортепиано

Кештің жоспары: 1.Ұйымдастыру

2.Би туралы түсінік беру

3.Концерттік бағдарлама

4.Қорытындылау

Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!

Хореография бөлімінің ұйымдастыруымен «Би көріністері» атты кешімізше қош келдіңіздер!

Бұл кешіміздің мақсаты мұғалімдерге, оқушыларға, ата - аналарға би сабақтары туралы түсінік беру. Оқушыларды өнерге, мәдениеттілікке, әдептілікке баулу, білім шеберлігін арттыру. Мектебімізде би сыныбы 7 жыл оқытылады.

1 сыныпта «Ырғақ би» сабағы

2 сыныпта «классикалық және балдық би» сабағы

3 сыныптан - 7 сыныпқа дейін «классика, балдық, халықтық - сахналық би» сабақтары өтеді. Сонымен қатар, 1 сыныптан - 6 сыныпқа дейін музыка сауаты пәні өтеді. Бұл пәнде оқушының тыңдау, ырғақты түсінуі, ноталарды тану, өлшеп санап үйрену сауатын ашады. Би сабағында міндетті түрде форма сақталып, тазалық талап етіледі.

1 сыныпта «Ырғақ би» сабағы баланы музыка тыңдауға, ырғақты сезініп, мәнерлі қимыл - қозғалыс жасай білуге тәрбиелеп, дене бітімінің сымбатты болып өсуіне жол ашады.

Қазіргі би ырғақтарын меңгеріп, машықтану баланың талғамын арттырып, дүниетанымын кеңейте түседі. Музыка әуені мен ырғағына қосылып би билеу, баланың денсаулығына да пайдалы әсер еьіп, оны дөрекі, жағымсыз әдеттерден сақтандырады.

Сонымен қатар, ырғақ би сабағында тек қана дене жаттығулары ғана емес, жануарлардың, жәндіктердің, құстардың қимыл әрекеттерін би арқылы көрсетеміз, саппен жүру, шеңберде жүру қимылдарын марш жүрісі, жеңіл секіріп жүру арқылы көрсетіп жалғастырып отырамыз. Сөзімді қорытындылай келе ырғақ биді - «бидің әліппесі» деп айтуға болады. Классикалық биге тоқталатын болсақ, классикалық би - балдық және халықтық-саханлық билерге қарағанда, көрсететін қимылды артық оған қимылсыз, нақты әдемі, иіліп көрсете білу, яғни бір сөзбен айтқан «үлгілі» би деп айтуға болады.

«Балет» - деген сөздің латынның «pollo»- «білмеймін» деген сөзінен шыққан. Классикалық бидің де өзіне тән заңдылығы: денені әдемі, тік ұстай білу оның көрсететін қимылын нәзіктікпен бет жүзінен мейірімділік пен әсемдікті, нақты көрсете білу. Классикалық бидегі кездесетін қимылдардың да өз ерекшелігі, заңдылығы бар. Мысалы: «Рондожанпартер» еденді аяқтың ұшымен әдемілеп дөңлете сызу.

«Арабеска» - құс кейпінде тұрып, нәзікте, әдемі ұша білу, тағы да басқа сол сияқты қимылдардың өзіндік заңдылығы бар.

«Халықтық - сахналық би» - әр халықтың ұлттық ерекшелігіне қарай өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әр түрлі болып келеді. Әр халықтың белгілі бір ережелерге бағындырған әсем де, сүйкімді нәзік қимылдарынан келіп би туындайды, сөйтіп жинақтап уақыт таразысынан өте бүкіл жер халықтарында көркем би өнерінің белгілі бір қағидалары мен ережелерге сүйенген заңы қалыптасты.

«Балдық би» - би халыққа кеңінен тараған және сүйікті билерінің бірі. «Балдық би» бидің түрлерімен тығыз байланысты, яғни халықтық би арқылы дүниеге келген. Европаны балдық бидің «отаны» деп атайды. Балдық бидің өзін бірнеше топқа бөлуге болады. Тарихи - тұрмыстық балдық би, тәуелсіз мемлекеттердің балдық биі, Европалық балдық би, латын америкалық балдық би. Осының ішіндегісі тәуелсіз мемлекеттердің балдық биіне вальсті жатқызамыз. Вальсті жұптасып билейтін би және балдық бидің «атасы» деп атауға болады.

«Вальс» билерінде жәй, жылдам, көңілді, көңілсіз деп бөлуге болады. Бұл бидің де өз топтарына қарай сақталатын ерекшеліктері бар. Вальс биіне тоқталатын болсақ, жұбымен бірге сол және оң жаққа қадам басып, оң және сол жаққа айналымдармен бірге үлкен би кештерінде залда үйретілген қалып бойынша айналып өту.

Әдемі билеп қозғалу - бұл өзін жоғары санау емес, өзін ортада әдепті, мұқият, өзінің қасындағы адамды сыйлауға үйрету заңдалығы деп есептеледі.

Биле, биле құйындайын дөңгелеп,

Аққудайын ақ айдында көлбеген.

Жастығың асау отты шарпыған,

Шіркін, неткен ғажап едің би деген - дей отырып, би сыныбының оқушыларының орындауында би сабақтарынан көріністі тамашалаңыздар!

  1. Классикалық би - 2 сынып, мұғ. Нұрымбетова Н

  2. Халықтық би - 6 сынып, мұғ. Қалбаева Р

  3. Балдық би - 4 сынып, мұғ. Қалбаева Р

  4. Халықтық - саханлық би - 6 сынып, мұғ. Қалбаева Р

  5. Балдық би - 5 сынып, мұғ. Қанатова Г

  6. Халықтық би - 7 сынып, мұғ. Қанатова Г

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Осымен «Би көрінісі» атты кешімізді аяқтаймыз. Көріп, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!

© 2010-2022